"Балқаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімдігінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 02/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 ақпанда № 2962 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 12 мамырдағы N 18/02 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 12.05.2016 N 18/02 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығын басшылыққа ала отырып, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Балқаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Қосымшаға сәйкес Балқаш қаласы әкімдігінің кейбір қаулылары жойылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімі аппаратының басшысы Сандугаш Сабетовна Асылбековаға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

Балқаш қаласының әкімі
А. Райымбеков

      

 
Балқаш қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 15 қаңтардағы
№ 02/01 қаулысына
қосымша

Балқаш қаласы әкімдігінің кейбір жойылған қаулыларының тізбесі

      1. Балқаш қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 03 шілдедегі № 23/23 "Балқаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Ережесін бекіту туралы" қаулысы;
      2. Балқаш қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 51/37 "Балқаш қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 3 шілдедегі № 23/23 қаулысымен бекітілген "Балқаш қаласының әкім аппараты мемлекеттік мекемесінің Ережесіне" толықтырулар енгізу туралы" қаулысы;
      3. Балқаш қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 48/08 "Балқаш қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 03 шілдедегі "Балқаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Ережесін бекіту туралы" 23/23 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы.

 
Балқаш қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 15 қаңтардағы
№ 02/01 қаулысымен
бекітілген

"Балқаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Балқаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Балқаш қаласы әкiмдiгінің және әкімінің қызметiн ақпараттық-талдау, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік басқару және бақылау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Балқаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Балқаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Балқаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Балқаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Балқаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Балқаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Балқаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Уәлиханов көшесі, 3 үй, пошталық индексі: 100300.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Балқаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Балқаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Балқаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Балқаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Балқаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Балқаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Балқаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: әкiмнiң қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету.
      14. Міндеттері:
      1) қала әкімдігінің және әкімінің қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;
      2) қала әкiмдiгінің және әкімінің кесімдерінің, тапсырмаларының орындалуын бақылау;
      3) қала әкiмдiгінің және әкімінің кесімдерін және тапсырмаларын толық және уақытында орындау;
      4) қала аумағындағы жағдай туралы қала әкімін уақытында және толық хабардар ету.
      15. Функциялары:
      1) қала аумағында қалалық әлеуметтік-экономикалық дамуға арналған бағдарламаларды әзірлеу, аймақтық және қалалық бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету және бақылау арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Қарағанды облысы әкімдігінің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарының жүзеге асырылуына қатысады;
      2) жоғары тұрған атқарушы органдар берген өкілеттікке сәйкес қала аумағында орналасқан мекемелердің, кәсіпорындардың қызметтерін үйлестіреді, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің қызметін және өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді;
      3) әлеуметтік экономикалық реформаларды жүзеге асыру тактикаларын және механизмдерін жетілдіреді, осы мақсатта қала аумағындағы мемлекеттік мекемелерден ақпаратты сұратуға және талдау жасауға, әкімнің және қала әкімдігінің кесімдерін әзірлеуге, олардың орындалуын бақылауға, әлеуметтік экономикалық жағдайды дамыту сұрақтары бойынша ұсыныстар және болжауды қалыптастыру арқылы қаланың әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын, оны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жиынтығын әзірлеуге қатысады;
      4) заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкімет кесімдерінің және Қарағанды облысы әкімдігі және әкімі кесімдерінің орындалуын ұйымдастырып, қамтамасыз етеді, қала әкімдігі және әкімі кесімдерінің орындалуын бақылайды;
      5) өндіріс саласында дамудың басым бағыттарын анықтау жөніндегі мәселелер бойынша ұсыныстар енгізіп, оларды дайындауға, импорт алмастыру өндірісін дамыту үшін шетелден несиелер мен инвестицияларды тартуға, аймақаралық байланысты үйлестіруге және қор жүйесін қалыптастыруға қатысады;
      6) Қарағанды облысы әкімі аппаратымен, мемлекеттік мекемелермен, ведомстволармен, кенттер әкімдері аппараттарымен, қалалық мәслихатпен, қоғамдық ұйымдармен өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді;
      7) заң және басқа да нормативтік құқықтық кесімдер, қалалық мәслихат, қала әкімдігінің және әкімі кесімдерінің жобаларына ұсыныстар енгізеді;
      8) қала әкімі және оның орынбасарлары өткізетін жиналыстарды, сапарларды, активтерді және де басқа да шараларды ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асырады, қала әкімінің, оның орынбасарларының және қала әкімі аппаратының қызметкерлеріне шаруашылық-қаржылық, материалдық-техникалық, әлеуметтік – тұрмыстық қызмет көрсету сұрақтарын шешеді;
      9) қала әкімінің және оның орынбасарларының қызметтерін құжаттамамен қамтамасыз етеді, қызметтік құжаттарды, азаматтардың хаттарын, өтініштері мен арыздарын қарастыру, азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау, азаматтардан түскен хаттар мен өтініштерді, құжат айналымын талдау, іс қағаздарын жүргізу, құпия құжаттамамен жұмысты жолға қою және жетілдіру, іс қағаздарын мемлекеттік және орыс тілінде жүргізу;
      10) қала әкімінің шешімдерін, өкімдерін және қала әкімдігінің қаулыларын сақтауды қамтамасыз ету;
      11) қала әкімінің номенклатурасына енетін мамандар бойынша ұсыныстар енгізу және зерттеуді ұйымдастыру, кадрлар қорын құру, оларды оқытуды, біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау арқылы жергілікті атқару билігіндегі кадрлық саясатты жүргізеді;
      12) қала әкімдігінің, қала әкімінің және оның орынбасарларының күнделікті қызметтерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етеді, олармен өзара әрекеттеседі, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатын, қаланың әлеуметтік және экономикалық жағдайын, оны шешу жолдарын түсіндіруді жүзеге асырады;
      13) әкімнің және қала әкімдігінің құқық қорғау органдарымен және сот жүйесіндегі органдармен қаладағы құқықтық тәртіпті және заңдылықты нығайту мәселелері бойынша өзара әрекеттесуін және үйлестіруді қамтамасыз етеді;
      14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асырады және тіркеу туралы мәліметтерді Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға енгізеді;
      15) қала әкімдігінің, қала әкімінің нормашығармашылығы механизмін жетілдіру бойынша шаралар қолданады;
      16) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттікті жүзеге асырады.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттарды, құжаттарды, басқа да материалдарды, қала әкімінің және әкімдігінің құзырына жататын сұрақтар бойынша лауазымды тұлғалардан ауызша және жазбаша түсініктеме сұратуға және алуға;
      2) ақпараттық мәліметтердің барлық түрін, сонымен қатар мемлекеттік органдардың қарамағындағы құпия мәліметтерді пайдалануға;
      3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің кесімдерін, Премьер-Министрдің өкімдерін, облыс әкімі және әкімдігі кесімдерінің, қала әкімі және оның орынбасарлары тапсырмаларының орындалуына тексеріс жүргізуге, анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстар енгізуге;
      4) қала әкімі аппараты жүргізетін сұрақтар бойынша мемлекеттік органдармен және мемлекеттік емес ұйымдармен қызметтік хат алмасуға;
      5) қала әкіміне және оның орынбасарларына қала әкімі аппаратының қызметкерлерін, кенттер әкімдері аппараттарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың басшылық құрамын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату, оларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізуге;
      6) қала әкімдігінің отырыстарына қатысуға;
      7) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар қызметкерлерін, кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер өкілдерін қала әкімдігі отырысында қаралатын сұрақтарды дайындауға, қала әкімі аппаратының құзырына жататын мәселелер бойынша сұрақтарды зерттеуге және шешуге тартуға.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Балқаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Балқаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. "Балқаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Балқаш қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Балқаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) қала әкімдігіне қалалық әкім аппаратының Ережесін, құрылымын және штаттық кестесін және ондағы өзгерістерді бекітуге ұсынады;
      2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, кент әкімдері аппараттарының құрылымдық жобаларын ұсынады;
      3) қала әкімі аппараты бөлімдерінің және басқа да құрылымдық бөлімшелердің қызметтерінің үйлестіруін және жалпы басшылығын жүзеге асырады;
      4) аппараттың ішкі еңбек тәртібі ережесін бекітеді, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын бақылайды;
      5) бұйрықтар шығарады, қала әкімі аппаратының бөлімдері туралы ережені бекітеді;
      6) қала жағдайына қатысты кесімдердің және басқа да қызметтік құжаттар жобаларын әкімнің және әкімдіктің бекітуіне ұсынады;
      7) Қарағанды облысы әкімі аппаратымен, қалалық мәслихатпен, кенттер әкімдері аппараттарымен, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдармен, саяси партиялармен және қозғалыстармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және қала тұрғындарымен тұрақты байланысты қамтамасыз етеді;
      8) қала әкімдігінің және әкімнің қабылданған кесімдерінің, қала әкімі және оның орынбасарлары тапсырмаларының орындалуын ұйымдастырады және бақылауды қамтамасыз етеді;
      9) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, кенттер әкімдері аппараттарының қызметтерін бағалау жөнінде қала әкіміне ұсыныстар жасайды;
      10) қала әкімдігіне және әкіміне қала әкімдігінің және әкімінің заңсыз кесімдерін жою, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар басшыларының заңға қайшы бұйрықтарын тоқтата тұру туралы ұсыныстар жасайды;
      11) кадрлық саясаттың жүзеге асуырылуына жауап береді. Қарастыру үшін қала әкіміне кенттер әкімдерін, аппарат бөлімдерінің басшыларын тағайындау және қызметтен босату туралы ұсыныс жасайды, кадрлық резервті қалыптастырады, лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізеді;
      12) қала әкімі аппаратының ерекше көзге түскен қызметкерлерін ынталандыру жөніндегі ұсыныстарды енгізеді;
      13) өзінің құзыреті шегінде қызметтік құжаттарға, сонымен қоса "Балқаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің атынан Қазақстан Республикасының соттары талап арыздарына қол қояды;
      14) азаматтарды жеке сұрақтар бойынша қабылдауды жүргізеді;
      15) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн объективтi, жан-жақты және уақтылы қарауын қамтамасыз етедi, солардың жауаптарына қол қояды;
      16) қала әкімінің тапсырмаларын орындайды;
      17) сыбайлас жемқорлыққа қарсы және сыбайлас жемқорлықпен қүрес заңнамаларын сақтау жұмыстарын ұйымдастырады және оның әрі қарай жүзеге асыруына дербес жауапкершілікте болады;
      18) өзінің құзыреті шегінде қала әкіміне қарастыруға енгізілген және қала әкімдігі отырысында қарастырылатын сұрақтарды әзірлеу және келісу жөнінде кенттер әкімдеріне, қала әкімі аппараты бөлімдерінің басшыларына, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдарының басшыларына нұсқаулар мен тапсырмалар береді;
      19) Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметі кесімдерінің, облыс, қала әкімдіктерінің және әкімдерінің, қала әкімі орынбасарларының тапсырмаларының орындалуы бойынша кенттер әкімдері аппараттарынан, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардан, қала аумағында орналасқан ұйымдар мен кәсіпорындардан ақпарат және есеп беруді сұратады;
      20) белгіленген талаптарға және енгізу тәртібіне сәйкес келмеген жағдайда қала әкімдігінің қаулылары және әкімнің өкімдері, шешімдері жобаларын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, кенттер әкімдерінің, сонымен қатар кәсіпорындар мен ұйымдардың орындаушыларына іс туралы хаттарын кері қайтарады.
      "Балқаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      20. "Балқаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. "Балқаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Балқаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. "Балқаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Балқаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Балқаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Аппарат акима города Балхаша"

Постановление акимата города Балхаш Карагандинской области от 15 января 2015 года № 02/01. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 11 февраля 2015 года № 2962. Утратило силу постановлением акимата города Балхаша Карагандинской области от 12 мая 2016 года N 18/02

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Балхаша Карагандинской области от 12.05.2016 N 18/02.
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", руководствуясь Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан", акимат города Балхаш ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение государственного учреждения "Аппарат акима города Балхаша".
      2. Отменить некоторые постановления акимата города Балхаш согласно приложению.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима города Балхаш Асылбекову Сандугаш Сабетовну.
      4. Настоящее постановление вводится в действие после его первого официального опубликования.

Аким города Балхаш
А. Райымбеков

      

 
Приложение
к постановлению акимата
города Балқаш
от 15 января 2015 года
№ 02/01

Перечень
некоторых постановлений акимата города Балхаш, подлежащих отмене

      1. Постановление акимата города Балхаш от 03 июля 2008 года № 23/23 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Аппарат акима города Балхаша";
      2. Постановление акимата города Балхаш от 24 декабря 2009 года № 51/37 "О внесении дополнений в Положение о государственном государственном учреждении "Аппарат акима города Балхаша", утвержденное постановлением акимата города Балхаша от 3 июля 2008 года за № 23/23;
      3. Постановление акимата города Балхаш от 20 декабря 2012 года № 48/08 "О вненсении изменений и дополнений в постановление акимата города Балхаш № 23/23 от 3 июля 2008 года "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Аппарат акима города Балхаша".

 
Утверждено
постановлением акимата города
Балхаш от 15 января 2015 года
№ 02/01

Положение
государственного учреждения
"Аппарат акима города Балхаша"
Общие положения

      1. Государственное учреждение "Аппарат акима города Балхаша" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере государственного управления и контроля, осуществляющим информационно-аналитическое, организационно-правовое и материально-техническое обеспечение деятельности акима и акимата города Балхаша.
      2. Государственное учреждение "Аппарат акима города Балхаша" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      3. Государственное учреждение "Аппарат акима города Балхаша" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      4. Государственное учреждение "Аппарат акима города Балхаша" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      5. Государственное учреждение "Аппарат акима города Балхаша" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      6. Государственное учреждение "Аппарат акима города Балхаша" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Аппарат акима города Балхаша" и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      7. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Аппарат акима города Балхаша" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      8. Местонахождение юридического лица: Республика Казахстан, Карагандинская область, город Балхаш, улица Уалиханова, дом 3, почтовый индекс: 100300.
      9. Полное наименование государственного органа - государственное учреждение "Аппарат акима города Балхаша".
      10. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Аппарат акима города Балхаша".
      11. Финансирование деятельности государственного учреждения "Аппарат акима города Балхаша" осуществляется из средств местного бюджета.
      12. Государственному учреждению "Аппарат акима города Балхаша" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Аппарат акима города Балхаша".
      Если государственному учреждению "Аппарат акима города Балхаша" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности
государственного органа

      13. Миссия государственного учреждения "Аппарат акима города Балхаша":
      информационно-аналитическое, организационно-правовое и материально-техническое обеспечение деятельности акима.
      14. Задачи:
      1) информационно-аналитическое, организационно-правовое и материально-техническое обеспечение деятельности акима и акимата города;
      2) контроль за исполнением актов, поручений акима и акимата города;
      3) исчерпывающее и своевременное выполнение актов и поручений акима и акимата города;
      4) своевременное и полное информирование акима города о положении дел на территории города.
      15. Функции:
      1) участвует в реализации на территории города основных направлений внутренней и внешней политики Президента, Правительства Республики Казахстан, акимата Карагандинской области путем участия в разработке городских программ социального и экономического развития города, обеспечением и контроля за ходом реализации региональных и городских программ, выработки предложений в пределах своей компетенции;
      2) координирует деятельность предприятий, организации и учреждений, расположенных на территории города в соответствии с полномочиями, делегированными вышестоящим исполнительным органом, обеспечивает взаимодействие и координацию деятельности государственных органов, финансируемых из местного бюджета;
      3) участвует в выработке стратегии социально-экономического развития города, комплекса мер по ее реализации, совершенствованию механизмов и тактики осуществления социально-экономических реформ и осуществляет координацию в этих целях деятельности государственных органов на территории города, путем запроса и своевременного получения от них информации для анализа, подготовки актов акима и акимата города, отслеживания их выполнения, формирования предложений и прогнозов по вопросам развития социально-экономической обстановки;
      4) организует и обеспечивает исполнение законов Республики, актов Президента, Правительства Республики Казахстан, акима и акимата Карагандинской области, контроль за исполнением актов акима и акимата города;
      5) участвует в разработке и вносит предложения по вопросам определения приоритетных направлений развития в сфере производства, привлечения иностранных кредитов и инвестиций для развития импортозаменяющих производств, координации межрегиональных связей и формирования фондовой системы;
      6) обеспечивает взаимодействие с аппаратом акима Карагандинской области, государственными учреждениями, ведомствами, аппаратами акимов поселков, городским Маслихатом, общественными организациями;
      7) вносит предложения по проектам законодательных и иных нормативных правовых актов, актов акима и акимата города, городского Маслихата;
      8) осуществляет информационно-аналитическое, организационно-правовое и материально-техническое обеспечение активов, совещаний, визитов и других мероприятий, проводимых акимом города и его заместителями, решает вопросы хозяйственного, финансового, материально-технического, социально-бытового обслуживания акима города, его заместителей и работников аппарата акима города;
      9) организует документационное обеспечение деятельности акима города и его заместителей, рассмотрение служебных документов, писем, обращений и заявлений граждан, личный прием граждан, анализ поступивших писем и заявлений граждан, документопотока, налаживание и совершенствование делопроизводства, работу с секретной документацией, функционирование делопроизводства на государственном и русском языках;
      10) обеспечивает хранение решений, распоряжений акима и постановлений акимата города;
      11) осуществляет кадровую политику в органах местной исполнительной власти путем организации изучения и внесения предложений по кадрам входящим в номенклатуру акима города, формирование резерва кадров, организации их учебы, стажировки и переподготовки;
      12) организует освещение повседневной деятельности акимата города, акима города и его заместителей в средствах массовой информации, взаимодействие с ними, разъяснение проводимой Президентом и Правительством Республики внутренней и внешней политики, экономического и социального положения в городе, путей решения вопросов;
      13) обеспечивает координацию и взаимодействие акима и акимата города с правоохранительными органами и органами судебной системы по вопросам укрепления законности и правопорядка в городе;
      14) осуществляет регистрацию актов гражданского состояния и вносит сведения о регистрации в Государственную базу данных о физических лицах в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;
      15) принимает меры по совершенствованию механизма нормотворческой деятельности акима и акимата города;
      16) осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством.
      16. Права и обязанности:
      1) запрашивать и получать от государственных органов и иных организаций, финансируемых из местного бюджета необходимую информaцию, документы, иные материалы, устные и письменные объяснения от должностных лиц по вопросам, отнесенным к компетенции акима и акимата города;
      2) пользоваться всеми видами информационных данных, в том числе секретными, имеющимися в распоряжении государственных органов;
      3) проводить проверку исполнения актов Президента и Правительства Республики Казахстан, распоряжений Премьер-Министра, актов акима и акимата области, поручений акима города и его заместителей вносить предложения по устранению выявленных недостатков;
      4) вести служебную переписку с государственными и негосударственными органами и организациями по вопросам, отнесенным к ведению аппарата акима города;
      5) вносить предложения акиму города и его заместителям о назначении на должность и освобождении от должности сотрудников аппарата акима города, руководящего состава аппаратов акимов поселков, государственных органов, финансируемых из местного бюджета, о привлечении их к дисциплинарной ответственности;
      6) участвовать в заседаниях акимата города;
      7) по поручению акима города и его заместителей привлекать сотрудников государственных органов, финансируемых из местного бюджета представителей предприятий, учреждений и организаций к подготовке вопросов на заседания акимата города, к изучению и решению проблемных вопросов по вопросам относящимся к компетенции Аппарата акима города Балхаш.

Организация деятельности государственного органа

      17. Руководство государственного учреждения "Аппарат акима города Балхаша" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Аппарат акима города Балхаша" задач и осуществление им своих функций.
      18. Первый руководитель государственного учреждения "Аппарат акима города Балхаша" назначается на должность и освобождается от должности акимом города Балхаш.
      19. Полномочия первого руководителя государственного учреждения "Аппарат акима города Балхаша":
      1) представляет на утверждение акимату города Положение, структуру и штатное расписание аппарата акима города, а также изменения в них;
      2) представляет проекты структур государственных органов, финансируемых из местного бюджета, аппаратов акимов поселков;
      3) осуществляет общее руководство и координацию деятельности отделов и других структурных подразделений аппарата акима города;
      4) утверждает правила внутреннего трудового распорядка в аппарате, контролирует исполнение законодательства о государственной службе;
      5) издает приказы, утверждает положения об отделах аппарата акима города;
      6) представляет на утверждение акима и акимата проекты актов и других служебных документов касающихся жизнедеятельности города;
      7) обеспечивает постоянную связь с аппаратом акима Карагандинской области, городским маслихатом, аппаратами акимов поселков, государственными органами, финансируемыми из местного бюджета, политическими партиями и движениями, средствами массовой информации и населением города;
      8) организует и обеспечивает контроль за исполнением принятых актов акима и акимата города и поручений акима города и его заместителей;
      9) вносит предложения акиму города по оценке деятельности аппаратов акимов поселков, государственных органов, финансируемых из местного бюджета;
      10) представляет акиму города и акимату предложения об отмене незаконных актов акима и акимата города, приостановлении противоречащих закону приказов руководителей государственных органов, финансируемых из местного бюджета;
      11) отвечает за реализацию кадровой политики. Представляет на рассмотрение акима города предложения о назначении и освобождении от должности акимов поселков, руководителей отделов аппарата, формирует peзерв кадров, вносит предложения о привлечении к дисциплинарной ответственности должностных лиц;
      12) вносит предложения по поощрению отличившихся работников аппарата акима города;
      13) подписывает служебные документы в пределах своей компетенции, в том числе исковые заявления в суды Республики Казахстан от имени государственного учреждения "Аппарат акима города Балхаша";
      14) ведет прием по личным вопросам граждан;
      15) обеспечивает объективное, всестороннее и своевременное рассмотрение обращений физических и юридических лиц, подписывает ответы на них;
      16) выполняет поручения акима города;
      17) организует работу по противодействию коррупции и соблюдению антикоррупционного законодательства и несет персональную ответственность за ее дальнейшую реализацию;
      18) дает в пределах своей компетенции указания и поручения акимам поселков, руководителям отделов аппарата акима города, руководителям государственных органов, финансируемых из местного бюджета, по разработке и согласованию вопросов вносимых на рассмотрение акиму города, а также вопросов рассматриваемых на заседаниях акимата города;
      19) запрашивает от аппаратов акимов поселков, государственных органов, финансируемых из местного бюджета, предприятий и организаций, расположенных на территории города, представления информации и отчетов по выполнению aктов Президента и Правительства Республики Казахстан, актов и поручений акима и акимата области, города, поручений заместителей акима города;
      20) возвращает проeкты решений, распоряжений акима и пocтановлений акимата города, деловые письма акимов поселков, государственных органов, финансируемых из местного бюджета, а также организаций и учреждений исполнителям в случае их несоответствия установленным требованиями и порядку внесения.
      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения "Аппарат акима города Балхаша" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.
      20. Государственное учреждение "Аппарат акима города Балхаша" возглавляется руководителем, назначаемым на должность и освобождаемым от должности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество государственного органа

      21. Государственное учреждение "Аппарат акима города Балхаш" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения "Аппарат акима города Балхаш" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      22. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Аппарат акима города Балхаш", относится к коммунальной собственности.
      23. Государственное учреждение "Аппарат акима города Балхаш" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

Реорганизация и упразднение государственного органа

      24. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Аппарат акима города Балхаш" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.