2012 жылғы 27 ақпанда Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Үкіметі арасындағы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі халықаралық іс-қимылдарға қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы әскери мүлік пен персоналдың транзитін қамтамасыз ету туралы келісім ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Үкіметі арасындағы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі халықаралық іс-қимылдарға қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы әскери мүлік пен персоналдың транзитін қамтамасыз ету туралы
КЕЛІСІМ
(2013 жылғы 20 маусымда күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2013 ж., N 4, 45-құжат)
Бұдан әрі «қазақстандық Тарап» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі және «британдық Тарап» деп аталатын Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Үкіметі, бұдан әрі бірлесе «Тараптар» деп аталатындар,
Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 1368 (2001), 1373 (2001), 1386 (2001), 1444 (2002), 1510 (2003), 1536 (2004), 1589 (2005), 1623 (2005), 1659 (2006), 1707 (2006), 1776 (2007), 1833 (2008) және 2011 (2011) қарарларының ережелерін,
1995 жылғы 19 маусымда Брюссельде жасалған Солтүстік Атлант шартына қатысушы мемлекеттер мен өздерінің Қарулы Күштерінің мәртебесіне қатысты «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасына қатысушы басқа да мемлекеттер арасындағы келісімнің (бұдан әрі — PfP келісімі) ережелерін назарға ала отырып,
Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі халықаралық іс-қимылдарға жәрдемдесу мақсатында,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Осы Келісім Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі халықаралық іс-қимылдарды қолдау мақсатында британдық Тараптың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы әскери мүлік пен персоналдың транзитін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2-бап
Осы Келісімнің мақсаттары үшін онда пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді:
1) «транзит» - қазақстандық Тapaп осы Келісімнің шарттарына сәйкес ұсынатын, осы Келісімнің Қосымшасында көрсетілген бағыттар бойынша әскери мүлік пен персоналды тасымалдайтын әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының аумағы арқылы қонбай ұшып өтуі;
2) «әуе кемесі» - Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің әскери-көлік әуе кемесі немесе британдық Тарап жалдаған, бортында әскери мүлік және/немесе персонал бар әуе кемесі;
3) «әскери мүлік» - қауіпсіздікке жәрдемдесу халықаралық күштерінің (ҚЖХК) бітімгершілік операциялары шеңберінде айқындалған қару түрлерінің кешендері және оны жауынгерлік қолдануды қамтамасыз ету құралдары, оның ішінде 1990 жылғы 19 қарашадағы Еуропадағы әдеттегі қарулы күштер туралы шартта, сондай-ақ 1968 жылғы 1 шілдедегі Ядролық қаруды таратпау туралы шартта белгіленген шектеулерді ескере отырып, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің жауапкершілігіндегі жеткізу құралдары, қарулы күштерді жабдықтауға арналған көздеу, ұшыру, басқару жүйелері, оқ-дәрілер және олардың компоненттері, қосалқы бөлшектер, приборлар мен приборларға жинақтаушы бұйымдар, қарулы күштердің жеке құрамының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйелері, жаппай қырып-жою қаруынан қорғанудың ұжымдық және жеке құралдары, жаппай қырып жою қаруын қолдану нәтижесінде туындайтын төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою құралдары, арнаулы тыл құрал-жабдықтары, әскери киім-кешек пен оларға тиесілі айырым белгілері және атрибуттар;
4) «персонал» - Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің әскери қызметшілері мен азаматтық қызметшілері.
3-бап
1. Әуе кемелерінің транзиті (топтық емес, жеке ұшулар) осы Келісімнің Қосымшасында көрсетілген әуе дәліздері арқылы Қазақстан Республикасының аумағында аралық қонусыз, осы бапқа сәйкес берілетін рұқсаттардың негізінде жүзеге асырылады.
2. Дипломатиялық арналар арқылы қазақстандық Тарапқа жіберілген тиісті сұрау салудың негізінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану үшін британдық Тарапқа мынадай рұқсат түрлері беріледі:
1) арнайы (тұрақты) рұқсат — Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің әскери-көлік әуе кемелері үшін;
2) біржолғы рұқсат — британдық Тарап жалдаған әуе кемелері үшін.
3. Арнайы (тұрақты) рұқсат алу үшін британдық Тарап қазақстандық Тарапқа дипломатиялық арналар арқылы тиісті сұрау салуды жібереді. Сұрау салуда мынадай ақпарат көрсетіледі:
1) тасымалдануы болжанып отырған жүктің және персоналдың межелі пункті мен жалпы сипаттамасы;
2) транзит бағыттары.
4. Кезекті арнайы (тұрақты) рұқсатты алу үшін британдық Тарап дипломатиялық арналар арқылы қазақстандық Тарапқа тиісті күнтізбелік жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей жазбаша сұрау салу жібереді. Қазақстандық Тараптың мұндай кезекті арнайы (тұрақты) рұқсаты келесі күнтізбелік жылдың соңына дейін қолданыста болады.
Бастапқы арнайы (тұрақты) рұқсат — рұқсат берілетін күнтізбелік жылдың соңына дейін қолданыста болады.
Осы Келісімнің қолданысы тоқтатылған жағдайда қолданыстағы арнайы (тұрақты) рұқсат автоматты түрде күшін жояды.
5. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануға біржолғы рұқсат алу үшін британдық Тарап әрбір көзделіп отырған транзитті жүзеге-асыруға дейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей, мынадай ақпаратты:
1) пайдаланушының толық атауы мен пошталық мекенжайын;
2) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) коды мен рейс нөмірі;
3) әуе кемесінің типін, тіркеу нөмірін, радиошақыру белгісін және әуе кемесі тіркелген мемлекетті;
4) навигациялық және байланыс жабдығының типін;
5) қосалқы әуеайлақтар көрсетіліп, әуе кемесінің ұшу және қону пункттерін;
6) әскери мүліктің жалпы сипаттамасын, борттағы персоналдың санын, сондай-ақ бортта қауіпті жүктің болуын;
7) күнін, толық әуе бағытын және әуе кемесінің ұшу бағытындағы әуе жолдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіне/нен кіру/шығу нүктелері міндетті түрде көрсетілген қозғалыс кестесін көрсете отырып, дипломатиялық арналар арқылы жазбаша сұрау салуды жібереді.
6. Транзитті жүзеге асыру барысында арнайы (тұрақты) немесе
біржолғы рұқсаттың қолданысы тоқтатыла тұрған немесе күші жойылған
жағдайда британдық Тарап әуе кемесінің Қазақстан Республикасының әуе
кеңістігінен бортындағы әскери мүлкімен және персоналымен бірге
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіне кіру пункті арқылы немесе,
егер бұл техникалық себептер бойынша қажет болса, ең жақын орналасқан
пункт арқылы транзитті аяқтамай ұшып кетуін өз есебінен қамтамасыз
етеді.
7. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіндегі ұшулар ИКАО-ның белгіленген қағидаларына, ұшуларды жүзеге асыруды регламенттейтін және қазақстандық Аэронавигациялық ақпарат жинағында (АІР) жарияланатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Келісімге сәйкес орындалады.
8. Қазақстандық Тарап аэронавигациялық алымдарды ала отырып, әуе кемелеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аэронавигациялық қызмет көрсетеді.
9. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшатын әуе кемелері:
1) аэронавигациялық қызмет көрсетуші қызметпен екіжақты радиобайланыс жасауды қамтамасыз ететін радиобайланыс аппаратурасымен;
2) Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) белгілеген тәртіпке сәйкес тиісті режимде жұмыс істейтін радиолокациялық қабылдау-жауап беру құрылғысымен (транспондермен) жабдықталуға тиіс.
10. Әуе кемелері экипаждарының диспетчерлермен сөйлесулері
ағылшын тілінде ИКАО радиобайланысы фразеологиясының белгіленген
қағидалары бойынша жүргізіледі.
4-бап
1. Қазақстандық Тарап осы Келісімнің 3-бабына сәйкес сұратылған кез келген рұқсатты беруден бас тартуға құқылы.
2. Егер қазақстандық Тарап осы Келісімнің ережелері сақталмай отыр не әскери мүлік пен персоналдың тасымалдануы осы Келісімнің ережелеріне сай емес немесе Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді деп тапса, қазақстандық Тарап осы Келісімнің шеңберінде әуе кемесіне бұрын берілген кез келген рұқсаттың қолданысын тоқтата тұруға құқылы.
3. Қазақстандық Тарап рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру немесе күшін жою туралы әрбір шешім жөнінде британдық Тарапты дереу хабардар етеді.
5-бап
1. Британдық Тарап Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану туралы хабарламаны әрбір жоспарланған ұшуға дейін 4 (төрт) сағат бұрын Қазақстан Республикасының Әуе қозғалысын жоспарлаудың бас орталығына (AFTN - UAAKZDZK, UAAAZDZW) ұшу жоспарын жіберу арқылы ұсынады.
2. Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің әскери-көлік әуе кемелеріне қатысты хабарламалар мынадай ұшу деректерін:
1) арнайы (тұрақты) рұқсаттың нөмірін;
2) әуе кемесінің типін, тіркеу нөмірін және радиошақыру белгісін;
3) қосалқы әуеайлақтар көрсетіліп, әуе кемесінің ұшу және қону пункттерін;
4) борттағы персоналдың санын;
5) күнін және болжамды әуе бағытын, ұшу бағытындағы әуе трассалары және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіне/нен кіру/шығу нүктелері міндетті түрде көрсетілген қозғалыс кестесін қамтиды.
3. Британдық Тарап жалдаған әуе кемелеріне қатысты
хабарламалар мынадай ұшу деректерін:
1) ұшуға қазақстандық Тарап берген біржолғы рұқсаттың нөмірін;
2) әуе кемесінің типін, тіркеу нөмірін, радиошақыру белгісін, ИКАО кодын және рейстің нөмірін;
3) қосалқы әуеайлақтар көрсетіліп, әуе кемесінің ұшу және қону пункттерін;
4) борттағы персоналдың саны;
5) күні мен болжамды әуе бағытын, әуе кемесінің әмбебап үйлестірілген уақыттағы (UТС) қозғалыс кестесін және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіне/нен кіру/шығу нүктелерін қамтиды.
Ұшу жоспарында көрсетілетін ақпарат ИКАО құжаттарында айқындалғандай етіп және осы Келісімнің баптарына сәйкес беріледі.
4. Әуе кемесінің бортында тасымалданатын әскери мүліктің саны мен атауын растайтын сипаттамалық құжат және/немесе өзге де құжаттама (әуе жүкқұжаты немесе сол сияқты құжат) болуға тиіс.
5. Қазақстан Республикасының әуе қозғалысын жоспарлаудың бас орталығына ұшу жоспары ұсынылмаған әуе кемесінің Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіне кіруіне тыйым салынады.
6-бап
Осы Келісімнің шеңберінде транзитті жүзеге асыратын әуе кемесі Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде жанармай құюды жүргізе алмайды, сондай-ақ апатты жағдайда қонуды қоспағанда, жанармай құю, экипаждың демалуы үшін немесе өзге де мақсаттарда оған Қазақстан Республикасының аумағына техникалық қонуға болмайды.
7-бап
1. Қазақстандық Тарап әуе кемесін мәжбүрлеп қонуға бағыттау жөніндегі өзінің егеменді құқығын пайдалана алады. Мұндай жағдайда, сондай-ақ әуе кемесі апатты жағдайда қонғанда Қазақстан Республикасының кедендік және шекаралық бақылау органдары әуе кемесінің бортындағы әскери мүлік пен персоналды тексеріп қарауға құқылы.
2. Британдық Тарап қазақстандық Тараптың сұрау салуы бойынша әскери мүліктің Ауғанстан Ислам Республикасының қауіпсіздігін, тұрақтылығын қамтамасыз ету және оны қалпына келтіру мақсаттарына арналғаны жөніндегі растауды береді.
3. Әуе кемесі Қазақстан Республикасының аумағына қонған жағдайда қазақстандық Тарап шекаралық және кедендік бақылау мақсатында әуе кемесінің бортындағы әскери мүлік пен персоналдың осы Келісімнің 5-бабының 2, 3 және 4-тармақтарында көзделген құжаттарда мәлімделгендерге сәйкес екендігіне көз жеткізу үшін әскери мүлік пен персоналға қатысты құжаттарды тексеруге құқылы.
4. Осы Келісімді орындау мақсатында Қазақстан Республикасының аумағындағы персоналдың мәртебесі 1951 жылғы 19 маусымда Лондонда жасалған Солтүстік Атлант шартына қатысушы мемлекеттер арасындағы өз күштерінің мәртебесіне қатысты келісімде (бұдан әрі - NАТО-SOFА келісімі) және РfР келісімінде айқындалған.
Персонал Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға және оның ішкі істеріне араласпауға міндетті.
Қазақстан Республикасының аумағына қонған жағдайда әуе кемесінің бортындағы персонал әуе кемесінің бортында болу персоналдың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының құзырлы органдарының келісімінсіз әуе кемесі қонған жерден кете алмайды.
5. Әскери мүліктің транзиті Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кедендік баждар мен салықтарды өндіріп алусыз жүзеге асырылады.
6. Қазақстан Республикасының аумағына осы баптың 1-тармағына сәйкес қонған әуе кемесі қону себебі жойылғаннан кейін қонған жерінен ұшып кетеді.
8-бап
Осы Келісімнің 7-бабында көзделген рәсімдерді қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ әуе қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қазақстандық Тарап әуе кемелерін мәжбүрлеп қондыруға бағыттауға құқылы.
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінің шегіндегі әуе кемелерінің экипаждары Қазақстан Республикасының әуе қозғалысын басқару (қызмет көрсету) мен ұйымдастыру органдарының нұсқамаларын орындауға міндетті.
9-бап
NATO-SOFA келісімінің VIII бабына сәйкес, Тараптардың әрқайсысы осы Келісімді орындау үшін жүзеге асырылатын қызметке байланысты оның персоналына немесе мүлкіне келтірілген залал үшін екінші Тарапқа өтемақы төлеу жөніндегі кез келген талап қоюдан бас тартады.
Британдық Тараптың қазақстандық Тарап аумағында үшінші тұлғаларға келтірген зиянды NATO-SOFA келісімінің VIII бабының 5-тармағының ережелеріне сәйкес өтеледі.
10-бап
1. Тараптардың бірі транзитке байланысты алатын ақпарат осы ақпаратты берген Тараптың жазбаша келісімінсіз үшінші тарапқа берілмейді.
2. Осы баптың 1-тармағы қазақстандық Тарапқа осы Келісімнің 3және 5-баптарына сәйкес берілген ақпаратқа қатысты қолданылмайды. Мұндай ақпарат үшінші тарапқа осы Келісім шеңберіндегі транзитке жәрдемдесу мақсатында ғана берілуі мүмкін.
11-бап
Осы Келісімнің ережелерін қолдануға және түсіндіруге байланысты даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасындағы консультациялар мен келіссөздер арқылы шешіледі.
12-бап
1. Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.
2. Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге, соның ішінде оның ажырамас бөлігі болып табылатын Қосымшасына осы баптың 1-тармағында көзделген тәртіппен күшіне енетін жекелеген хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
3. Осы Келісімнің қолданысы Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына сәйкес айқындалатын Қауіпсіздікке жәрдемдесу халықаралық күштерінің өкілеттіктері аяқталғаннан кейін немесе Тараптардың бірі осы Келісімнің қолданысын тоқтату ниеті туралы екінші Тараптың жазбаша хабарламасын дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап алты ай өткен соң тоқтатылады.
4. Осы Келісімнің қолданысы тоқтатылған жағдайда осы Келісімнің 9-бабында көзделген міндеттемелер Тараптар өзгеше келісімге келгенге дейін Тараптар үшін өз күшінде қалады.
2012 жылғы "27" ақпанда Астана қаласында әрқайсысы қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.
Қазақстан Ұлыбритания және
Республикасының Солтүстік Ирландия
Үкіметі үшін Құрама Корольдігінің Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия
Құрама Корольдігінің Үкіметі арасындағы
Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама
Корольдігінің Ауғанстан Ислам Республикасын
тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі
халықаралық іс-қимылдарға қатысуына
байланысты Қазақстан Республикасының аумағы
арқылы әскери мүлік пен персоналдың транзитін
қамтамасыз ету туралы келісімге
қосымша
Екі бағытта ұсынылған маршруттар:
1. Кіру нүктесі GASBI G161 бағыты NEPIL В363 бағыты шығу нүктесі KUNAS
2. Кіру нүктесі AZABI А87 бағыты AKTAU В363 бағыты шығу нүктесі KUNAS».
2012 жылғы 27 ақпанда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Үкіметі арасындағы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру мен қалпына келтіру жөніндегі халықаралық іс-қимылдарға қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы әскери мүлік пен персоналдың транзитін қамтамасыз ету туралы келісімнің бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
Халықаралық құқық
департаментінің
Басқарма бастығы Д. Есентаев
РҚАО-ның ескертпесі!
Бұдан әрі Келісімнің ағылшын тіліндегі мәтіні берілген.