Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарын, Теміртау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 1/28 "Теміртау қаласының бюджетінен қаржыландырылатын кейбір мемлекеттік мекемелерді қайта құру туралы" қаулысын басшылыққа ала отырып, Теміртау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 1/29 "Теміртау қаласының жергілікті мемлекеттік басқару құрылымын және атқарушы органдарының штат санының лимитін бекіту туралы" қаулысы негізінде, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген "Теміртау қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Сергей Николаевич Тымченкоға жүктелсін.
3. Осы қаулы оны ресми алғаш жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Н. Сұлтанов |
| Теміртау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 7/9 қаулысымен бекітілген |
"Теміртау қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Теміртау қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) өз құзыреттілігі шегінде қалалық коммуналдық мүлікті басқару, Теміртау қаласының әкімі (бұдан әрі – әкім) анықтайтын бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу саласында іске асыру функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы.2. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сонымен қатар осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік мекеме, мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Мемлекеттік мекеме, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат саны лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Занды тұлғаның орналасқан жері: 101400, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Тәуелсіздік гүлзары, 12.
9. Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде – "Теміртау қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде – государственное учреждение "Отдел государственных активов и закупок города Темиртау".
10. Осы Ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру жергілікті (қалалық) бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
13. Егер мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Миссиясы: қалалық коммуналды меншікті онтайлы және тиімді басқаруды, коммуналдық меншікке түскен мүлікті есепке алу, сақтау, бағалауды қамтамасыз ету және де қала әкімі анықтайтын бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырады және жүргізеді.15. Міндеттері:
1) қалалық коммуналды меншікті онтайлы және тиімді басқаруды қамтамасыз ету;
2) қала әкімі анықтайтын бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз ету;
3) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру барысында бюджет шығындарын онтайлы және үнемді пайдалануды қамтамасыз ету.
16. Функциялары:
1) өз құзыры шегінде мемлекеттік мүлікті басқару саласында нормативтік құқықты актілер әзірлейді;
2) қалалық коммуналдық мүлікті тиімді және мақсатты қолдануына бақылауды жүзеге асырады;
3) қалалық коммуналдық мүлікті басқарады, қалалық коммуналдық меншікті, оның ішінде қалалық коммуналдық меншіктегі акционерлік қоғамдардағы пакеттермен және шаруашылық серіктестіктердегі қатысу үлестерімен иелену, қолдану, басқаруды жүзеге асырады;
4) "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына сәйкес қалалық коммуналдық меншікті жекешелендіру бойынша сауда жүргізу туралы хабарландыруды жариялау үшін кезеңдік баспа өнімдерін анықтау бойынша конкурс жүргізеді;
5) қалалық коммуналдық мүлік есебін жүргізеді, оның тиімді қолдануын қамтамасыз етеді, белгіленген тәртіпте мемлекеттік мүлік тізімін жүргізеді;
6) коммуналдық мүлікті жекешелендіру туралы Теміртау қаласы әкімдігімен қабылданған шешімдер бойынша қалалық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, жекешелендіру процессін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін сату-сатып алу шартын әзірлеуді және жасауды, сату-сатып алу шарттарының бұзылмауына бақылау жүргізуді жүзеге асырады;
7) Теміртау қаласы әкімдігі белгілейтін тәртіп бойынша қалалық коммуналдық мүлікті, соңынан сатып алу құқығысыз, жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жалға (арендаға), сенімді басқаруға ұсынады;
8) қалалық коммуналдық мүлікті сенімді басқару шарты бойынша міндеттердің сенімді басқарушылармен орындалуына бақылау жасауды жүзеге асырады;
9) мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне тапсыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген ретпен иесіз, мемлекетке мұрагерлік құқықпен ауысқан, сонымен қатар иесіз мүлік, өтеусіз тәртіппен көшкен қараусыз жануарлар деп танылған, Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіппен коммуналдық меншікке (келіп түскен) бағытында қалалық коммуналдық меншікті әрі қарай қолдану және бағалау, сақтау, есебін жүргізуді ұйымдастырады;
11) қала әкімі анықтаған бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізуді іске асыру;
12) Қазақстан Республикасының заннамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерден және басқа да ұйымдардан бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша қажетті ақпаратты, құжаттарды, басқа да материалдарды, жазбаша және ауызша түсініктемелерді сұрауға және алуға;
2) атқарушы органдар құзырлығындағы ақпараттық мәліметтердің барлық түрлерін, оның ішінде құпияларды пайдалануға;
3) қарастыруға жататын мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізуге;
4) коммуналдық қызметтерді басқару саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстарды жасауға, өз құзыреті шегінде мемлекеттік мүлікті басқару саласында нормативтік актілерді әзірлеуге;
5) шағым жасауға, талап-арыз жазу, соттарда талапкер және жауапкер ретінде әрекет ету.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. "Теміртау қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Теміртау қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады..19. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Теміртау қаласы әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілдіктері:
1) мемлекеттік мекеменің құрылымын, сонымен қатар олардағы өзгерістерді қалыптастырады;
2) мемлекеттік мекеменің жалпы басқаруын, ұйымдастыру - құқықтық, қаржы – техникалық және бөлімнің қаржылық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады, бөлімнің жұмысын қадағалайды және үйлестіреді;
3) мемлекеттік мекеменің мамандарының лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
4) мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын бақылайды;
5) мемлекеттік органдарда, басқа да мекемелерде мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
6) барлық қызметкерлерге міндетті нұсқаулар мен бұйрықтар береді;
7) Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген тәртіпте мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне тәртіптік жаза және ынталандыру бойынша шаралар қабылдайды;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
21. Мемлекеттік мекеме заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады..
22. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеме, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ