Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Мемлекеттік мүлік" туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативтері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың уәкілетті органдары жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейінгі мерзімде "Меркі ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне алдағы үшжылдық кезеңге арналған аудандық бюджетке аударылуы тиіс таза табыстың бір бөлігінің болжамды сомаларын, сондай-ақ есепті жылы аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың аудандық бюджетке аударған таза табысының мөлшерін берсін.
3. "Меркі ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қамбар Атыханұлы Смайловқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Көпбосынов |
Меркі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "27" ақпандағы № 94 қаулысына қосымша |