2015 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Жамбыл облысы Талас аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 546 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 қаңтарда № 2465 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20-бабына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысына сәйкес, жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында, Талас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері бекітілсін, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс айқындалсын.
      2. "Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғалым Тамабекұлы Қартабаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 5 қаңтарынан туындайтын қатынастарға таралады.
      Аудан әкімі Б. Рысмендиев

      КЕЛІСІЛДІ
      "Жамбыл облыстық ішкі істер
      департаментінің Талас аудандық
      ішкі істер бөлімі"мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      А. Айхимбеков
      "23" желтоқсан 2014 ж.
      Қазақстан Республикасы қорғаныс
      министрлігінің "Жамбыл облысы
      Қаратау қаласының қорғаныс
      істері жөніндегі біріктірілген
      бөлімі" Республикалық мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      К. Симтиков
      "23" желтоқсан 2014 ж.
      Қазақстан Республикасы Әділет
      министрлігі Жамбыл облысының
      Әділет департаменті Талас ауданының
      Әділет басқармасы мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      Р. Өміралиев
      "23" желтоқсан 2014 ж.
      Талас аудандық Сотының
      төрағасы
      Ж. Джумабеков
      "23" желтоқсан 2014 ж.

  Талас ауданы әкімдігінің
2014 жылғы "23" желтоқсандағы
№ 546 қаулысына қосымша

Ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс

      Ескерту. 1–қосымша жаңа редакцияда - Жамбыл облысы Талас аудандық әкімдігінің 29.04.2015 № 197 қаулысымен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 1 мамырынан туындайтын қатынастарға таралады).


Ұйымның атауы
Қоғамдық жұмыстардың түрлері
Көлемі мен нақты жағдайлары
Қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көздері (теңге)
Сұраныс
Ұсыныс
1
"Таза қала-Қаратау" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Қала аймағын санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру
Толық жұмыс күні жағдайында және икемді кесте бойынша

40000

Жергілікті бюджет

3

3

2
"Талас ауданы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мәдениет кешені" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
"Орталық саябақ" пен "Ақжелкен" жазғы жүзу бассейнінде қосалқы жұмыстар жасау, санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру
Толық жұмыс күні жағдайында және икемді кесте бойынша

40000

Жергілікті бюджет

3

3

3
"Талас ауданы әкімдігі білім бөлімінің
"Жұрындысай балалар сауықтыру лагері" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
"Жұрындысай" балалар сауықтыру лагерінде қосалқы жұмыстар жасау, санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру
Толық жұмыс күні жағдайында және икемді кесте бойынша

40000

Жергілікті бюджет

5

5

4
"Талас ауданы Қаратау қаласы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қала тұрғындарына, пәтер иелеріне коммуналдық қызмет көрсету
Толық жұмыс күні жағдайында және икемді кесте бойынша

40000

Жергілікті бюджет

2

2

5
"Талас ауданы Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ауылдық округтің аймағын санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру
Толық жұмыс күні жағдайында және икемді кесте бойынша

40000

Жергілікті бюджет

2

2

6
"Талас ауданы Берікқара ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ауылдық округтің аймағын санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру
Толық жұмыс күні жағдайында және икемді кесте бойынша

40000

Жергілікті бюджет

2

2

7
"Талас ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Құжаттарды рәсімдеуге техникалық көмек көрсету
Толық жұмыс күні жағдайында және икемді кесте бойынша

40000

Жергілікті бюджет

1

1

8
"Талас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Құжаттарды рәсімдеуге техникалық көмек көрсету
Толық жұмыс күні жағдайында және икемді кесте бойынша

40000

Жергілікті бюджет

1

1

9
"Халыққа қызмет көрсету
орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Талас
аудандық бөлімі
Құжаттарды рәсімдеуге техникалық көмек көрсету
Толық жұмыс күні жағдайында және икемді кесте бойынша

40000

Жергілікті бюджет

2

2

10
"Жылжымайтын мүлік орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік мекемесінің Талас аудандық бөлімшесі
Құжаттарды рәсімдеуге техникалық көмек көрсету
Толық жұмыс күні жағдайында және икемді кесте бойынша

40000

Жергілікті бюджет

1

1

11
"Талас ауданы әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің "Талас аудандық бизнес-инкубаторы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Құжаттарды рәсімдеуге техникалық көмек көрсету
Толық жұмыс күні жағдайында және икемді кесте бойынша

40000

Жергілікті бюдже

2

2

12
"Қазпошта акционерлік қоғамы Жамбыл облыстық филиалының "Талас аудандық пошта байланыс торабы"
Құжаттарды рәсімдеуге техникалық көмек көрсету
Толық жұмыс күні жағдайында және икемді кесте бойынша

40000

Жергілікті бюдже

1

1

13
Жамбыл облысы Әділет департаментінің "Сот актілерін орындау бойынша "Талас аудандық аумақтық бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Құжаттарды рәсімдеуге техникалық көмек көрсету
Толық жұмыс күні жағдайында және икемді кесте бойынша

40000

Жергілікті бюдже

2

2

 
Барлығы:
 
 

27

27

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады