"Талас ауданы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы" Талас ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 265 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Талас аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 429 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 6 қарашадағы № 2815 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінң 2017 жылғы 18 сәуірдегі № 125 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінң 18.04.2017 № 125 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Талас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Талас ауданы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы" Талас ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 265 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2300 болып тіркелген, 2014 жылдың 10 қыркүйегінде № 85 "Талас тынысы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      Аталған қаулымен бекітілген Талас ауданы әкімдігінің Регламентінде:
      24 тармақтың 1 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "24. Әзiрлеушi осы жобаны қабылдау қажеттiлiгiн, ол қабылданған жағдайда, әлеуметтiк-экономикалықсалдарын, оны iске асырумен байланысты болжанып отырған қаржы шығыстары негізделген түсiндiрме жазбаны, сондай-ақ бұл мәселе бойынша бұрын әкiмдіктің және әкiмнiң қандай актiлерi қабылданғаны және олардың қалай орындалғаны туралы мәлiметтердi, ал нормативтік құқықтық актілер жобалары бойынша сонымен бірге жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актіге оның жобасы интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғанын (таратылғанын) растайтын құжаттың және сараптамалық қорытынды көшірмесін; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тиісті сараптамалық қорытындылар көшірмесін мiндеттi түрде жобаға қоса бередi".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Ұлан Бауыржанұлы Алтынкоповқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы Ғ. Қартабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады