Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылғандығын тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 14 қарашадағы № 72/04 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 20 қарашада № 4449 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Келесілер күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 13/04 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3163 тіркелді, 2015 жылдың 30 сәуірдегі "Индустриальная Караганда" №62-63, 2015 жылдың 30 сәуірдегі "Орталық Қазақстан" № 72-73 газеттерінде жарияланды, 2015 жылдың 30 сәуірінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды);

      2) "Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 13/04 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 24 ақпандағы №10/02 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3736 тіркелді, 2016 жылдың 5 сәуірдегі "Индустриальная Караганда" № 41, 2016 жылдың 5 сәуірдегі "Орталық Қазақстан" № 60 газеттерінде жарияланды, 2016 жылғы 8 сәуірдегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды).

      Осы қаулы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енеді.

      Облыс әкімі Е. Қошанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады