"Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Қарағанды облысының әкімдігінің 2015 жылғы 8 қазандағы № 59/04 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 қазанда № 3477 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 10/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қарағанды облысы әкімдігінің 13.03.2018 № 10/01 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 13 маусымдағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындаы өкілеттіліктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 "Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Жарлығына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. "Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Қарағанды облысы әкімдігінің 2013 жылғы 29 шілдедегі "Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін және құрылымын бекіту туралы" № 48/02 қаулысы, Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 06 тамызындағы "Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 44/04 қаулысы жойылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.

      5. "Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің қаулысы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қарағанды облысының әкімі

Н. Әбдібеков



Қарағанды облысы әкімдігінің
2015 жылғы 8 қазандағы
№ 59/04 қаулысымен
бекітілді

"Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қарағанды облысындағы өнеркәсіп салалары, индустриялық-инновациялық саясат, өнеркәсіп саласындағы инвестициялар, кәсіпкерліктің жеке түрлерін лицензиялау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. "Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. "Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. "Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. "Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. "Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100008, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 13.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы:

      мемлекеттік тілде: "Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде: государственное учреждение "Управление промышленности и индустриально-инновационного развития Карагандинской области".

      10. Осы Ереже "Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. "Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру облыстық бюджетінен жүзеге асырылады.

      12. "Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Миссиясы: "Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі өнеркәсіп салалары, индустриялық-инновациялық саясат, өнеркәсіп саласына инвестициялар тарту, кәсіпкерліктің жеке түрлерін лицензиялау саласында мемлекеттік басқару функцияларын орындауға құзыретті мемлекеттік орган болып табылады.

      14. Міндеттері:

      1) Қарағанды облысының тау-кен металлургиялық саласын дамыту;

      2) Қарағанды облысының химия өнеркәсібін дамыту;

      3) Қарағанды облысының құрылыс индустриясын және құрылыс материалдарының өндірісін дамыту;

      4) Қарағанды облысының фармацевтикалық өнеркәсібін дамыту;

      5) Қарағанды облысының машина құрылысын дамыту;

      6) Қарағанды облысының жеңіл өнеркәсібін дамыту;

      7) жүйеқұрушы кәсіпорындардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуларында қазақстандық қамту үлесін арттыру;

      8) инвестициялық өнеркәсіптік жобаларды іске асыру және өндірістерді жаңғырту;

      9) республикалық және өңірлік даму институтаттарымен өзара іс – қимыл ұйымдастыру;

      10) өңірдің өнеркәсіп саласына инвестицияны экономиканың басым салаларын дамытудың маңызды көзі ретінде тарту;

      11) Қарағанды облысы бойынша өнеркәсіпке жасалған инвестицияларды талдау.

      15. Функциялары:

      1) "Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығын іске асыру;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген нысандар бойынша және мерзімдерде Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген тізімге сәйкес ұйымдардың сатып алуларында қазақстандық қамту бойынша ақпаратты жинауды, талдауды және индустриялық саясатты мемлекеттік реттеу саласындағы құзыретті органға ұсынуды іске асыру;

      3) облыс аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесін қалыптастыру;

      4) заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтарын және қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметін жүзеге асыруды лицензиялау;

      5) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге шарттарды жасау, тіркеу және сақтау;

      6) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге рұқсаттарды беру, сонымен қатар кең таралған пайдалы қазбалар бойынша кепілге жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша мәмілені тіркеу;

      7) жер қойнауын пайдаланушылармен шарттардың талаптары бойынша келіссөздерді жүргізу және жер қойнауын пайдаланушылармен бірлесе отырып кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жобалық құжаттарды дайындау;

      8) облыс аумағында кәсіпкерлік қызметті және инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасау;

      9) өз құзыреті шегінде өңірлерде мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру және орындау;

      10) сараптау кеңестерінің қызметін ұйымдастыру;

      11) жеке және заңды тұлғаларға Қарағанды облысының даму институттарына белгіленген талаптарға сәйкес жобаларды ресімдеуге және ұсынуға көмек көрсету;

      12) өнеркәсіпке жасалған инвестициялар бойынша мониторинг жүргізу;

      13) жергілікті атқарушы билік деңгейінде шетелдік және отандық инвесторлардың инвестициялық қызметтерін қолдауды қамтамасыз ету;

      14) облыс үшін басым инвестициялық жобаларды іске асырып жатқан заңды тұлғаларға инвестициялық жеңілдіктерді алуға көмек көрсету;

      15) техногендік минералдық түзілімдерден кең таралған пайдалы қазбаларды алуға шарт жасау бойынша жұмыс органы болып саналады;

      16) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, темір жолдар және гидроқұрылыстар салу (қайта жаңарту) және жөндеу кезінде пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларға жер қойнауын пайдалануға құқығын беру бойынша жұмыс органы болып саналады;

      17) конкурс негізінде кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша жұмыс органы болып саналады;

      18) барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу, оларды тіркеу және сақтау бойынша жұмыс органы болып саналады;

      19) болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру бойынша жұмыс органы болып саналады;

      20) пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру бойынша жұмыс органы болып саналады;

      21) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау, өндіру, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне сервитут құқығын беруге жұмыс органы болып саналады;

      22) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге құзыреттерді іске асыру.

      16. Құқықтары және міндеттері:

      1) "Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне енетін мәселелер бойынша аудандық (облыстық маңызы бар) әкімдіктер жұмысын үйлестіру;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен облыстық коммуналдық меншіктегі акционерлік қоғамдардың акциялар жинақтарына иелік ету, қолдану бойынша құзыреттерді іске асыру және басқару, мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғаларды мемлекеттік басқару органы болуға;

      3) "Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамамен жүктелген өзге құзыреттерді іске асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      18. "Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қарағанды облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      19. "Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қарағанды облысы басшылығымен келісіліп, қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      20. "Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) өз орынбасарының және құрылымдық бөлімшелердің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және босатады;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза белгілейді және марапаттайды;

      4) "Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

      5) "Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі атынан мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда өкілдік етеді;

      6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының орындалуын өз өкілеттіліктері шегінде қамтамасыз етеді;

      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды орындау үшін дербес жауапты болады;

      8) Қарағанды облыс әкімінің және әкімдігінің тапсырмаларына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

      "Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      21. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. "Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Управление промышленности и индустриально-инновационного развития Карагандинской области"

Постановление акимата Карагандинской области от 8 октября 2015 года № 59/04. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 29 октября 2015 года № 3477. Утратило силу постановлением акимата Карагандинской области от 13 марта 2018 года № 10/01

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Карагандинской области от 13.03.2018 № 10/01 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 13 июня 2013 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам разграничения полномочий между органами государственного управления", Законом Республики Казахстан от 24 марта 1998 года "О нормативных правовых актах", Указом Президента Республики Казахстан от 1 августа 2014 года № 874 "Об утверждении Государственной программы индустриально-инновационного развития Республики Казахстан на 2015-2019 годы и о внесении дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 19 марта 2010 года № 957 "Об утверждении Перечня государственных программ" акимат Карагандинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение государственного учреждения "Управление промышленности и индустриально-инновационного развития Карагандинской области".

      2. Государственному учреждению "Управление промышленности и индустриально-инновационного развития Карагандинской области" принять меры, вытекающие из настоящего постановления.

      3. Отменить постановление акимата Карагандинской области от 29 июля 2013 года № 48/02 "Об утверждении Положения и структуры государственного учреждения "Управление промышленности и индустриально-инновационного развития Карагандинской области", постановление акимата Карагандинской области от 06 августа 2015 года № 44/04 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Управление промышленности и индустриально-инновационного развития Карагандинской области".

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима области.

      5. Постановление акимата Карагандинской области "Об утверждении Положения государственного учреждения "Управление промышленности ииндустриально-инновационного развития Карагандинской области" вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Аким Карагандинской области

Н. Абдибеков



Утверждено
постановлением акимата
Карагандинской области
от 8 октября 2015 года
№ 59/04

Положение
государственного учреждения
"Управление промышленности и индустриально-инновационного развития Карагандинской области"
1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Управление промышленности и индустриально-инновационного развития Карагандинской области" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сферах отраслей промышленности, индустриально-инновационной политики, инвестиций в сфере промышленности, лицензирования отдельных видов предпринимательской деятельности в Карагандинской области.

      2. Государственное учреждение "Управление промышленности и индустриально-инновационного развития Карагандинской области" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      3. Государственное учреждение "Управление промышленности и индустриально-инновационного развития Карагандинской области" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.

      4. Государственное учреждение "Управление промышленности и индустриально-инновационного развития Карагандинской области" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      5. Государственное учреждение "Управление промышленности и индустриально-инновационного развития Карагандинской области" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.

      6. Государственное учреждение "Управление промышленности и индустриально-инновационного развития Карагандинской области" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Управление промышленности и индустриально-инновационного развития Карагандинской области" и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      7. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Управление промышленности и индустриально-инновационного развития Карагандинской области" утверждаются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      8. Местонахождение юридического лица: 100008, Республика Казахстан, Карагандинская область, город Караганда, улица Алиханова, 13.

      9. Полное наименование государственного органа:

      на государственном языке: "Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі;

      на русском языке: государственное учреждение "Управление промышленности и индустриально-инновационного развития Карагандинской области".

      10. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Управление промышленности и индустриально-инновационного развития Карагандинской области".

      11. Финансирование деятельности государственного учреждения "Управление промышленности и индустриально-инновационного развития Карагандинской области" осуществляется из областного бюджета.

      12. Государственному учреждению "Управление промышленности и индустриально-инновационного развития Карагандинской области" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Управление промышленности и индустриально-инновационного развития Карагандинской области".

      Если государственному учреждению "Управление промышленности и индустриально-инновационного развития Карагандинской области" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа

      13. Миссия: государственное учреждение "Управление промышленности и индустриально-инновационного развития Карагандинской области" является государственным органом, уполномоченным на выполнение функции государственного управления в сфере отраслей промышленности, индустриально-инновационной политики, привлечения инвестиции в сфере промышленности, лицензирования отдельных видов предпринимательской деятельности.

      14. Задачи:

      1) развитие горнометаллургической отрасли Карагандинской области;

      2) развитие химической промышленности Карагандинской области;

      3) развитие строительной индустрии и производства строительных материалов Карагандинской области;

      4) развитие фармацевтической промышленности Карагандинской области;

      5) развитие машиностроения Карагандинской области;

      6) развитие легкой промышленности Карагандинской области;

      7) увеличение доли казахстанского содержания в закупках товаров, работ и услуг, системообразующих предприятий;

      8) реализация инвестиционных промышленных проектов и модернизация производства;

      9) организация взаимодействия с республиканскими и региональными институтами развития;

      10) привлечение инвестиций в сфере промышленности в регион в качестве важного источника развития приоритетных отраслей экономики;

      11) анализ инвестиций в промышленность по Карагандинской области.

      15. Функции:

      1) реализация Указа Президента Республики Казахстан от 1 августа 2014 года № 874 "Об утверждении Государственной программы индустриально-инновационного развития Республики Казахстан на 2015-2019 годы и о внесении дополнения в Указ Президента Республики Казахстан от 19 марта 2010 года № 957 "Об утверждении Перечня государственных программ";

      2) осуществление сбора, анализа и предоставление в уполномоченный орган в области государственного регулирования индустриальной политики информацию по казахстанскому содержанию в закупках организаций согласно перечню, утвержденному Правительством Республики Казахстан, по форме и в сроки установленные законодательством Республики Казахстан;

      3) формирование перечня товаров, работ и услуг, производимых на территории области, и их производителей;

      4) лицензирование деятельности по сбору (заготовке), хранению, переработке и реализации юридическими лицами лома и отходов цветных и черных металлов;

      5) подготовка заключений, регистраций и хранение контрактов на разведку, добычу общераспространенных полезных ископаемых;

      6) выдача разрешений на передачу права недропользования, а также регистрация сделки по передаче права недропользования в залог по общераспространенным полезным ископаемым;

      7) ведение переговоров с недропользователями об условиях контрактов и подготовка совместно с недропользователями проектных документов на разведку или добычу общераспространенных полезных ископаемых и строительство и (или) эксплуатацию подземных сооружений, не связанных с разведкой или добычей;

      8) создание условий для развития предпринимательской деятельности и инвестиционного климата на территории области;

      9) реализация и исполнение государственных программ в регионах, в пределах своей компетенции;

      10) организация деятельности экспертных советов;

      11) содействие юридическим и физическим лицам в оформлении и представлении проектов в институты развития Карагандинской области в соответствии с установленными требованиями;

      12) ведение мониторинга по инвестициям в промышленность;

      13) обеспечение на уровне местной исполнительной власти поддержки инвестиционной деятельности иностранных и отечественных инвесторов;

      14) оказание содействия в получении инвестиционных преференций юридическим лицам, осуществляющим реализацию приоритетных для области инвестиционных проектов;

      15) является рабочим органом по заключению договора на извлечение общераспространенных полезных ископаемых из техногенных минеральных образований;

      16) является рабочим органом по предоставлению права недропользования на общераспространенные полезные ископаемые, используемые при строительстве (реконструкции) и ремонте автомобильных дорог общего пользования, железных дорог и гидросооружений;

      17) является рабочим органом по предоставлению права недропользования на разведку или добычу общераспространенных полезных ископаемых на основе конкурса;

      18) является рабочим органом по заключению, регистрации и хранение контрактов на строительство и (или) эксплуатацию подземных сооружений, не связанных с разведкой или добычей;

      19) является рабочим органом по выдаче заключения об отсутствии или о малозначительности полезных ископаемых в недрах под участком предстоящей застройки;

      20) является рабочим органом по выдаче разрешения на застройку площадей залегания полезных ископаемых, а также размещение в местах их залегания подземных сооружений;

      21) является рабочим органом по предоставлению права сервитута на участки недр, предоставленных для проведения разведки, добычи общераспространенных полезных ископаемых, строительства и (или) эксплуатации подземных сооружений, не связанных с разведкой или добычей;

      22) осуществление иных полномочии, в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      16. Права и обязанности:

      1) координация работы районных (городов областного значения) акиматов, по вопросам входящих в компетенцию государственного учреждения "Управление промышленности и индустриально-инновационного развития Карагандинской области";

      2) выступать органом государственного управления юридических лиц с участием государства, управлять и осуществлять полномочия по владению, пользованию пакетами акций в акционерных обществах, находящихся в областной коммунальной собственности в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;

      3) осуществление иных полномочий, возлагаемых на государственное учреждение "Управление промышленности и индустриально-инновационного развития Карагандинской области" законодательством.

3. Организация деятельности государственного органа

      17. Руководство государственным учреждением "Управление промышленности и индустриально-инновационного развития Карагандинской области" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Управление промышленности и индустриально-инновационного развития Карагандинской области" задач и осуществление им своих функций.

      18. Первый руководитель государственного учреждения "Управление промышленности и индустриально-инновационного развития Карагандинской области" назначается на должность и освобождается от должности акимом Карагандинской области.

      19. Первый руководитель государственного учреждения "Управление промышленности и индустриально-инновационного развития Карагандинской области" имеет заместителей, которые назначаются на должности и освобождаются от должностей по согласованию с руководством Карагандинской области в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      20. Полномочия первого руководителя государственного учреждения "Управление промышленности и индустриально-инновационного развития Карагандинской области":

      1) определяет обязанности и полномочия своих заместителей и структурных подразделений;

      2) в соответствии с законодательством Республики Казахстан назначает и освобождает от должностей работников государственного учреждения "Управление промышленности и индустриально-инновационного развития Карагандинской области";

      3) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке поощряет и налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников государственного учреждения "Управление промышленности и индустриально-инновационного развития Карагандинской области";

      4) утверждает положения о структурных подразделениях государственного учреждения "Управление промышленности и индустриально-инновационного развития Карагандинской области";

      5) представляет государственное учреждение "Управление промышленности и индустриально-инновационного развития Карагандинской области" в государственных органах и иных организациях;

      6) в пределах своих полномочий обеспечивает исполнение требований антикоррупционного законодательства по противодействию коррупции;

      7) несет персональную ответственность за исполнение антикоррупционного законодательства;

      8) осуществляет иные полномочия в соответствии с поручениями акима и акимата Карагандинской области и действующим законодательством Республики Казахстан.

      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения "Управление промышленности и индустриально-инновационного развития Карагандинской области" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      21. Первый руководитель определяет полномочия своих заместителей в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество государственного органа

      22. Государственное учреждение "Управление промышленности и индустриально-инновационного развития Карагандинской области" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан.

      Имущество государственного учреждения "Управление промышленности и индустриально-инновационного развития Карагандинской области" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      23. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Управление промышленности и индустриально-инновационного развития Карагандинской области" относится к коммунальной собственности.

      24. Государственное учреждение "Управление промышленности и индустриально-инновационного развития Карагандинской области" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      25. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Управление промышленности и индустриально-инновационного развития Карагандинской области" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.