Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 29.12.2021 № 614 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған бiлiм беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгiлік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 229 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8544 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2013 жылғы 4 қыркүйектегі № 203 (28142) санында жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген отбасы үлгісіндегі балалар үйі қызметінің үлгілік қағидаларында:
18-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"11) Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және асырап алуға жататын балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 16 бұйрығына сәйкес нысан бойынша балаға арналған сауалнама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10280 тіркелген)";
2) Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 29.06.2016 № 408 бұйрығымен.
3) "Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беретін комиссия қызметінің қағидаларын және құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10288 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 98 (28576) санында жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беретін комиссия қызметінің қағидаларында және құрамында:
мемлекеттік тіліндегі қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалады;
4) Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 29.06.2016 № 407 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 29.06.2016 № 407 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (З.Ж. Оразалиева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Білім және ғылым министрі | А. Сәрінжіпов |
нысан
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды
асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін
еместігі) туралы қорытынды
20__ жылы "___"______________ № _____
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды
асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі)
туралы қорытынды беретін комиссия ___________________________________
_____________________________________________________________________
(т.а.ж. (бар болған жағдайда), туған күні, тұратын жері)
құжаттарын қарап
Баланың әлеуметтік жағдайы, астын сызып көрсету (жетім, ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған): _____________________________________________
Ата-анасы туралы мәлімет:
Анасы: ______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(т.а.ж. (бар болған жағдайда), туған күні, жоқ болу себебі:
қайтыс болуы, ата-ана құқықтарынан айырылуы, сотталуы және т.б.)
Әкесі: ______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(т.а.ж. (бар болған жағдайда), туған күні, жоқ болу себебі:
қайтыс болуы, ата-ана құқықтарынан айырылуы, сотталуы және т.б.)
Баланың аға-інілері мен апа-сіңлілері
_____________________________________________________________________
(туған күні, т.а.ж. (бар болған жағдайда), тұратын жері)
Жақын туыстары (аталары, әжелері, ағалары, тәтелері)
_____________________________________________________________________
(туған күні, т.а.ж. (бар болған жағдайда), тұратын жері)
Олар бала орналасқан ұйым әкімшілігімен байланыс жасап тұрады ма
_____________________________________________________________________
Қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын
органының Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан
Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының
азаматтарының отбасыларына тәрбиеге беруге қолданылған шаралар туралы
ақпараты
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Комиссия отырысының хаттамасына және "Неке (ерлі-зайыптылық) және
отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 84-бабының
7) тармақшасына сәйкес ______________________________________________
_____________________________________________________________________
___________________________________________________ қорытынды шығарды
(Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды
асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі)
туралы)
Комиссия төрағасы _____________________________________________
(қолы, т.а.ж. (бар болған жағдайда))
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 465 бұйрығына 2-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 29.06.2016 № 407 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.