"Қарағанды қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінде "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы

Қарағанды қалалық мәслихатының 2015 жылғы 16 қыркүйектегі V шақырылған XLIХ сессиясының № 486 шешімі. Қарағанды облысының әділет департаментінде 2015 жылғы 9 қазанда № 3436 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2016 жылғы 2 наурыздағы № 573 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 02.03.2016 № 573 (ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 86 "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10130 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Қарағанды қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінде "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесі бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарағанды қалалық мәслихат аппаратының басшысына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрайымы
С. Сыздықова
Қалалық мәслихат хатшысы
Қ. Оспанов

  Қарағанды қалалық мәслихатының
2015 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 486 шешімімен бекітілген

"Қарағанды қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінде "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Қарағанды қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінде "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Жарлығын іске асыру үшін әзірленді және "Қарағанды қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінде "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі - қызметшілер) қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу тәсілін айқындайды.
      2. Қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі - бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.
      3. Бағалау мемлекеттік әкімшілік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзімде жүргізіледі.
      4. Қызметшілерді бағалау мыналардан:
      1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауы;
      2) айналмалы бағалау (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауы).
      Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.
      5. Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттар айқындалады, тағылымдамадан өткізу, ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірленеді.
      6. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы екі "қанағаттанарлықсыз" деген баға алуы, оны аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады.
      Аттестаттаудан өткізу туралы шешім қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған бағалау нәтижелері ескерілмейді.
      7. "Қанағаттанарлықсыз" деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданған тұлғаға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
      8. Қызметшінің қорытынды бағасын тұрақты жұмыс істейтін Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) бекітеді, оны қызметшіні лауазымға тағайындау және лауазымнан босату құқығы бар адам құрады.
      9. Комиссия кемінде үш мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.
      10. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы Комиссия төрағасы болып табылады.
      Комиссия хатшысы қалалық мәслихат аппаратының ұйымдастыру бөлімінің бас маманы (кадр мәселелері бойынша) (бұдан әрі – ұйымдастыру бөлімінің бас маманы) болып табылады.
      Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
      Егер Комиссия құрамына оған қатысты бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы, сондай-ақ осы Әдістеменің 4 тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар осы қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды.

2. Бағалау жүргізуге дайындық

      11. Ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін әзірлейді.
      Ұйымдастыру бөлімінің бас маманы бағалау өткізуге дейін бір айдан кешіктірмей бағаланатын қызметшіге, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағында көрсетілген тұлғаларға бағалау жүргізілетіні туралы хабарлайды және оларға толтыру үшін бағалау парағын жібереді.

3. Тікелей басшының бағалауы

      12. Тікелей басшы осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тікелей басшысының бағалау парағын ұйымдастыру бөлімінің бас маманынан алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады, қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстырады және екі жұмыс күні ішінде толтырылған бағалау парағын персоналды басқару қызметіне қайтарады.
      Қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда ұйымдастыру бөлімінің бас маманы және тікелей басшы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.

4. Айналмалы бағалау

      13. Айналмалы бағалау қызметшінің қарамағындағы адамдардың, ал қарамағындағы адамдар болмаған жағдайда - қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымды атқаратын адамның (олар болған жағдайда) бағалауын білдіреді.
      Мұндай адамдардың тізімін (үш адамнан аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай ұйымдастыру бөлімінің бас маманы бағалау жүргізілгенге бір айдан кешіктірмей анықтайды.
      14. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда айналмалы бағалау парағын толтырады.
      15. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен толтырылған бағалау парағы оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде ұйымдастыру бөлімінің бас маманына жіберіледі.
      16. Ұйымдастыру бөлімінің бас маманы осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасын есептейді.
      17. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен бағалау жасырын түрде жүргізіледі.

5. Қызметшінің қорытынды бағасы

      18. Ұйымдастыру бөлімінің бас маманы қызметшінің қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:
       а = b + с;
       а - қызметшінің қорытынды бағасы;
       b - тікелей басшының бағасы;
       с - осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасы.
      19. Қорытынды баға мына шкала бойынша қойылады:
      21 баллдан төмен - "қанағаттанарлықсыз";
      21-ден 33 балға дейін - "қанағаттанарлық";
      33 баллдан жоғары - "тиімді".

6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      20. Ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
      Ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Комиссияның отырысына мына құжаттарды:
      1) толтырылған тікелей басшының бағалау парағын;
      2) толтырылған айналмалы бағалау парағын;
      3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;
      4) осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды баға көрсетілген Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
      21. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:
      1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
      2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.
      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:
      егер қызметшінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса, бұл ретте қызметшінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;
      қызметшінің бағалау нәтижесін санауда қате жіберілсе.
      Бұл ретте қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді.
      22. Ұйымдастыру бөлімінің бас маманы бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң бес жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.
      Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда ұйымдастыру бөлімінің бас маманы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
      23. Осы Әдістеменің 20-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы ұйымдастыру бөлімінің бас маманында сақталады.

7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      24. Комиссия шешіміне қызметшінің мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      25. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті қызметшіден шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағым қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
      26. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.

  "Қарағанды қалалық мәслихатының
аппараты" мемлекеттік мекемесінде
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы
бағалау әдістемесіне
1-қосымша

      нысан

Тікелей басшысының бағалау парағы

      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда):________________
      Бағаланатын қызметшінің лауазымы:_________________________________

№ р/н
Өлшем
Көрсеткіштің мәні
Баға
(балл)
1.
Бастамашылығы
2-ден 5-ке дейін
 
2.
Лауазымды міндеттерін орындау сапасы
2-ден 8-ге дейін
 
3.
Әрекеттестікке икемділігі
2-ден 5-ке дейін
 
4.
Қызметтік этиканы сақтауы
2-ден 5-ке дейін
 
Барлығы (барлық бағалардың бағасы):
 
 

      
      Таныстым: Тікелей басшы
      Қызметші Т.А.Ә.(бар болған
      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)_______ жағдайда)____________
      күні_________________________ күні___________________________
      қолы_________________________ қолы__________________________

  "Қарағанды қалалық мәслихатының
аппараты" мемлекеттік мекемесінде
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін
жыл сайынғы бағалау әдістемесіне
2-қосымша

      нысан

Айналмалы бағалау парағы

      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда):________________
      Бағаланатын қызметшінің лауазымы:_________________________________

№ р/н
Өлшем
Көрсеткіштің мәні
Баға
(балл)
Бағынышты адам
1.
Жұмысты жоспарлай алу қабілеті
2-ден 5-ке дейін
 
2.
Жұмысқа ынталандыру қабілеті
2-ден 5-ке дейін
 
3.
Қызметтік этиканы сақтауы
2-ден 5-ке дейін
 
Барлығы (барлық бағалардың бағасы)
 
Әріптесі
1.
Топта жұмыс істей алу қабылеті
2-ден 5-ке дейін
 
2.
Қызметтік этиканы сақтауы
2-ден 5-ке дейін
 
3.
Лауазымды міндеттерін орындау сапасы
2-ден 5-ке дейін
 
Барлығы (барлық бағалардың бағасы)
 

  "Қарағанды қалалық мәслихатының
аппараты" мемлекеттік мекемесінде
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін
жыл сайынғы бағалау әдістемесіне
3-қосымша

      нысан

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

      (мемлекеттік орган атауы)

№ р/р
Қызметшінің Т.А.Ә.
(бар болған жағдайда)
Тікелей басшының бағасы
Айналмалы баға
Қорытынды баға
1.
 
 
 
 

      
      Комиссия қорытындысы:
      __________________________________________________________________
      ________________________________________________________________
      _________________________________________________________________
      Тексерген:
      Комиссия хатшысы:_________________________ Күні:_________________
       (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)
      Комиссия төрағасы:_________________________ Күні:_________________
       (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)
      Комиссия мүшесі:___________________________ Күні:_________________
       (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)

Об утверждении Методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" в государственном учреждении "Аппарат Карагандинского городского маслихата"

Решение XLIX сессии V созыва Карагандинского городского маслихата от 16 сентября 2015 года № 486. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 9 октября 2015 года № 3436. Утратило силу решением Карагандинского городского маслихата от 2 марта 2016 года N 573

      Сноска. Утратило силу решением Карагандинского городского маслихата от 02.03.2016 N 573 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 июля 1999 года "О государственной службе", Указом Президента Республики Казахстан от 21 января 2000 года № 327 "Об утверждении Правил проведения ежегодной оценки деятельности и аттестации административных государственных служащих", Приказом председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 29 декабря 2014 года № 86 "Об утверждении Типовой методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10130) Карагандинский городской маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемую Методику ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" в государственном учреждении "Аппарат Карагандинского городского маслихата".
      2. Контроль за исполнением данного решения возложить на руководителя аппарата Карагандинского городского маслихата.
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель сессии
С. Сыздыкова
Секретарь городского маслихата
К. Оспанов

      

 
Утверждена
решением Карагандинского
городского маслихата
от 16 сентября 2015 года № 486

Методика
ежегодной оценки деятельности административных государственных
служащих корпуса "Б" в государственном учреждении "Аппарат Карагандинского городского маслихата"
1. Общие положения

      1. Настоящая Методика ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" в государственном учреждении "Аппарат Карагандинского городского маслихата" разработана в реализацию Указа Президента Республики Казахстан от 21 января 2000 года № 327 "Об утверждении Правил проведения ежегодной оценки деятельности и аттестации административных государственных служащих" и определяет методы ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" в государственном учреждении "Аппарат Карагандинского городского маслихата" (далее – служащие).
      2. Ежегодная оценка деятельности служащих (далее – оценка) проводится для определения эффективности и качества их работы.
      3. Оценка проводится по истечении каждого года пребывания на государственной службе, не позднее трех месяцев со дня его наступления, но не ранее шести месяцев со дня занятия данной должности.
      4. Оценка служащего складывается из:
      1) оценки непосредственного руководителя служащего;
      2) круговой оценки (оценки подчиненных или коллег служащего).
      Непосредственным руководителем служащего является лицо, которому он подчиняется согласно своей должностной инструкции.
      5. По результатам оценки вырабатываются предложения по устранению недостатков в деятельности служащих, определяются направления их деятельности, требующие улучшения, вырабатываются предложения по карьерному продвижению и стажировке служащих.
      6. Получение служащим двух оценок "неудовлетворительно" в течение последних трех лет является основанием для проведения аттестации.
      При принятии решения о проведении аттестации не учитываются результаты оценки, которые являлись основанием для проведения предыдущей аттестации.
      7. Служащий, получивший оценку "неудовлетворительно", не закрепляется наставником за лицами, впервые принятыми на административные государственные должности.
      8. Итоговая оценка служащего утверждается постоянно действующей Комиссией по оценке (далее – Комиссия), которая создается лицом, имеющим право назначения на должности и освобождения от должностей служащих.
      9. Комиссия состоит не менее, чем из трех членов, в том числе председателя.
      10. Результаты голосования определяются большинством голосов членов Комиссии. При равенстве голосов голос председателя комиссии является решающим.
      Председателем Комиссии является секретарь Карагандинского городского маслихата.
      Секретарем Комиссии является главный специалист организационного отдела аппарата городского маслихата (по кадровым вопросам), (далее - главный специалист организационного отдела). Секретарь Комиссии не принимает участие в голосовании.
      В случае, если в состав Комиссии входит непосредственный руководитель служащего, в отношении которого проводится оценка, а также служащие, указанные в подпункте 2) пункта 4 настоящей Методики, они не принимают участия в голосовании и принятии решений по данному служащему.

2. Подготовка к проведению оценки

      11. Главный специалист организационного отдела формирует график проведения оценки по согласованию с председателем Комиссии.
      Главный специалист организационного отдела уведомляет служащего, подлежащего оценке, а также лиц, указанных в пункте 4 настоящей Методики, о проведении оценки не позднее одного месяца до проведения оценки и направляет им оценочные листы для заполнения.

3. Оценка непосредственного руководителя

      12. Непосредственный руководитель заполняет оценочный лист непосредственного руководителя по форме согласно приложению 1 к настоящей Методике в течение трех рабочих дней со дня его получения от главного специалиста организационного отдела, ознакамливает служащего с заполненным оценочным листом и направляет заполненный оценочный лист главному специалисту организационного отдела в течение двух рабочих дней.
      Ознакомление служащего с заполненным оценочным листом осуществляется в письменной или электронной форме.
      Отказ служащего от ознакомления не может служить препятствием для направления документов на заседание Комиссии. В этом случае главным специалистом организационного отдела и непосредственным руководителем служащего в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.

4. Круговая оценка

      13. Круговая оценка представляет собой оценки подчиненных служащего, а в случае отсутствия подчиненных – лиц, занимающих должности в структурном подразделении, в котором работает служащий (в случае их наличия).
      Перечень таких лиц (не более трех) определяется главным специалистом организационного отдела не позднее одного месяца до проведения оценки, исходя из должностных обязанностей и служебных взаимодействий служащего.
      14. Лица, указанные в пункте 13 настоящей Методики, заполняют оценочный лист круговой оценки по форме согласно приложению 2 к настоящей Методике.
      15. Оценочные листы, заполненные лицами, указанными в пункте 13настоящей Методики, направляются главному специалисту организационного отдела в течение двух рабочих дней со дня их получения.
      16. Главный специалист организационного отдела осуществляет расчет средней оценки лиц, указанных в пункте 13 настоящей Методики.
      17. Оценка лицами, указанными в пункте 13 настоящей Методики, осуществляется анонимно.

5. Итоговая оценка служащего

      18. Итоговая оценка служащего вычисляется главным специалистом организационного отдела не позднее пяти рабочих дней до заседания Комиссии по следующей формуле:
      a = b + c;
       где a – итоговая оценка служащего;
       b – оценка непосредственного руководителя;
       c – средняя оценка лиц, указанных в пункте 13 настоящей Методики.
      19. Итоговая оценка выставляется по следующей шкале:
      менее 21 балла – "неудовлетворительно";
      от 21 до 33 баллов – "удовлетворительно";
      выше 33 баллов – "эффективно".

6. Рассмотрение результатов оценки Комиссией

      20. Главный специалист организационного отдела обеспечивает проведение заседания Комиссии по рассмотрению результатов оценки в соответствии с графиком, согласованным с председателем Комиссии.
      Главный специалист организационного отдела предоставляет на заседание Комиссии следующие документы:
      1) заполненный оценочный лист непосредственного руководителя;
      2) заполненный лист круговой оценки;
      3) должностная инструкция служащего;
      4) проект протокола заседания Комиссии по форме согласно приложению 3настоящей Методики.
      21. Комиссия рассматривает результаты оценки и принимает одно из следующих решений:
      1) утвердить результаты оценки;
      2) пересмотреть результаты оценки.
      В случае принятия решения о пересмотре результатов оценки Комиссия корректирует оценку с соответствующим пояснением в протоколе в следующих случаях:
      если эффективность деятельности служащего превышает результат оценки, при этом представляется документальное подтверждение результатов работы служащего;
      при допущении ошибки при расчете результата оценки служащего.
      При этом не допускается снижение оценки служащего.
      22. Главный специалист организационного отдела ознакамливает служащего с результатами оценки в течение пяти рабочих дней со дня ее завершения.
      Ознакомление служащего с результатами оценки осуществляется в письменной или электронной форме.
      Отказ служащего от ознакомления не может служить препятствием для внесения результатов оценки в его послужной список. В этом случае главным специалистом организационного отдела в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.
      23. Документы, указанные в пункте 20 настоящей Методики, а также подписанный протокол заседания Комиссии хранятся у главного специалиста организационного отдела.

7. Обжалование результатов оценки

      24. Обжалование решения Комиссии служащим в уполномоченном органе по делам государственной службы и противодействию коррупции или его территориальном департаменте осуществляется в течение десяти рабочих дней со дня вынесения решения.
      25. Уполномоченный орган по делам государственной службы и противодействию коррупции или его территориальный департамент в течение десяти рабочих дней со дня поступления жалобы служащего осуществляет ее рассмотрение и в случаях обнаружения нарушений рекомендует государственному органу отменить решение Комиссии.
      26. Информация о принятом решении представляется государственным органом в течение двух недель в уполномоченный орган по делам государственной службы и противодействию коррупции или его территориальный департамент.

 
Приложение 1
к Методике ежегодной оценки
деятельности административных
государственных служащих корпуса "Б" в
государственном учреждении "Аппарат Карагандинского
городского маслихата"

      
       форма

Оценочный лист непосредственного руководителя

       Ф.И.О. (при его наличии) оцениваемого служащего: _________________
       Должность оцениваемого служащего: _____________________________

№ п/п
 
Критерий
 
Значение показателя
 
Оценка (баллы)
 
 
1.
 
Инициативность
 
от 2 до 5
 
 
 
2.
 
Качество исполнения должностных обязанностей
 
от 2 до 8
 
 
 
3.
 
Способность к сотрудничеству
 
от 2 до 5
 
 
 
4.
 
Соблюдение служебной этики
 
от 2 до 5
 
 
 
Итого (сумма всех оценок):
 
 
 
 
Ознакомлен (а): Служащий
Ф.И.О. (при его наличии) _____________
дата ________________________
подпись _____________________
 
Непосредственный руководитель
Ф.И.О. (при его наличии) ____________
дата ____________________________
подпись _________________________
 

      

 
Приложение 2
к Методике ежегодной оценки
деятельности административных
государственных служащих корпуса "Б" в
государственном учреждении "Аппарат Карагандинского
городского маслихата"

      
       форма

Лист круговой оценки

       Ф.И.О. (при его наличии) оцениваемого служащего:___________________
       Должность оцениваемого служащего: _____________________________

№ п/п
 
Критерий
 
Значение показателя
 
Оценка (баллы)
 
Подчиненный
 
1.
 
Умение планировать работу
 
от 2 до 5
 
 
2.
 
Умение мотивировать к работе
 
от 2 до 5
 
 
3.
 
Соблюдение служебной этики
 
от 2 до 5
 
 
 
Итого (сумма всех оценок)
 
 
Коллега
 
1.
 
Умение работать в команде
 
от 2 до 5
 
 
2.
 
Соблюдение служебной этики
 
от 2 до 5
 
 
3.
 
Качество исполнения должностных обязанностей
 
от 2 до 5
 
 
 
Итого (сумма всех оценок)
 
 
 

      

 
Приложение 3
к Методике ежегодной оценки
деятельности административных
государственных служащих корпуса "Б" в
государственном учреждении "Аппарат Карагандинского
городского маслихата"

      
       форма

Протокол заседания Комиссии по оценке

      (наименование государственного органа)

№ п/п
 
Ф.И.О. служащего (при его наличии)
 
Оценка непосредственного руководителя
 
Круговая оценка
 
Итоговая оценка
 
1.
 
 
 
 
 

      
       Заключение Комиссии: _________________________________________________________________
      _________________________________________________________________
      _________________________________________________________________
       Проверено:
       Секретарь Комиссии: _________________________ дата _______________
       (Ф.И.О. (при его наличии), подпись)
       Председатель Комиссии: _________________________ дата _______________
      (Ф.И.О. (при его наличии), подпись)
       Члены Комиссии: _________________________ дата _______________
       (Ф.И.О. (при его наличии), подпись)