Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беретін комиссияның қызметі мен құрамын айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 ақпанда № 10288 тіркелді

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 30.06.2016 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 84-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беретін комиссияның қызметі мен құрамын айқындаудың қағидалары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 30.06.2016 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (3. Оразалиева):
      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Сәрінжіпов

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 16 қаңтардағы
№ 13 бұйрығымен     
бекітілген       

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беретін комиссияның қызметі мен құрамын айқындаудың қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 30.06.2016 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беретін комиссия (бұдан әрі – комиссия) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алу саласындағы мемлекеттiк саясатты іске асыру жөніндегі атқарушы органдардың келісілген іс-қимылын қамтамасыз ету үшін құрылған, тұрақты жұмыс істейтін болып табылады.
      2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (бұдан әрі – Кодекс), осы Қағидаларды, «Мемлекеттік қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысын (бұдан әрі – Қаулы), сондай-ақ «Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алады.
      3. Комиссияның негізгі функциялары:
      1) Қаулыға сәйкес қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарды (бұдан әрі – орган) балаларды қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа отбасына, патронаттық тәрбиеге не баланы қабылдайтын отбасыға орналастыру бойынша қолданылған шаралары туралы тыңдау;
      2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды (бұдан әрі – балалар) асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды дайындау болып табылады.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 30.06.2016 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      4. Ауданның, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім беру саласындағы уәкілетті органының басшысы (басшының орынбасары) комиссия төрағасы болып табылады.
      Комиссия төрағасы комиссия қызметіне басшылық жасайды, комиссия отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды.
      5. Комиссия ауданның, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының жанынан құрылады.
      Облыстың білім басқармасының, ауданның, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім бөлімінің басшысы (комиссия төрағасы), қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын маман (комиссия хатшысы), жергілікті атқарушы органдарының, ішкі істер органдарының және балалардың құқықтарын қорғау мәселелерімен айналысатын үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері комиссияға кіреді.
      Комиссия мүшелері комиссия отырыстарына алмасу құқығынсыз қатысады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 30.06.2016 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      6. Комиссия жұмысының регламентін оның төрағасы бекітеді.
      Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ айына кемінде бір рет өткізіледі және оған мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып саналады.
      7. Комиссияда қарауға жататын құжаттарды (баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, баланың әлеуметтік жағдайын растайтын құжаттар, он жасқа толған баланың асырап алуға келісім беруі туралы өтініші) ауданның, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың органы дайындайды және олар түскен сәттен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.
      Комиссия қарауына түскен материалдардың уақтылы және сапалы қаралуын қамтамасыз ету мақсатында комиссия төрағасы мен мүшелері оларды жеті жұмыс күні ішінде алдын ала зерделейді.
      Қарауға түскен материалдарды алдын ала зерделеу процесінде комиссия:
      комиссия отырысына шақырып алынуға немесе шақырылуға жататын адамдар тобын;
      материалдардың уақтылы және дұрыс қаралуы үшін маңызы бар мән-жайларды қосымша тексеруден өткізу, сондай-ақ қосымша материалдарды талап ету қажеттігін айқындайды.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 30.06.2016 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      8. Комиссия отырысында хаттама жүргізіледі. Хаттамада отырыстың өтетін уақыты мен орны, комиссия құрамы, қаралуға жататын баланың аты, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қабылданған шешім көрсетіледі.
      9. Асырап алудың бала мүддесіне сәйкес келетіні не сәйкес келмейтіні туралы комиссияның шешімі отырысқа қатысып отырған оның мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады.
      10. Комиссия қабылдаған шешім осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды нысанда (бұдан әрі - қорытынды) ресімделеді.
      Қорытынды көшірмесі үш жұмыс күні ішінде органға жіберіледі.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 30.06.2016 № 415 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      11. Комиссия қызметін ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді ауданның, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 16 қаңтардағы  
№ 13 бұйрығымен бекітілген 
Қазақстан Республикасының  
азаматтары болып табылатын 
балаларды асырап алуға беру
туралы рұқсат беру мүмкіндігі
(мүмкін еместігі) туралы   
қорытынды беретін комиссия 
қызметінің қағидаларына  
қосымша         

нысан

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 20.07.2015 № 465 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды
      асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін
еместігі) туралы қорытынды

      20__ жылы «___»______________               № _____

      Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды
асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі)
туралы қорытынды беретін комиссия ___________________________________
_____________________________________________________________________
       (т.а.ж. (бар болған жағдайда), туған күні, тұратын жері)
құжаттарын қарап
Баланың әлеуметтік жағдайы, астын сызып көрсету (жетім, ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған): _____________________________________________
Ата-анасы туралы мәлімет:
Анасы: ______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (т.а.ж. (бар болған жағдайда), туған күні, жоқ болу себебі:
    қайтыс болуы, ата-ана құқықтарынан айырылуы, сотталуы және т.б.)
Әкесі: ______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (т.а.ж. (бар болған жағдайда), туған күні, жоқ болу себебі:
     қайтыс болуы, ата-ана құқықтарынан айырылуы, сотталуы және т.б.)
Баланың аға-інілері мен апа-сіңлілері
_____________________________________________________________________
      (туған күні, т.а.ж. (бар болған жағдайда), тұратын жері)
Жақын туыстары (аталары, әжелері, ағалары, тәтелері)
_____________________________________________________________________
      (туған күні, т.а.ж. (бар болған жағдайда), тұратын жері)
Олар бала орналасқан ұйым әкімшілігімен байланыс жасап тұрады ма
_____________________________________________________________________
Қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын
органының Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан
Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының
азаматтарының отбасыларына тәрбиеге беруге қолданылған шаралар туралы
ақпараты
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Комиссия отырысының хаттамасына және «Неке (ерлі-зайыптылық) және
отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 84-бабының
7) тармақшасына сәйкес ______________________________________________
_____________________________________________________________________
___________________________________________________ қорытынды шығарды
(Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды
асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі)
                               туралы)

      Комиссия төрағасы _____________________________________________
                           (қолы, т.а.ж. (бар болған жағдайда))

Об утверждении Правил деятельности и определения состава комиссии, выдающей заключение о возможности (невозможности) выдачи разрешения о передаче детей, являющихся гражданами Республики Казахстан, на усыновление

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 16 января 2015 года № 13. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 февраля 2015 года № 10288

      Сноска. Заголовок приказа в редакции приказа Министра образования и науки РК от 30.06.2016 № 415 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 8 статьи 84 Кодекса Республики Казахстан от 26 декабря 2011 года «О браке (супружестве) и семье» ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила деятельности и определения состава комиссии, выдающей заключение о возможности (невозможности) выдачи разрешения о передаче детей, являющихся гражданами Республики Казахстан, на усыновление.
      Сноска. Пункт 1 в редакции приказа Министра образования и науки РК от 30.06.2016 № 415 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).
      2. Комитету по охране прав детей Министерства образования и науки Республики Казахстан (Оразалиева З.) обеспечить:
      1) в установленном порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе «Әділет»;
      3) размещение настоящего приказа на официальном интернет–ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра образования и науки Республики Казахстан Е.Н. Имангалиева.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

      Министр                                    А. Саринжипов

Утверждены        
приказом Министра     
образования и науки    
Республики Казахстан    
16 января 2015 года № 13  

Правила
деятельности и определения состава комиссии,
выдающей заключение о возможности (невозможности)
выдачи разрешения о передаче детей, являющихся
гражданами Республики Казахстан, на усыновление

      Сноска. Заголовок в редакции приказа Министра образования и науки РК от 30.06.2016 № 415 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

      1. Комиссия, выдающая заключение о возможности (невозможности) выдачи разрешения о передаче детей, являющихся гражданами Республики Казахстан, на усыновление (далее – комиссия), является постоянно действующей, образованной для обеспечения согласованных действий исполнительных органов по реализации государственной политики в области усыновления детей, являющихся гражданами Республики Казахстан.
      2. Комиссия в своей деятельности руководствуется Конституцией Республики Казахстан, Кодексом Республики Казахстан «О браке (супружестве) и семье» (далее – Кодекс), настоящими Правилами, постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 марта 2012 года № 382 «Об утверждении Правил осуществления функций государства по опеке и попечительству» (далее – Постановление), а также Законом Республики Казахстан «О ратификации Конвенции о защите детей и сотрудничестве в отношении иностранного усыновления».
      3. Основными функциями комиссии являются:
      1) заслушивание органов, осуществляющих функции по опеке и попечительству (далее – орган) в соответствии с Постановлением о предпринятых мерах по устройству детей в семьи на усыновление, под опеку или попечительство, на патронатное воспитание либо в приемную семью;
      2) подготовка заключения о возможности (невозможности) выдачи разрешения о передаче детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, (далее – дети) на усыновление.
      Сноска. Пункт 3 в редакции приказа Министра образования и науки РК от 30.06.2016 № 415 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).
      4. Председателем комиссии является руководитель (заместитель руководителя) управления образования области, отдела образования района, города областного, республиканского значения, столицы.
      Председатель комиссии руководит деятельностью комиссии, председательствует на заседаниях комиссии, планирует ее работу.
      5. Комиссия создается при местных исполнительных органах района, города областного, республиканского значения, столицы.
      В комиссию входят руководитель управления образования области, отдела образования района, города областного, республиканского значения, столицы (председатель комиссии), специалист, осуществляющий функции по опеке и попечительству (секретарь комиссии), представители местных исполнительных органов, органов внутренних дел и неправительственных организаций, занимающихся вопросами защиты прав детей.
      Члены комиссии принимают участие в заседаниях комиссии без права замены.
      Сноска. Пункт 5 в редакции приказа Министра образования и науки РК от 30.06.2016 № 415 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).
      6. Регламент работы комиссии утверждается ее председателем.
      Заседания комиссии проводятся по мере необходимости, но не реже одного раза в месяц, и считаются правомочными, если на них присутствуют не менее двух третей ее членов.
      7. Документы (копия свидетельства о рождении ребенка, документы, подтверждающие социальный статус ребенка, заявлениеребенка, достигшего возраста десяти лет о согласии на усыновление), подлежащие рассмотрению на комиссии, готовятся органом района, города областного, республиканского значения, столицы и рассматриваются в течение десяти рабочих дней с момента их поступления.
      В целях обеспечения своевременного и качественного рассмотрения материалов, поступивших на рассмотрение комиссии, они предварительно изучаются в течение семи рабочих дней председателем и членами комиссии.
      В процессе предварительного изучения поступивших на рассмотрение материалов комиссия определяет:
      круг лиц, подлежащих вызову или приглашению на заседание комиссии;
      необходимость проведения дополнительной проверки обстоятельств, имеющих значение для правильного и своевременного рассмотрения материалов, а также истребования дополнительных материалов.
      Сноска. Пункт 7 в редакции приказа Министра образования и науки РК от 30.06.2016 № 415 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).
      8. На заседании комиссии ведется протокол. В протоколе отражаются время и место заседания, состав комиссии, фамилия, имя, отчество (при его наличии) ребенка, подлежащего рассмотрению, принятое решение.
      9. Решение комиссии о соответствии или несоответствии усыновления интересам ребенка принимается большинством голосов присутствующих на заседании ее членов. При равенстве голосов решающим является голос председателя комиссии.
      10. Принятое решение комиссии оформляется в форме заключения о возможности (невозможности) выдачи разрешения о передаче детей, являющихся гражданами Республики Казахстан, на усыновление согласно приложению к настоящим Правилам (далее – заключение).
      Копия заключения в течение трех рабочих дней направляется в орган.
      Сноска. Пункт 10 в редакции приказа Министра образования и науки РК от 30.06.2016 № 415 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).
      11. Организационно-техническое обеспечение деятельности комиссии осуществляет местный исполнительный орган района, города областного, республиканского значения, столицы.

Приложение          
к Правилам деятельности комиссии,
выдающей заключение о возможности
(невозможности) выдачи разрешения
о передаче детей, являющихся
гражданами Республики Казахстан,
на усыновление       

      Примечание РЦПИ!
      Приложение на государственном языке изложено в новой редакции, текст на русском языке не изменяется, в соответствии с приказом Министра образования и науки РК от 20.07.2015 № 465 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

Форма                 

                                Заключение
      о возможности (невозможности) выдачи разрешения о передаче
           детей, являющихся гражданами Республики Казахстан,
                             на усыновление

№_____ от «___» ______________ 20__ года

      Комиссия, выдающая заключение о возможности (невозможности)
выдачи разрешения о передачи детей, являющихся гражданами Республики
Казахстан, на усыновление, рассмотрев документы ____________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(ф.и.о. (при его наличии), дата рождения ребенка, местонахождение)

Социальный статус ребенка, подчеркнуть (сирота, остался без попечения
родителей): ________________________________________________________
Сведения о родителях:
Мать: ______________________________________________________________
____________________________________________________________________
   (ф.и.о. (при его наличии), дата рождения, причины отсутствия:
     смерть, лишение родительских прав, осуждение и так далее)
Отец: ______________________________________________________________
____________________________________________________________________
   (ф.и.о. (при его наличии), дата рождения, причины отсутствия:
      смерть, лишение родительских прав, осуждение и так далее)
Братья, сестры ребенка
____________________________________________________________________
      (дата рождения, ф.и.о.(при его наличии), местонахождение)
Близкие родственники ребенка (дедушки, бабушки, дяди, тети)
____________________________________________________________________
           (дата рождения, ф.и.о. (при его наличии))
Поддерживают ли они связь с администрацией учреждения, где находится
ребенок
____________________________________________________________________
Информация о мерах, предпринятых органами, осуществляющими функции
по опеке и попечительству, по устройству ребенка, оставшегося без
попечения родителей, на воспитание в семью граждан Республики
Казахстан, постоянно проживающих на территории Республики Казахстан
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      В соответствии с протоколом заседания комиссии и подпунктом 7
статьи 84 Кодекса Республики Казахстан «О браке (супружестве) и семье»
комиссия вынесла заключение ________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(о возможности (невозможности) выдачи разрешения о передаче ребенка,
являющегося гражданином (кой) Республики Казахстан, на усыновление
(удочерение))

      Председатель комиссии _____________________________________
                              (подпись, Ф.И.О.(при его наличии))