Кеңгір ауылының, Талап ауылының, Малшыбай ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын бекіту туралы

Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 37/338 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 6 қаңтарда № 3596 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2021 жылғы 22 желтоқсандағы № 14/126 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 22.12.2021 № 14/126 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Кеңгір ауылының, Талап ауылының, Малшыбай ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi.

      Сессия төрағасы Х. Болен
      Қалалық мәслихаттың хатшысы С. Медебаев

  Жезқазған қалалық мәслихатының
2015 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 37/338 шешімімен бекітілген

Кеңгір ауылының, Талап ауылының, Малшыбай ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кеңгір ауылының, Талап ауылының, Малшыбай ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 39-3 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Кеңгір ауылының, Талап ауылының, Малшыбай ауылының көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Кеңгір ауылының, Талап ауылының, Малшыбай ауылының көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) тиісті ауылдардың жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды Кеңгір ауылының, Талап ауылының, Малшыбай ауылының әкімдері шақырады.

      Жезқазған қаласының әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен қоса олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді тиісті ауылдың әкімдері ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды тиісті ауылдың әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Тиісті ауылдың әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Бөлек жиынның қатысушылары жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын әр он тұрғындардан бір адам сандық құрамында ұсынады.

      Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны тиісті ауылдың әкімінің аппаратына береді.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества села Кенгир, села Талап, села Малшыбай

Решение Жезказганского городского маслихата Карагандинской области от 8 декабря 2015 года № 37/338. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 6 января 2016 года № 3596. Утратило силу решением Жезказганского городского маслихата Карагандинской области от 22 декабря 2021 года № 14/126

      Сноска. Утратило силу решением Жезказганского городского маслихата Карагандинской области от 22.12.2021 № 14/126 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" Жезказганский городской маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения раздельных сходов местного сообщества села Кенгир, села Талап, села Малшыбай.
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Х. Болен
      Секретарь городского маслихата С. Медебаев

  Утверждены
решением Жезказганского
городского маслихата
от 8 декабря 2015 года №37/338

Правила проведения раздельных сходов местного сообщества села Кенгир, села Талап, села Малшыбай

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения раздельных сходов местного сообщества села Кенгир, села Талап, села Малшыбай (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 "Об утверждении Типовых правил проведения раздельных сходов местного сообщества" и устанавливают порядок проведения раздельных сходов местного сообщества жителей улицы, многоквартирного жилого дома села Кенгир, Талап, Малшыбай.
      2. Раздельный сход местного сообщества жителей улицы, многоквартирного жилого дома (далее - раздельный сход) на территории села Кенгир, села Талап, села Малшыбай созывается и проводится с целью избрания представителей для участия в сходе местного сообщества соответствующих сел.

2. Порядок проведения раздельных сходов

      3. Раздельный сход созывается акимом села Кенгир, села Талап, села Малшыбай.
      Проведение раздельных сходов допускается при наличии положительного решения акима города Жезказгана на проведение схода местного сообщества.
      4. О времени, месте созыва раздельных сходов и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иными способами.
      5. Проведение раздельного схода в пределах улицы, многоквартирного жилого дома организуется акимом соответствующего села.
      6. Перед открытием раздельного схода проводится регистрация присутствующих жителей соответствующей улицы, многоквартирного жилого дома, имеющих право в нем участвовать.
      7. Раздельный сход открывается акимом соответствующего села или уполномоченным им лицом.
      Председателем раздельного схода является аким соответствующего села или уполномоченное им лицо.
      Для оформления протокола раздельного схода открытым голосованием избирается секретарь.
      8. Для участия в сходе местного сообщества участниками раздельного схода выдвигаются кандидатуры представителей жителей улицы, многоквартирного жилого дома в количественном составе от десяти жителей один человек.
      Количество представителей жителей улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества определяется на основе принципа равного представительства.
      9. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшие голоса участников раздельного схода.
      10. На раздельном сходе ведется протокол, который подписывается председателем и секретарем и передается в аппарат акима соответствующего села.