Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған "Қаражал қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. Осы шешiм оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
XХXХ сессияның төрағасы | М. Кәрібаев |
Қалалық мәслихаттың хатшысы | З. Оспанова |
| Қаражал қалалық мәслихатының 2015 жылғы 19 маусымдағы № 341 шешімімен бекітілген |
"Қаражал қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Қаражал қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) Қаражал қалалық мәслихатын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, депутаттарға олардың өкiлеттiктерiн жүзеге асыруға көмек көрсететiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. Мемлекеттік мекеменің ведомстволары жоқ.
3. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме басшысының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индексі 100700, Қарағанды облысы, Қаражал қаласы, Абай көшесі, 9.
10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:
мемлекеттік тілде – "Қаражал қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде - государственное учреждение "Аппарат Каражалского городского маслихата".
11. Осы Ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
13. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Миссиясы: Қаражал қалалық мәслихатының және депутаттардың қызметін қамтамасыз ету.15. Міндеттері:
1) қалалық мәслихаттың және депутаттардың қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асыру;
2) депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiктерін жүзеге асыруға көмек көрсету;
3) қалалық мәслихат қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;
4) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасының Конституциясының, Қазақстан Республикасының заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдесу.
16. Функциялары:
1) қалалық мәслихат сессияларын өткізудің әзірлік және ұйымдастырушылық- техникалық жұмыстарын қамтамасыз ету;
2) жалпы отырыстарға, тұрақты және уақытша комиссиялар отырыстарына қатысу, қалалық мәслихат шешімдерін, комиссиялардың қорытындыларының және шешімдерінің жобаларын әзірлеу мәселелерінде депутаттарға көмек көрсету;
3) қалалық мәслихат Регламентіне сәйкес сессия хаттамаларын, шешімдер жинақтарын ресімдеу;
4) сессия материалдарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға әзірлеу және олардың орындалысына бақылау;
5) депутаттық корпусты ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыру, мәслихат депутаттарына олардың өкiлеттiктерiнің жүзеге асырылуына жәрдемдесу, консультативтік және әдістемелік көмек көрсету, депутаттар сауалдарының және өтiнiштерінiң уақытылы қаралуына бақылау;
6) өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде депутаттармен айтылған ұсыныстар мен ескертпелерді қорыту және есепке алуды жүргізу;
7) қалалық мәслихаттың шешімдері мен өзге де құжаттарының таратылуын қамтамасыз ету;
8) қалалық мәслихат қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету;
9) қаланың сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру жөніндегі ұйымдастырушылық жұмыстар;
10) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен және қалалық мәслихаттың шешімдерімен оған жүктелген басқа да функцияларды орындайды.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуге және қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыру;
2) кәсіпорындардан, мекемелерден және ұйымдардан қажетті ақпаратты сұрату және алу;
3) мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасу;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. Мемлекеттік мекемеге басшылықты мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы – Қаражал қалалық мәслихатының хатшысы жүзеге асырады.19. Қаражал қалалық мәслихатының хатшысы мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттардың жалпы санының көпшiлiк даусымен сайланады және қызметінен босатылады.
20. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының орынбасарлары болмайды.
21. Мемлекеттік мекеме бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) мәслихат сессияларын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеудi ұйымдастырады, хаттамалардың жасалуын қамтамасыз етедi және сессия төрағасымен бiрге мәслихат сессияларында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
2) мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруларына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегі жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;
3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;
4) мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;
6) мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;
7) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
8) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестiреді;
9) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкiл болады;
10) мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау бойынша iс-шараларды белгiлейдi;
11) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілеріне сәйкес қарауындағы тұлғалардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылы үшін дербес жауапты болады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдайды;
12) қалалық мәслихат шешiмi бойынша өзге де мiндеттердi орындайды.
Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкiлеттiктерін орындау қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлғамен жүзеге асырылады.
22. Мемлекеттік мекеменің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын қалалық мәслихаттың аппарат басшысы басқарады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
23. Мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.