"Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 13/04 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 сәуірде № 3163 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 14 қарашадағы № 72/04 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 14.11.2017 № 72/04 (ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енеді) қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Қоса беріліп отырған "Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      "Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажет шараларды қабылдасын.
      Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.
      Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Әбдібеков

  Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 13/04 қаулысымен бекітілді

"Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі

      Ескерту. Ереженің мәтіні бойынша "мемлекеттік сатып алуға мониторинг жасау", "мемлекеттік сатып алуды мониторингтеу", "мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың мониторингін" деген сөздер тиісінше "мемлекеттік сатып алуға талдау жасау", "мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың талдауын" деген сөздермен ауыстырылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 24.02.2016 10/02 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі облыстық коммуналдық меншікті басқару, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу және мемлекеттік сатып алуға талдау жасау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100008, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы ауданы, Әлиханов көшесі,13.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы:
      мемлекеттік тілде: "Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде: государственное учреждение "Управление государственных активов и закупок Карагандинской области".
      10. Осы Ереже "Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Басқарма) миссиясы: облыстық коммуналдық меншікпен басқару, мемлекеттік органдармен, мекемелер және кәсіпорындармен өткізілетін, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу және мемлекеттік сатып алуға талдау жасау.
      14. Міндеттері:
      1) облыстық коммуналдық меншікті басқару;
      2) облыс әкімімен белгіленетін, бюджеттік бағдарламалар бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу;
      3) конкурс және аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың талдауын.
      15. Функциялары:
      1) облыстық коммуналдық меншікті басқару және жекешелендіру саласындағы функциялары:
      өз құзыреті шегінде мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерді;
      облыстық коммуналдық мүлікті басқарады;
      аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласында өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының жұмысын үйлестіреді;
      2007 жылғы 21 шілдедігі "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыстық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде конкурс өткізеді;
      облыстық коммуналдық мүлікті облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп береді;
      облыстық коммуналдық мүлікті есепке алуын ұйымдастырады, оны тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді;
      облыстық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, соның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісіне бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      облыстық коммуналдық мүлікті кейіннен сатып алу құқығымен және құқығынсыз сенімгерлік басқаруға немесе шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде ұсынады;
      облыстық коммуналдық мүлікті кейіннен сатып алу құқығынсыз, кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға) немесе шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен беру құқығымен ұсынады;
      облыстық коммуналдық мүлікті өтеусіз пайдалануға береді;
      сенімгерлікпен басқарушының облыстық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
      мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен басқаға тапсыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;
      тиісті саланың уәкілетті органының ұсынуы бойынша облыстық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсатын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын облыстық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығында немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды және облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың жарғысын, оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
      коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың бір деңгейінен басқаға тапсыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;
      сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттiң мүлiк құқығына ие болу бойынша жұмысты ұйымдастырады;
      облыстық коммуналдық заңды тұлғаға берілген немесе жеке шаруашылық қызметінің нәтижесінде ол ие болған мүлікті тиісті саланың уәкілетті органымен келісім бойынша алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;
      коммуналдық мүліктің нысаналы және тиімді пайдалануына бақылауды жүзеге асырады;
      мемлекеттік мүліктің нысаналы пайдаланылуын бақылау нәтижелері бойынша анықталған, облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың артық, пайдаланбайтын не мақсатына сай пайдаланбаған мүлкін, бақылауды жүзеге асырған кезден бастап алты ай өткен соң тиісті саланың уәкілетті органының келісімінсіз алып қоюды жүзеге асырады;
      облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті күтіп ұстау және оны кейіннен баланстан шығара отырып өзге тұлғаға бергенге дейін сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;
      облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға бекітіліп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға келісім береді;
      облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге талдау жүргізеді;
      облыстық коммуналдық кәсіпорындардың, облыс әкімдігі қатысатын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жұмыс істеуі мен оларды басқару тиімділігінің мониторингін ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;
      жергілікті бюджет есебінен ұстап-күтілетін мемлекеттік мекемелердің мүлігін шығынға жазуын келіседі;
      2) мемлекеттік сатып алу саласындағы функциялар:
      Қарағанды облысы әкімімен белгіленетін, бюджеттік бағдарламалар бойынша жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады және жүргізеді;
      мемлекеттік органдармен, мекемелер және кәсіпорындармен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың талдауын ұйымдастырады және жүргізеді;
      Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған, өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды тұлғалардан, азаматтардан жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұратады және алады;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған, өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. "Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қарағанды облысы әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      19. "Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      20. "Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) өз орынбасарларының, Басқарма бөлімдері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
      2) заңнамаға сәйкес Басқарманың қызметшілерін лауазымдық қызметке тағайындайды және қызметтерінен босатады;
      3) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарманың қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
      4) өз құзыретіне сәйкес бұйрықтар шығарады;
      5) Басқарма бөлімдерінің ережелерін бекітеді;
      6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда Басқарма атынан шығады;
      7) өз құзыретінің шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауапты болады;
      8) заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлiктi өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Управление государственных активов и закупок Карагандинской области"

Постановление акимата Карагандинской области от 26 марта 2015 года № 13/04. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 22 апреля 2015 года № 3163. Утратило силу постановлением акимата Карагандинской области от 14 ноября 2017 года № 72/04

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Карагандинской области от 14.11.2017 № 72/04 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан" акимат Карагандинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение государственного учреждения "Управление государственных активов и закупок Карагандинской области".

      2. Государственному учреждению "Управление государственных активов и закупок Карагандинской области" в соответствии с действующим законодательством принять необходимые меры, вытекающие из настоящего постановления.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на первого заместителя акима области.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня официального опубликования.

Аким области

Н. Абдибеков



Утверждено
постановлением акимата
Карагандинской области
от 26 марта 2015 года
№ 13/04

Положение
государственного учреждения
"Управление государственных активов и закупок Карагандинской области"

      Сноска. По всему тексту Положения слова "мониторинга государственных закупок", "мониторинг государственных закупок", "мониторинг осуществления государственных закупок" заменены соответственно словами "анализ государственных закупок", "анализ осуществления государственных закупок" постановлением акимата Карагандинской области от 24.02.2016 № 10/02 (вводится в действие со дня официального опубликования).

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Управление государственных активов и закупок Карагандинской области" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере управления областным коммунальным имуществом, организации и проведения государственных закупок и анализ государственных закупок.

      2. Государственное учреждение "Управление государственных активов и закупок Карагандинской области" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      3. Государственное учреждение "Управление государственных активов и закупок Карагандинской области" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.

      4. Государственное учреждение "Управление государственных активов и закупок Карагандинской области" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      5. Государственное учреждение "Управление государственных активов и закупок Карагандинской области" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.

      6. Государственное учреждение "Управление государственных активов и закупок Карагандинской области" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Управление государственных активов и закупок Карагандинской области" и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      7. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Управление государственных активов и закупок Карагандинской области" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.

      8. Местонахождение юридического лица: 100008, Республика Казахстан, город Караганда, район имени Казыбек би, улица Алиханова, 13.

      9. Полное наименование государственного органа:

      на государственном языке: "Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі;

      на русском языке: государственное учреждение "Управление государственных активов и закупок Карагандинской области".

      10. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Управление государственных активов и закупок Карагандинской области".

      11. Финансирование деятельности государственного учреждения "Управление государственных активов и закупок Карагандинской области" осуществляется из местного бюджета.

      12. Государственному учреждению "Управление государственных активов и закупок Карагандинской области" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Управление государственных активов и закупок Карагандинской области".

      Если государственному учреждению "Управление государственных активов и закупок Карагандинской области" законодательными актами предоставлено право осуществлять, приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа

      13. Миссия государственного учреждения "Управление государственных активов и закупок Карагандинской области" (далее – Управление): управление областной коммунальной собственностью, организация и проведение государственных закупок и анализ государственных закупок, проводимых государственными органами, учреждениями и предприятиями.

      14. Задачи:

      1) управление областным коммунальным имуществом (пункт 3) статьи 17 Закона Республики Казахстан "О государственном имуществе");

      2) организация и проведение государственных закупок по бюджетным программам, определяемым акимом области;

      3) анализ государственных закупок способом конкурса и аукциона.

      15. Функции:

      1) функции в сфере управления областным коммунальным имуществом и приватизации:

      разрабатывает нормативные правовые акты в сфере управления государственным имуществом в пределах своей компетенции;

      управляет областным коммунальным имуществом;

      координирует работу местных исполнительных органов районов, городов областного значения по вопросам, входящим в их компетенцию, в сфере управления районным коммунальным имуществом;

      проводит конкурс в соответствии с Законом Республики Казахстан от 21 июля 2007 года "О государственных закупках" по определению периодического печатного издания для опубликования извещения о проведении торгов по приватизации областного коммунального имущества;

      закрепляет областное коммунальное имущество за областными коммунальными юридическими лицами;

      организует учет областного коммунального имущества, обеспечивает его эффективное использование;

      осуществляет приватизацию областного коммунального имущества, в том числе привлекает посредника для организации процесса приватизации, обеспечивает оценку объекта приватизации, осуществляет подготовку и заключение договоров купли-продажи объекта приватизации и контроль за соблюдением условий договоров купли-продажи;

      предоставляет областное коммунальное имущество в доверительное управление с правом и без права последующего выкупа или правом последующей передачи в собственность субъектам малого предпринимательства на безвозмездной основе;

      предоставляет областное коммунальное имущество в имущественный наем (аренду) без права последующего выкупа, с правом последующего выкупа или правом последующей передачи в собственность субъектам малого предпринимательства на безвозмездной основе;

      передает областное коммунальное имущество в безвозмездное пользование;

      осуществляет контроль за выполнением доверительным управляющим обязательств по договору доверительного управления областным коммунальным имуществом;

      организует работу по передаче государственного имущества из одного вида государственной собственности в другой;

      по представлению уполномоченного органа соответствующей отрасли определяет предмет и цели деятельности областного государственного предприятия, а также вид областного государственного предприятия (на праве хозяйственного ведения или казенное предприятие), осуществляющего такую деятельность, и утверждает устав областных государственных предприятий, внесение в него изменений и дополнений;

      организует работу по передаче коммунального имущества из одного уровня местного государственного управления в другой;

      организует работу по приобретению государством прав на имущество по договору дарения;

      осуществляет по согласованию с уполномоченным органом соответствующей отрасли изъятие или перераспределение имущества, переданного областному коммунальному юридическому лицу или приобретенного им в результате собственной хозяйственной деятельности;

      осуществляет контроль за целевым и эффективным использованием коммунального имущества;

      осуществляет изъятие излишнего, неиспользуемого либо используемого не по назначению имущества областных коммунальных юридических лиц, выявленного по результатам контроля целевого использования государственного имущества, по истечении шести месяцев с момента осуществления контроля без согласования с уполномоченным органом соответствующей отрасли;

      устанавливает областному коммунальному государственному предприятию срок содержания и обеспечения сохранности изъятого имущества до его передачи иному лицу с последующим списанием с баланса;

      дает согласие областному коммунальному государственному предприятию на отчуждение или распоряжение иным способом закрепленным за ним имуществом (за исключением продажи произведенной им продукции), создание филиалов и представительств;

      проводит анализ предоставления в имущественный наем (аренду) имущества, закрепленного за областными коммунальными юридическими лицами;

      осуществляет организацию и проведение мониторинга функционирования и эффективности управления областными коммунальными предприятиями, акционерными обществами и товариществами с ограниченной ответственностью с участием акимата области;

      согласовывает списание имущества государственных учреждений, содержащихся за счет местных бюджетов;

      2) функции в сфере государственных закупок:

      организует и проводит государственные закупки работ и услуг по бюджетным программам, определяемым акимом Карагандинской области;

      организует и проводит анализ осуществления государственных закупок государственными органами, учреждениями и предприятиями;

      осуществляет иные функции, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

      16. Права и обязанности:

      1) запрашивает и получает от государственных органов, иных организаций, а также должностных лиц, граждан документы и сведения, необходимые для выполнения возложенных задач и функций;

      2) осуществляет иные права и обязанности, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

3. Организация деятельности государственного органа

      17. Руководство государственного учреждения "Управление государственных активов и закупок Карагандинской области" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Управление государственных активов и закупок Карагандинской области" задач и осуществление им своих функций.

      18. Первый руководитель государственного учреждения "Управление государственных активов и закупок Карагандинской области" назначается на должность и освобождается от должности акимом Карагандинской области в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      19. Первый руководитель государственного учреждения "Управление государственных активов и закупок Карагандинской области" имеет заместителей, которые назначаются на должность и освобождаются от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      20. Полномочия первого руководителя государственного учреждения "Управление государственных активов и закупок Карагандинской области":

      1) определяет обязанности и полномочия своих заместителей и руководителей отделов Управления;

      2) в соответствии с законодательством назначает на должности и освобождает от должностей работников Управления;

      3) в установленном законодательством порядке налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников Управления;

      4) в соответствие со своей компетенцией издает приказы;

      5) утверждает положения отделов Управления;

      6) представляет Управление во всех государственных органах и иных организациях в соответствии с действующим законодательством;

      7) в пределах своих полномочий обеспечивает исполнение требований антикоррупционного законодательства и несет персональную ответственность по противодействию коррупции;

      8) осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством.

      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения "Управление государственных активов и закупок Карагандинской области" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

      21. Первый руководитель определяет полномочия своих заместителей в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного органа

      22. Государственное учреждение "Управление государственных активов и закупок Карагандинской области" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество государственного учреждения "Управление государственных активов и закупок Карагандинской области" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      23. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Управление государственных активов и закупок Карагандинской области", относится к коммунальной собственности.

      24. Государственное учреждение "Управление государственных активов и закупок Карагандинской области" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      25. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Управление государственных активов и закупок Карагандинской области" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.