Қарағанды қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 16/16 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына, "Мемлекеттік мекемелерді қайта ұйымдастыру туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 13/44 қаулысына сәйкес, Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарағанды қаласы әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      1) "Қарағанды қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" 2015 жылғы 18 ақпандағы № 07/14 (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімдемесінде 3017 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 12 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 19 наурызда № 33-34 (21784-12785) "Индустриальная Караганда" және 2015 жылғы 19 наурызда № 43-44 (21929) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған);
      2) "Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" 2015 жылғы 18 ақпандағы № 07/18 (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімдемесінде 3019 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 12 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 27 қазанда № 149-150 (21900-21901) "Индустриальная Караганда" және 2015 жылғы 27 қазанда № 174 (22058) "Орталық Қазақстан" газеттерінде жарияланған).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қарағанды қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Н. Әубәкіров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады