Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6, 31 баптарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2015 жылдың 3 шілдедегі қорытындысын және қала тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шу қаласындағы "Красноармейская" көшесі Қали Үсенбаевтың есімімен қайта аталсын.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени саланы, денсаулық сақтау, білім, қоғамдық және жастар ұйымдарымен байланысты дамыту, аймақты, энергетика, байланыс, әкімшілік-аумақтық құрылымды дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына және аудан әкімінің орынбасары Ә. Балқыбековке жүктелсін.
3. Осы бірлескен шешім мен қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Сессия төрағасы, |
Р. Дәулет | мәслихат хатшысы |
Б. Саудабаев |