Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20-бабына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында, Талас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2015 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Талас ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 546 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2465 болып тіркелген, 2015 жылдың 18 ақпанында № 22 "Талас тынысы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
Аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы қаулы әділет органдарында белгіленген тәртіппен тіркелсін және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 1 мамырынан туындайтын қатынастарға таралады.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғалым Тамабекұлы Қартабаевқа жүктелсін.
Аудан әкімі | Б. Рысмендиев |
"2015 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Талас ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №546 қаулысына өзгеріс пен
толықтырулар енгізу туралы Талас ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі №197 қаулысына келісім парағы
КЕЛІСІЛДІ:
"Халыққа қызмет көрсету
орталығы" республикалық
мемлекеттік кәсіпорны Талас
аудандық бөлімінің басшысы
А. Рымтай
"29" сәуір 2015 ж.
Сот актілерін орындау бойынша
Талас аудандық аумақтық
бөлімінің басшыысы
С. Қапсалаңов
"29" сәуір 2015 ж.
"Жылжымайтын мүлік орталығы"
шаруашылық жүргізу құқығындағы
республикалық мемлекеттік
кәсіпорны Талас аудандық
бөлімшесінің басшысы
Т. Қапсалаңов
"29" сәуір 2015 ж.
Қазпошта акционерлік қоғамы
Жамбыл облыстық филиалы
Талас аудандық пошта байланыс
торабының басшысы
Р. Бекішова
"29" сәуір 2015 ж.
Талас ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "29" сәуірдегі № 197 қаулысына қосымша |