Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Шу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шу ауданы бойынша 2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өіме қалдырамын.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы |
Е. Аймамбетов |
Шу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы "29" қаңтар №18 қаулысына қосымша |