Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 3 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 сәуірде № 3156 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімінің 18.05.2015 № 4 шешімімен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13-тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48-бабына және 50-бабының 2-тармағының 2 тармақшасына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру қажеттігін туындатқан, Теміртау қаласы аумағының бөлігін су басуына байланысты, Теміртау қаласының әкімі ШЕШТІ:
      1. Теміртау қаласында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
      2. Төтенше жағдайларды жою басшысы болып Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Атабекович Есмурзаев тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      

Қала әкімі
Н. Сұлтанов

      

Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера

Решение акима города Темиртау Карагандинской области от 13 апреля 2015 года № 3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 20 апреля 2015 года № 3156. Утратило силу решением акима города Темиртау Карагандинской области от 18 мая 2015 года № 4

      Сноска. Утратило силу решением акима города Темиртау Карагандинской области от 18.05.2015 № 4.
      В соответствии с подпунктом 13 пункта 1 статьи 33 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 48 и подпунктом 2 пункта 2 статьи 50 Закона Республики Казахстан от 11 апреля 2014 года "О гражданской защите", постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2014 года № 756 "Об установлении классификации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера", в связи с затоплением части территории города Темиртау, что привело к необходимости отселения жителей на безопасное место, аким города Темиртау РЕШИЛ:
      1. Объявить чрезвычайную ситуацию природного характера в городе Темиртау.
      2. Руководителем ликвидации чрезвычайной ситуации назначить заместителя акима города Темиртау Есмурзаева Алтынбека Атабековича и поручить провести соответствующие мероприятия, вытекающие из данного решения.
      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.
      4. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.
      

Аким города
Н. Султанов