Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативтерін белгілеу туралы

Жаңа

Меркі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 94 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 наурызда № 2585 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Мемлекеттік мүлік" туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативтері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың уәкілетті органдары жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейінгі мерзімде "Меркі ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне алдағы үшжылдық кезеңге арналған аудандық бюджетке аударылуы тиіс таза табыстың бір бөлігінің болжамды сомаларын, сондай-ақ есепті жылы аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың аудандық бюджетке аударған таза табысының мөлшерін берсін.
      3. "Меркі ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қамбар Атыханұлы Смайловқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Көпбосынов

  Меркі ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "27" ақпандағы
№ 94 қаулысына қосымша

Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативтері

      Аудандық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудандық бюджетке аудару нормативі былайша айқындалады:

Таза табыс 3 000 000 теңгеге дейін
Таза табыс сомасынан 5 пайыз
Таза табыс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін
150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 10 пайыз
Таза табыс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін
4 850 000 + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 15 пайыз
Таза табыс 250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін
34 850 000 + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 25 пайыз
Таза табыс 500 000 001 теңгеден 1 000 000 000 теңгеге дейін
97 350 000 + 500 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 30 пайыз
Таза табыс 1 000 000 001 теңге және одан жоғары
247 350 000 + 1 000 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 50 пайыз

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады