"Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Қарағанды облысының әкімдігінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 35/05 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 шілдеде № 3351 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 10/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қарағанды облысы әкімдігінің 13.03.2018 № 10/01 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін).

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі "Қазақстан Республикасының тіл туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Қарағанды облысының әкімідігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. "Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Қарағанды облысы әкімдігінің 2010 жылғы 25 наурыздағы "Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мемлекеттік мекемесінің Ережесін және құрылымын бекіту туралы" 08/04 қаулысы жойылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі

Н. Әбдібеков



Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы 30 маусымдағы
№ 35/05 қаулысымен бекітілген

"Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
Ережесі
1. Жалпы ережелер.

      1. "Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қарағанды облысы аймағында тіл саясаты саласында мемлекеттік басқарма функциясын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

      2. "Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. "Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. "Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

      5. "Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. "Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

      7. "Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 34.

      9. Мемлекеттік мекемесінің толық атауы:

      мемлекеттік тілдегі: "Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі;

      орыс тіліндегі: государственное учреждение "Управление по развитию языков Карагандинской области".

      10. Осы Ереже "Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшы құжаты болып табылады.

      11. "Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. "Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi.

      13. Миссия: Қарағанды облысында мемлекеттік тілдің кеңінен қолданылуын және өңірде тұрып жатқан барлық этностардың тілдерін сақтауды қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясатын жүргізу болып табылады.

      14. Мiндеттерi:

      облыс аумағында тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік және шоғырлану функцияларын кеңейту;

      облыс тұрғындарының тіл мәдениеті деңгейін арттыру;

      ономастика саласында мемлекеттік тіл саясатын жүргізу;

      облыс тұрғындарының лингвистикалық капиталын дамыту үшін жағдайлар жасау.

      15. Функциялары:

      тiлдердi қолдану мен дамытудың өңiрлiк бағдарламасының жобасын әзiрлейді және оның орындалуын қамтамасыз ету;

      орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлiмшелерiнiң және аудандық атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;

      деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      тілдерді дамыту саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтің ақпараттық, талдамалық және әдістемелік қамтамасыз етілуін ұйымдастыру;

      облыстық ономастика комиссиясының қызметін қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарында белгіленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар беру, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде және тәртіппен әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;

      "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес тексерулер жүргізудің жылдық жоспарларын әзірлеу;

      мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған облыстық маңызы бар шаралар кешенiн жүзеге асыру.

      16. Құқықтары:

      облыстық басқармалар мен басқа жергілікті өкілетті және атқарушы органдардан, сондай-ақ ұйымдар мен мекемелерден, лауазымды тұлғалардан Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің тіл саясаты бойынша нормативтік актілерін орындау жөнінде ақпараттар мәліметтер, басқа құжаттар сұрату;

      тілдерді дамыту мәселелері бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізу үшін шарт негізінде ғалымдар мен мамандарды тарту;

      тіл саясаты мәселелері бойынша барлық мекемелер, мемлекеттік органдар, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      облыс тұрғындарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасау;

      жергілікті атқарушы органдарда ҚР тіл туралы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      Тіл саясаты саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің орындалуына бақылау жасау;

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

      17. "Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.

      18. "Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесін басшы басқарады, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тағайындалады және қызметтен босатылады.

      19. "Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысының өкiлеттiгi:

      облыс әкімінің жетекшілік орынбасарының келісімімен тағайындалып кызметтен босатылатын бөлім басшыларының жұмысына басшылық жасайды.

      Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және оның қызметіне басшылық жасайды, жүктелген міндеттердің, облыс әкімінің және облыс әкімі орынбасарларының тапсырмаларының орындалуына тікелей жауап береді;

      "Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы бөлім басшылары және мамандарының функционалдык міндеттері мен құзырларын анықтайды, бөлімдердің ережелерін және басқарма қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтарын бекітеді;

      заңнамамен белгіленген тәртіпте "Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелейді, материалдық көмек көрсетеді, тәртіптік шара қолданады және жұмыстан босатады;

      "Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті нұсқаулар береді;

      "Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымын және штаттық кестесін әзірлейді және оны облыс әкімдігіне ұсынады;

      өз құзырының шеңберінде бұйрықтар шығарып, нұсқаулар береді, қызметтік кұжаттарға қол қояды;

      азаматтардың жеке қабылдауын жүргізеді;

      өз құзырының шеңберінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      "Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның міндетін қолданыстағы заңнамаға сәйкес міндетін атқаратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

      20. "Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

      "Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

      21. "Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. "Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      "Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымның тізбесі:

      Қарағанды облысы әкімдігі Қарағанды облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының "Қарағанды облыстық тілдерді оқыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Управление по развитию языков Карагандинской области"

Постановление акимата Карагандинской области от 30 июня 2015 года № 35/05. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 29 июля 2015 года № 3351. Утратило силу постановлением акимата Карагандинской области от 13 марта 2018 года № 10/01

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Карагандинской области от 13.03.2018 № 10/01 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 11 июля 1997 года "О языках в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", акимат Карагандинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение государственного учреждения "Управление по развитию языков Карагандинской области".

      2. Государственному учреждению "Управление по развитию языков Карагандинской области" принять меры вытекающие из настоящего постановления.

      3. Отменить постановление акимата Карагандинской области от 25 марта 2010 года № 08/04 "Об утверждении Положения и структуры государственного учреждения "Управление по развитию языков Карагандинской области".

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима области.

      5. Настоящее посановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Аким области

Н. Абдибеков



Утверждено постановлением
акимата Карагандинской области
№ 35/05 от 30 июня 2015 года

Положение
государственного учреждения
"Управление по развитию языков Карагандинской области"
1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Управление по развитию языков Карагандинской области" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим функции государственного управления в сфере языковой политики на территории Карагандинской области.

      2. Государственное учреждение "Управление по развитию языков Карагандинской области" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      3. Государственное учреждение "Управление по развитию языков Карагандинской области" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.

      4. Государственное учреждение "Управление по развитию языков Карагандинской области" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      5. Государственное учреждение "Управление по развитию языков Карагандинской области" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.

      6. Государственное учреждение "Управление по развитию языков Карагандинской области" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Управление по развитию языков Карагандинской области" и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      7. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Управление по развитию языков Карагандинской области" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.

      8. Местонахождение юридического лица: Республика Казахстан, Карагандинская область, город Караганда, улица Гоголя, 34.

      9. Полное наименование государственного учреждения:

      на государственном языке: "Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі;

      на русском языке - государственное учреждение "Управление по развитию языков Карагандинской области".

      10. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Управление по развитию языков Карагандинской области".

      11. Финансирование деятельности государственного учреждения "Управление по развитию языков Карагандинской области" осуществляется из местного бюджета.

      12. Государственному учреждению "Управление по развитию языков Карагандинской области" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Управление по развитию языков Карагандинской области".

      Если государственному учреждению "Управление по развитию языков Карагандинской области" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа

      13. Миссия: Миссия: проведение гармоничной языковой политики в Карагандинской области, обеспечивающей функционирование государственного языка и сохранение языков всех этносов, проживающих в регионе.

      14. Задачи:

      реализация государственной языковой политики и осуществление государственного контроля на территории области;

      расширение социально – коммуникативных и консолидирующих функций государственного языка;

      повышения уровня языковой культуры населения области;

      проведение государственной языковой политики в сфере ономастики;

      создание условий для развития лингвистического капитала жителей области.

      15. Функции:

      Разработка проекта региональной программы функционирования и развития языков и обеспечение ее выполнения;

      осуществление контроля за соблюдением законодательства Республики Казахстан о языках территориальными подразделениями центральных исполнительных органов и районными исполнительными органами;

      внесение рекомендаций об устранении нарушений требований законодательства о языках, внесение предложений в соответствующие органы о применении мер дисциплинарного взыскания к должностным лицам, виновным в нарушении законодательства Республики Казахстан о языках;

      осуществление комплекса мер областного значения, направленных на развитие государственного и других языков;

      государственный контроль за соблюдением законодательства Республики Казахстан о языках осуществляется в форме проверки и иных формах;

      осуществление в интересах местного государственного управления иных полномочий, возлагаемых на местные исполнительные органы законодательством Республики Казахстан;

      16. Права и обязанности:

      запрашивать от областных управлений и других местных представительных и исполнительных органов, а также организаций и учреждений, должностных лиц информации, сведения, другие документы по исполнению Государственной программы развития и функционирования языков, нормативных актов Президента и Правительства Республики Казахстан по языковой политике;

      привлекать на договорной основе ученых и специалистов для проведения социологических исследований по проблемам развития языков;

      взаимодействовать со всеми учреждениями, государственными органами, организациями по вопросам языковой политики;

      создавать все необходимые организационные, материально-технические условия для свободного и бесплатного овладения государственным языком всеми гражданами Республики Казахстан;

      осуществлять контроль за исполнением нормативно-правовых актов в сфере языковой политики;

      осуществлять иные полномочия, возлагаемые на местные исполнительные органы законодательством Республики Казахстан.

3. Организация деятельности государственного органа

      17. Руководство государственного учреждения "Управление по развитию языков Карагандинской области" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Управление по развитию языков Карагандинской области" задач и осуществление им своих функций.

      18. Первый руководитель государственного учреждения "Управление по развитию языков Карагандинской области" возглавляет руководитель, который в соответствии с законодательством Республики Казахстан назначается на должность и освобождается от должности.

      19. Полномочия первого руководителя государственного учреждения "Управление по развитию языков Карагандинской области":

      руководит работой руководителей отделов, назначаемых и освобождаемых от должности по согласованию с курирующим заместителем акима области.

      осуществляет организацию работы государственного учреждения "Управление по развитию языков Карагандинской области" и его руководство, несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Управление по развитию языков Карагандинской области" задач, поручений акима области и курирующего заместителя акима области;

      определяет функциональные обязанности и полномочия руководителей отделов и сотрудников, утверждает положения об отделах и должностные инструкции сотрудников государственного учреждения "Управление по развитию языков Карагандинской области";

      в установленном законодательством порядке осуществляет поощрения, оказывает материальную помощь, налагает дисциплинарные взыскания и рассматривает вопрос об освобождении от занимаемой должности сотрудников государственного учреждения "Управление по развитию языков Карагандинской области";

      дает распоряжения обязательные к исполнению всеми сотрудниками государственного учреждения "Управление по развитию языков Карагандинской области";

      разрабатывает структуру, штатное расписание государственного учреждения "Управление по развитию языков Карагандинской области" и представляет в акимат области;

      в пределах своей компетенции издает приказы, дает указания, подписывает служебную документацию;

      ведет личный прием граждан;

      осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения "Управление по развитию языков Карагандинской области" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного органа

      20. Государственное учреждение "Управление по развитию языков Карагандинской области" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество государственного учреждения "Управление по развитию языков Карагандинской области" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      21. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Управление по развитию языков Карагандинской области", относится к коммунальной собственности.

      22. Государственное учреждение "Управление по развитию языков Карагандинской области" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      23. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Управление по развитию языков Карагандинской области" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Перечень организаций, находящихся в ведении государственного учреждения "Управление по развитию языков Карагандинской области":

      Коммунальное государственное казенное предприятие "Карагандинский областной центр обучения языкам" акимата Карагандинской области Управления по развитию языков Карагандинской области.