Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қаласының әкімдігінің 20.04.2016 № 16/16 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2014 жылғы 29 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңдарына сәйкес, "Қарағанды қаласының атқарушы органдарының құрылымы және штат санының лимиттері туралы" Қарағанды қаласының әкімдігінің 2015 жылғы 4 ақпандағы № 04/05 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 05/02 қаулысын орындау мақсатында, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген "Қарағанды қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. "Қарағанды қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Е.Б. Ағатановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Н. Әубәкіров |
Қарағанды қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 07/14 қаулысымен бекітілген |
"Қарағанды қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Қарағанды қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің шегінде ауыл шаруашылығы саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Қарағанды қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Қарағанды қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Қарағанды қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Қарағанды қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Қарағанды қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Қарағанды қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері:
Қазақстан Республикасы, 100008, Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Бейбітшілік бульвары, 39 үй.
9. Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде – "Қарағанды қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде – государственное учреждение "Отдел сельского хозяйства города Караганды".
10. Осы Ереже "Қарағанды қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Қарағанды қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. "Қарағанды қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қарағанды қаласының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер, "Қарағанды қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. "Қарағанды қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы ауыл шаруашылығы саласындағы біртұтас мемлекеттік саясатты, мемлекеттік және заңнамада белінген тәртібінде басқа да бағдарламаларды қалыптастыру және жүзеге асыру болып табылады.
14. Міндеттері:
1) бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнiмiн және оның қайта өңдеу өнiмдерiн өндiрудің экономикалық жағдайларын жасау;
2) заңнамамен жүктелген басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
15. Функциялары:
1) агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерiн "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына және осы саладағы басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;
2) елді мекендерде ауыл шаруашылығы малын ұстау мен жаюдың ережелерiн әзiрлеу;
3) агроөнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргiзу және оны облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) беру;
4) тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) есептілік ұсыну;
5) агроөнеркәсіптік кешен саласында мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
6) тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру;
7) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру;
8) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды сенiмхат бойынша басқаратын адамдарды тiркеу;
9) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды нөмiрлiк тiркеу белгiлерiн бере отырып, тiркеу, қайта тiркеу;
10) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу;
11) тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерге, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат ұсыну;
12) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден асыл тұқымды мал туралы деректер жинауды жүзеге асыру;
13) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізу үшін деректер жинауды жүзеге асыру;
14) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден және асыл тұқымды малы бар жеке және заңды тұлғалардан бекітілген нысандар бойынша есептер қабылдау;
15) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік бойынша бағалау туралы деректерді қабылдап, қорыту және оның нәтижелері туралы мүдделі адамдарды хабардар ету;
16) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің асыл тұқымдық өнімді (материалды) жыл сайынғы өткізу көлемдеріне өтінімдер қабылдауды жүзеге асыру;
17) асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, асыл тұқымды мал орталығы, дистрибьютерлiк орталық, асыл тұқымдық репродуктор және ірі қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палата беретін асыл тұқымдық куәліктердің есебін жүргізу;
18) сауда саясатын жүргiзудi қамтамасыз ету;
19) өз құзыретi шегiнде сауда қызметi субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi жүзеге асыру;
20) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде сауда қызметiне қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде шаралар әзiрлеу;
21) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асыру;
22) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
23) қатынаста әкімгер болып табылатын бюджеттік бағдарламалар нәтижесіне жету және орындау, жаңару, жоспарлау;
24) өз құзырындағы іс-шараларды іске асыру, іс-шара жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың пайда болуына қарсы әрекет жасау, сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша іс-шаралар жоспарын қалалық және аумақтық міндетті орындауда қамтамасыз ету;
25) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) өз функцияларын орындау мақсатында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан қажетті құжаттарды, ақпараттарды сұрау және алу;
2) өз құзырына жататын мәселелерді шешуді қарау жөнінде қала әкімі мен әкімдігіне ұсыныстар енгізу;
3) өз өкілеттігінің шеңберінде халықаралық көрмелерге, жәрмеңкелерге, аукциондарға, симпозиумдар мен өзге шараларды өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға қатысу;
4) Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы саласындағы заңдары бұзылған жағдайда сотқа талап қою;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен ұсынылған басқа да құқықтарды пайдаланады.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
17. "Қарағанды қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінде басшылықты, "Қарағанды қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
18. "Қарағанды қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қарағанды қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. "Қарағанды қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
20. "Қарағанды қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттілігі:
1) өз құзыретінің шегінде бұйрықтар, нұсқаулар шығарады және "Қарағанды қаласының ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі барлық құрылымдық бөлімшелерімен орындалуға міндетті нұсқаулар береді, келісім-шарттарды жасайды;
2) "Қарағанды қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімдер туралы Ережені бекітеді;
3) өзінің орынбасарының, құрылымдық бөлімдердің міндеттері мен өкілеттілігін анықтайды;
4) "Қарағанды қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, олардың міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
5) заңмен белгіленген тәртіппен "Қарағанды қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
6) қолданыстағы заңдарға сәйкес барлық ұйымдарда және органдарда "Қарағанды қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өкілі болып табылады;
7) өз құзыретінің шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарының орындалуын қаматамасыз етеді және осы үшін жеке жауапкершілікті тартады;
8) құжаттардың орындалу барысын ұйымдастырады және бақылау жасайды;
9) қолданыстағы зандарға сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
"Қарағанды қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21. Бірінші басшы өз орынбасарының өкiлеттiгiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
22. "Қарағанды қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада қарастырылған жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
"Қарағанды қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. "Қарағанды қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бекiтiлген мүлкі коммуналдық меншiкке жатады.
24. "Қарағанды қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамада өзгеше көзделмесе, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру мен тарату
25. "Қарағанды қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру мен тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.