РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23 бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабына сәйкес аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Сайлау учаскелерін құру туралы" Мойынқұм ауданы әкімінің 2014 жылғы 28 ақпандағы № 1 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2132 тіркелген, аудандық "Мойынқұм таңы" газетінде 2014 жылы 1 сәуірде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімнің Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Оразымбетов Сәбит Мәденұлына жүктелсін.
4. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Нүркенов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Жамбыл облыстық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
М. Сарыбеков
"15" желтоқсан 2015 жыл
Мойынқұм ауданы әкімінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 6 шешіміне қосымша |