"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13-тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48-бабына және 50-бабының 2-тармағының 2 тармақшасына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру қажеттігін туындатқан, Теміртау қаласы аумағының бөлігін су басуына байланысты, Теміртау қаласының әкімі ШЕШТІ:
1. Теміртау қаласында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайларды жою басшысы болып Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Атабекович Есмурзаев тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Н. Сұлтанов |