РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Талас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Талас ауданы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы" Талас ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 265 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2300 болып тіркелген, 2014 жылдың 10 қыркүйегінде № 85 "Талас тынысы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Аталған қаулымен бекітілген Талас ауданы әкімдігінің Регламентінде:
24 тармақтың 1 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Әзiрлеушi осы жобаны қабылдау қажеттiлiгiн, ол қабылданған жағдайда, әлеуметтiк-экономикалықсалдарын, оны iске асырумен байланысты болжанып отырған қаржы шығыстары негізделген түсiндiрме жазбаны, сондай-ақ бұл мәселе бойынша бұрын әкiмдіктің және әкiмнiң қандай актiлерi қабылданғаны және олардың қалай орындалғаны туралы мәлiметтердi, ал нормативтік құқықтық актілер жобалары бойынша сонымен бірге жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актіге оның жобасы интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғанын (таратылғанын) растайтын құжаттың және сараптамалық қорытынды көшірмесін; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тиісті сараптамалық қорытындылар көшірмесін мiндеттi түрде жобаға қоса бередi".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Ұлан Бауыржанұлы Алтынкоповқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | Ғ. Қартабаев |