"Қарағанды облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы" мемлекеттік мекемесін құру және ережесін бекіту туралы

Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 ақпандағы № 07/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 ақпанда № 2993 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 10/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қарағанды облысы әкімдігінің 13.03.2018 № 10/01 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 1997 жылғы 16 маусымдағы " Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 1397 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысына, Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 09 қаңтардағы № 01/04 "Қарағанды облысының жергілікті мемлекеттік басқару құрылымын және атқарушы органдарының штат санының лимитін бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қарағанды облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі құрылсын.

      2. "Қарағанды облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. "Қарағанды облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Қарағанды облысы әкімдігінің "Қарағанды облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы" мемлекеттік мекемесін құру және ережесін бекіту туралы қаулысы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қарағанды облысының әкімі

Н. Әбдібеков



Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы 17 ақпандағы
№ 07/02 қаулысымен
бекітілген

"Қарағанды облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Қарағанды облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) облыс аумағының деңгейінде жұмылдыру дайындығы мен аумақтық қорғанысты қамтамасыз етуді ұйымдастыруда меншік нысанына қарамастан мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар қызметін үйлестіру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкімет актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда есеп шоттары болады.

      4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Басқарма заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Басқарма өз құзырының мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте басқарма басшысының бұйрықтары және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделенетін шешімдер қабылдайды.

      7. Басқарма құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері:

      100000, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы ауданы, Прогресс көшесі, 1.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы:

      мемлекеттік тілде – "Қарағанды облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде – государственное учреждение "Управление по мобилизационной подготовке Карагандинской области".

      10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарма қызметін қаржыландыру Қарағанды облысының бюджетінен жүзеге асырылады.

      12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілермен Басқарма функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тиым салынады.

2. Басқарманың миссиясы, негізгі мақсаты, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Басқарма миссиясы:

      жұмылдыру дайындығы, жұмылдыру және аумақтық қорғаныс саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және үйлестіру.

      14. Мақсаты:

      Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің заңнамалық, нормативтік құқылық актілерін, облыс әкімдігі және әкімінің, уәкілетті орталық атқарушы органның жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс саласындағы актілердің орындалуын қамтамасыз ету.

      15. Функциялары:

      1) облыс аумағында жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру жөніндегі іс шаралардың орындалуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

      2) бейбіт уақытта және жұмылдыру жарияланған кезде жергілікті әскери басқару органдарының жұмысына көмек көрсету, облыс аумағында әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқу жаттығуларды (жаттығуларды) өткізуге қатысу;

      3) жұмылдыру кезінде және әскери кезеңде әскери міндеттілерді облыстың жергілікті атқару органдары мен жұмылдыру тапсырыстары бар бағынышты мекемелер мен ұйымдарға бекіту, олардың жұмылдыру, әскери жағдайда және әскери уақыт кезінде үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және еңбек ресурстарын сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      4) облыс аумағында мемлекеттік органдар мен ұйымдарды жұмылдыру, әскери жағдай мен соғыс уақытына көшіру жөніндегі кешенді іс- шараларды қамтамасыз етуге қатысу;

      5) Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы жұмылдыру жоспарларын, сондай-ақ тиісті кезеңге тауарлар өндіру, қызмет көрсету мен жұмыстарды орындау жоспарларын жасауға қатысу;

      6) жұмылдыру кезінде, әскери жағдай кезеңі мен соғыс уақытында облыстың жұмылдыру дайындығы мүддесінде мемлекеттік ұйымдармен және заңды тұлғалармен (жұмылдыру тапсырыстары мен тапсырмалары бар) тауарларды өндіру, қызмет көрсету мен жұмыстарды орындауға шарттар (контракттар) жасау;

      7) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру дайындығын жетілдіру туралы ұсыныс енгізу, есептік ақпарат тапсыру;

      8) мемлекеттік органдармен бірлесе отырып экономиканы жұмылдыру жоспарларын орындауға дайындық іс-шараларды ұйымдастыру;

      9) аудандар мен облыстық мақсаттағы қалалар әкімдіктерінің жұмылдыру жоспарларын келісу;

      10) жергілікті атқару органдарының жұмылдыру саласындағы қызметкерлерінің, жұмылдыру тапсырыстары бар бағынышты мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлерін біліктілігін көтеру жөніндегі курстарда оқытуды ұйымдастыру;

      11) өз құзырының деңгейінде аумақтық шұғыл жабдықтауды және әскери инфрақұрылымды дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі іс шараларды орындауға қатысу;

      12) азаматтарды әскери қызметке шақыруды қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

      13) әскери басқарудың облыстық органын шақыру (жинау) пунктімен қамтамасыз ету, оларды дәрі-дәрмектермен, құрал-саймандармен, өртке қарсы құралдармен, медициналық және шаруашылық мүліктерімен, автомобиль көліктерімен, сондай-ақ байланыс және күзет құралдарымен қамтамасыз ету;

      14) аумақтық қорғаныс іс шараларын ұйымдастыру және іске асыру;

      15) аумақтық қорғаныс батальондарын (бригадалар) шаруашылық субъектілерінің автомобиль және арнаулы техникалармен жабдықтау жөніндегі ұсыныстарды, олар үшін азық-түлік, мүліктік және медициналық мүлік қорларын, басқа да материалдық-техникалық қорларды құру жөніндегі ұсыныстарды дайындау.

      16. Құқықтары мен міндеттері:

      Басқарма құзырына қатысты мәселелер бойынша облыстық басқармалардың, аудандық және қалалық атқару атқару органдарының, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларын (келісім бойынша) тыңдауға;

      Басқармаға жүктелген міндеттерді орындау үшін белгіленген тәртіпте облыстық мемлекеттік статистика органдарынан, облыстық басқармалардан, облыстық, қалалық және аудандық атқару органдарынан, кәсіпорындар мен ұйымдардан (келісім бойынша) ақпараттар мен мәліметтерді (оның ішінде компьютер аралық байланыс арналары арқылы) қажетті құжаттарды сұратуға және алуға;

      белгіленген тәртіпте жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, аумақтық қорғаныс мақсатында мемлекеттік, ведомствалық және мемлекеттік емес жүйелерді, желілерді, байланыс құралдары мен ақпарат тораптарын пайдалануға;

      облыс әкіміне жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс мәселелерін жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама шеңберінде басқа да қызметтерді орындауға.

3. Басқарма қызметін ұйымдастыру

      17. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты бірінші басшы жүзеге асырады.

      18. Басқарманың бірінші басшысын облыс әкімі қызметіне тағайындайды және босатады.

      19. Басқарма бірінші басшысының өкілеттілігі:

      Басқарма жұмысын ұйымдастырады және басқарады, Басқармаға жүктелген мақсаттарын және өз қызметі міндеттерін, стратегиялық жоспар тапсырмаларын, әкімнің және облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасары тапсырмаларын орындауға дербес жауапкершілік артады;

      Басқарма құрылымық бөлімдері басшыларының міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, әкімдік пен облыс әкімдігінің актілері негізінде және орындау үшін бұйрықтар шығарады;

      Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте Басқарма қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;

      Басқарманың құрылымдық бөлімдерінің ережелері мен мамандардың лауазымдық нұсқаулықтарын (қызметтік міндеттер) бекітеді;

      Басқарманы мемлекеттік органдарда, мекемелерде, ұжымдарда, меншік нысанына қарамастан басқа да кәсіпорындар мен ұйымдарда таныстырады;

      өз құзыры шеңберінде жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының орындалуын қамтамасыз етеді және оған дербес жауапкершілік артады;

      Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Басқарманың бірінші басшысы өкілеттігін ол болмаған кезде атқару қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4. Басқарманың мүлкі

      21. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарма мүлкі меншік иесі оған берген мүліктен, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тиым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Басқармаға бекітілген мүлік Қарағанды облысының коммуналдық меншігіне жатады.

      23. Егер де заңнамада өзгеше көзделмесе Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

О создании государственного учреждения "Управление по мобилизационной подготовке Карагандинской области" и утверждении положения

Постановление акимата Карагандинской области от 17 февраля 2015 года № 07/02. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 23 февраля 2015 года № 2993. Утратило силу постановлением акимата Карагандинской области от 13 марта 2018 года № 10/01

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Карагандинской области от 13.03.2018 № 10/01 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ:
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года " О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и от 16 июня 1997 года " О мобилизационной подготовке и мобилизации", постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2014 года № 1397 "О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан", постановлением акимата Карагандинской области от 09 января 2015 года № 01/04 "Об утверждении структуры местного государственного управления и лимита штатной численности исполнительных органов Карагандинской области" акимат Карагандинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Создать государственное учреждение "Управление по мобилизационной подготовке Карагандинской области".

      2. Утвердить положение государственного учреждения "Управление по мобилизационной подготовке Карагандинской области" согласно приложению к настоящему постановлению.

      3. Государственному учреждению "Управление по мобилизационной подготовке Карагандинской области" принять иные меры, вытекающие из настоящего постановления.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима области.

      5. Постановление акимата Карагандинской области "О создании государственного учреждения "Управление по мобилизационной подготовке Карагандинской области" и утверждении положения" вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

Аким Карагандинской области

Н. Абдибеков



Утверждено
постановлением акимата
Карагандинской области
от 17 февраля 2015 года
№ 07/02

Положение
о государственном учреждении
"Управление по мобилизационной подготовке
Карагандинской области"
1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Управление по мобилизационной подготовке Карагандинской области" (далее – Управление), является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере координации деятельности государственных учреждений и предприятий, независимо от форм собственности в организации обеспечения мобилизационной готовности и территориальной обороны областного масштаба.

      2. Управление осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      3. Управление является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.

      4. Управление вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      5. Управление имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.

      6. Управление по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя управления и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      7. Структура и лимит штатной численности Управления утверждаются в соответствии с действующим законодательством.

      8. Местонахождение юридического лица:

      100000, Республика Казахстан, Карагандинская область, город Караганда, район имени Казыбек би, улица Прогресса 1.

      9. Полное наименование государственного органа:

      на государственном языке – "Қарағанды облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі;

      на русском языке – государственное учреждение "Управление по мобилизационной подготовке Карагандинской области".

      10. Настоящее Положение является учредительным документом Управления.

      11. Финансирование деятельности Управления осуществляется из бюджета Карагандинской области.

      12. Управлению запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями Управления.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности Управления

      13. Миссия Управления:

      реализация государственной политики и осуществление координации в области мобилизационной подготовки, мобилизации и территориальной обороны.

      14. Задача:

      обеспечение исполнения законодательных, нормативных правовых актов Президента Республики Казахстан, Правительства Республики Казахстан, актов акимата и акима области и уполномоченного центрального исполнительного органа в области мобилизационной готовности и территориальной обороны.

      15. Функции:

      1) организация обеспечения выполнения мероприятий по мобилизационной подготовке и мобилизации на территории области;

      2) оказание содействия местным органам военного управления в их работе в мирное время и при объявлении мобилизации, участие в проведении военно-экономических и командно-штабных учений (тренировок) на территории области;

      3) организация работы по бронированию на период мобилизации и на военное время военнообязанных граждан за местными исполнительными органами области и подчиненными учреждениями и организациями, имеющими мобилизационные задания, для обеспечения их бесперебойной работы и сохранения трудовых ресурсов в период мобилизации, военного положения и в военное время;

      4) участие в обеспечении реализации комплекса мероприятий по переводу государственных органов и организаций на территории области на функционирование в период мобилизации, военного положения и в военное время;

      5) участие в разработке мобилизационных планов Республики Казахстан, Карагандинской области, а также плана производства товаров, выполнение работ и оказание услуг на соответствующий период;

      6) организация заключения государственными организациями и юридическими лицами (имеющими мобилизационные заказы или задания) договоров (контрактов) на производство товаров, выполнение работ и оказание услуг на период мобилизации, военного положения и в военное время;

      7) внесение в уполномоченный орган в области мобилизационной подготовки предложения по совершенствованию мобилизационной подготовки, представление отчетной информации;

      8) организация проведения совместно с государственными органами мероприятий по подготовке экономики к выполнению мобилизационных планов;

      9) согласование мобилизационных планов акиматов районов, городов областного значения;

      10) организация обучения работников мобилизационных органов местных исполнительных органов, подчиненных учреждений и организаций, имеющих мобилизационные заказы, на курсах повышения квалификации работников мобилизационных органов;

      11) участие в пределах своей компетенции в выполнении мероприятий по оперативному оборудованию территории и обеспечения развития военной инфраструктуры;

      12) организация обеспечения призыва граждан на воинскую службу;

      13) обеспечение областного органа военного управления призывным (сборным) пунктом, их снабжение медикаментами, инструментарием, противопожарным, медицинским и хозяйственным имуществом, автомобильным транспортом, а также средствами связи и охраны;

      14) организация и осуществление мероприятий территориальной обороны;

      15) подготовка предложений по комплектованию батальонов (бригады) территориальной обороны автомобильной и специальной техникой хозяйствующих субъектов, созданию для них необходимых запасов продовольствия, вещевого и медицинского имущества, иных запасов материально-технических средств.

      16. Права и обязанности:

      заслушивать руководителей областных управлений, районных и городских исполнительных органов, предприятий и организаций (по согласованию) по вопросам, относящимся к компетенции Управления;

      запрашивать и получать в установленном порядке от областных органов государственной статистики, областных управлений, районных и городских исполнительных органов, предприятий и организаций (по согласованию) информацию и сведения (в том числе по каналам межкомпьютерной связи), необходимые для выполнения возложенных на Управление задач и функций;

      использовать в установленном порядке для целей мобилизационной подготовки и мобилизации, территориальной обороны, государственные, ведомственные и негосударственные системы, сети, средства связи и передачи информации;

      вносить акиму области предложения по совершенствованию мобилизационной подготовки и территориальной обороны, а также выполнять иные функции в рамках действующего законодательства Республики Казахстан.

3. Организация деятельности Управления

      17. Руководство Управлением осуществляется первым руководителем Управления, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Управление задач и осуществление им своих функций.

      18. Первый руководитель Управления назначается на должность и освобождается от должности акимом области.

      19. Полномочия первого руководителя Управления:

      организует и руководит работой Управления и несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Управление задач и осуществления им своих функций, выполнение заданий стратегического плана, поручений акима области и курирующего заместителя акима области;

      определяет обязанности и полномочия руководителей структурных подразделений Управления;

      издает приказы на основании и во исполнении действующих законов Республики Казахстан, актов Президента и Правительства Республики Казахстан, актов акимата и акима области;

      в установленном законодательством Республики Казахстан порядке поощряет и налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников Управления;

      утверждает положения структурных подразделений Управления и должностные инструкции специалистов (функциональные обязанности);

      представляет Управление в государственных органах, учреждениях и организациях, иных предприятиях и организациях, независимо от форм собственности;

      в пределах своих полномочий обеспечивает исполнение антикоррупционного законодательства по противодействию коррупции и несет за это персональную ответственность;

      осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Исполнение полномочий первого руководителя Управления в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

4 . Имущество Управления

      21. Управление может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество Управления формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      22. Имущество, закрепленное за Управлением относится, к коммунальной собственности Карагандинской области.

      23. Управление не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение Управления

      24. Реорганизация и упразднение Управления осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.