Теміртау қаласы әкімдігінің нормативтік құқықтық актілері туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 2 маусымдағы № 22/2 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Теміртау қаласы әкімдігінің қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Татьяна Михайловна Куриннаяға жүктелсін.
      Қала әкімі Ғ. Әшімов

  Теміртау қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 2 маусымдағы
№ 22/2 қаулысына қосымша

Күшін жойды деп танылған Теміртау қаласы әкімдігінің қаулыларының тізбесі:

      1. Теміртау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 7/5 "Теміртау қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3046 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 31 наурызда № 13 "Құрыш қала kz" газетінде жарияланған) қаулысы;
      2. Теміртау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 7/9 "Теміртау қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3051 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 31 наурызда № 13 "Құрыш қала kz" газетінде жарияланған) қаулысы;
      3. Теміртау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 8/1 "Теміртау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3049 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 31 наурызда № 13 "Құрыш қала kz" газетінде жарияланған) қаулысы;
      4. Теміртау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 8/2 "Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3050 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 31 наурызда № 13 "Құрыш қала kz" газетінде жарияланған) қаулысы;
      5. Теміртау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 8/3 "Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3060 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 31 наурызда № 13 "Құрыш қала kz" газетінде жарияланған) қаулысы;
      6. Теміртау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 10/1 "Теміртау қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3089 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 7 сәуірде № 14 "Құрыш қала kz" газетінде жарияланған) қаулысы;
      7. Теміртау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 10/2 "Теміртау қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3104 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 7 сәуірде № 14 "Құрыш қала kz" газетінде жарияланған) қаулысы;
      8. Теміртау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 14/4 "Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3202 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 22 мамырда № 20 "Құрыш қала kz" газетінде жарияланған) қаулысы;
      9. Теміртау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 28 мамырда № 21/9 "Ақтау кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3243 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 17 маусымда № 24 "Темиртауский рабочий" газетінде жарияланған) қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады