Сәтбаев қалалық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы

Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 330 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 сәуірде № 3170 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2016 жылғы 17 ақпандағы № 433 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 17.02.2016 № 433 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі "Мемлекеттік қызмет туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" № 86 бұйрығына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Сәтбаев қалалық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сәтбаев қалалық мәслихатының аппарат басшысы Қ.М. Махамбетоваға жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы
В. Юстус
Қалалық
мәслихат хатшысы
Т. Хмилярчук

      

 
Сәтбаев қалалық мәслихатының
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 330 шешімімен
бекітілген

Сәтбаев қалалық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Сәтбаев қалалық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Жарлығын іске асыру үшін әзірленді және Сәтбаев қалалық мәслихаты аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – қызметшілер) қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу тәсілін айқындайды.
      2. Қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.
      3. Бағалау мемлекеттік әкімшілік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзімде жүргізіледі.
      4. Қызметшілерді бағалау мыналардан тұрады:
      1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауы;
      2) айналмалы бағалау (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауы).
      Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.
      5. Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттар айқындалады, тағылымдамадан өткізу, ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірленеді.
      6. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы екі "қанағаттанарлықсыз" деген баға алуы, оны аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады.
      Аттестаттаудан өткізу туралы шешім қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған бағалау нәтижелері ескерілмейді.
      7. "Қанағаттанарлықсыз" деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданған тұлғаға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
      8. Қызметшінің қорытынды бағасын тұрақты жұмыс істейтін Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) бекітеді, оны қызметшіні лауазымға тағайындау және лауазымнан босату құқығы бар адам құрады.
      9. Комиссия кемінде үш мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.
      10. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      Комиссия төрағасы болып Сәтбаев қалалық мәслихатының аппарат басшысы табылады.
      Комиссия хатшысы Сәтбаев қалалық мәслихаты аппаратының бөлім басшысы болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
      Егер Комиссия құрамына оған қатысты бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар осы қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды.

2. Бағалау жүргізуге дайындық

      11. Бөлім басшысы Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін әзірлейді.
      Бөлім басшысы бағалау өткізуге дейін бір айдан кешіктірмей бағаланатын қызметшіге, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағында көрсетілген тұлғаларға бағалау жүргізілетіні туралы хабарлайды және оларға толтыру үшін бағалау парағын жібереді.

3. Тікелей басшының бағалауы

      12. Тікелей басшы осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тікелей басшысының бағалау парағын бөлім басшысынан алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады, қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстырады және екі жұмыс күні ішінде толтырылған бағалау парағын бөлім басшысына қайтарады.
      Қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда бөлім басшысы және тікелей басшы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.

4. Айналмалы бағалау

      13. Айналмалы бағалау қызметшінің қарамағындағы адамдардың, ал қарамағындағы адамдар болмаған жағдайда – қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымды атқаратын адамның (олар болған жағдайда) бағалауын білдіреді.
      Мұндай адамдардың тізімін (үш адамнан аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай бөлім басшысы бағалау жүргізілгенге бір айдан кешіктірмей анықтайды.
      14. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда айналмалы бағалау парағын толтырады.
      15. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен толтырылған бағалау парағы оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде бөлім басшысына жіберіледі.
      16. Бөлім басшысы осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасын есептейді.
      17. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен бағалау жасырын түрде жүргізіледі.

5. Қызметшінің қорытынды бағасы

      18. Бөлім басшысы қызметшінің қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:
      а = b + с
       мұнда а – қызметшінің қорытынды бағасы;
       b – тікелей басшының бағасы;
       с – осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасы.
      19. Қорытынды баға мына шкала бойынша қойылады:
      21 баллдан төмен – "қанағаттанарлықсыз";
      21-ден 33 балға дейін – "қанағаттанарлық";
      33 баллдан жоғары – "тиімді".

6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      20. Бөлім басшысы Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
      Бөлім басшысы Комиссияның отырысына мына құжаттарды:
      1) толтырылған тікелей басшының бағалау парағын;
      2) толтырылған айналмалы бағалау парағын;
      3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;
      4) осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды баға көрсетілген Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
      21. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:
      1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
      2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.
      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:
      1) егер қызметшінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса, бұл ретте қызметшінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;
      2) қызметшінің бағалау нәтижесін санауда қате бөлім басшысымен жіберілсе.
      Бұл ретте қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді.
      22. Бөлім басшысы бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң бес жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.
      Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда бөлім басшысы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
      23. Осы Әдістеменің 20-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы бөлім басшысында сақталады.

7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      24. Комиссия шешіміне қызметшінің мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      25. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті қызметшіден шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағым қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
      26. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.

 
Сәтбаев қалалық мәслихаты аппаратының
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл
сайынғы бағалаудың әдістемесіне
1-қосымша
нысан

Тікелей басшысының бағалау парағы

       Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда):___________________
       Бағаланатын қызметшінің лауазымы:___________________________________

№ р/н
 
Өлшем
 
Көрсеткіштің мәні
 
Баға (балл)
 
1.
 
Бастамашылығы
 
2-ден 5-ке дейін
 
 
2.
 
Лауазымды міндеттерін орындау сапасы
 
2-ден 8-ге дейін
 
 
3.
 
Әрекеттестікке икемділігі
 
2-ден 5-ке дейін
 
 
4.
 
Қызметтік этиканы сақтауы
 
2-ден 5-ке дейін
 
 
Барлығы (барлық бағалардың бағасы):
 
 
 

      
       Таныстым: Тікелей басшы
      Қызметші Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
       ________________________ _______________________
       күні____________________ күні____________________
       қолы____________________ қолы____________________

 
Сәтбаев қалалық мәслихаты аппаратының
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл
сайынғы бағалаудың әдістемесіне
2-қосымша
 
нысан

Айналмалы бағалау парағы

       Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда):__________________
       Бағаланатын қызметшінің лауазымы:___________________________________


р/н
 
Өлшем
 
Көрсеткіштің мәні
 
Баға
(балл)
 
Бағынышты адам
 
1.
 
Жұмысты жоспарлай алу қабілеті
 
2-ден 5-ке дейін
 
 
2.
 
Жұмысқа ынталандыру қабілеті
 
2-ден 5-ке дейін
 
 
3.
 
Қызметтік этиканы сақтауы
 
2-ден 5-ке дейін
 
 
Барлығы (барлық бағалардың бағасы):
 
 
 
Әріптесі
 
1
 
Топта жұмыс істей алу қабілеті
 
2-ден 5-ке дейін
 
 
2
 
Қызметтік этиканы сақтауы
 
2-ден 5-ке дейін
 
 
3
 
Лауазымды міндеттерін орындау сапасы
 
2-ден 5-ке дейін
 
 
Барлығы (барлық бағалардың бағасы):
 
 
 

      

 
Сәтбаев қалалық мәслихаты аппаратының
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл
сайынғы бағалаудың әдістемесіне
3-қосымша
нысан

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

____________________________________________________________________ (мемлекеттік органның атауы)


р/н
 
Қызметшінің
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
 
Тікелей басшының бағасы
 
Айналмалы баға
 
Қорытынды баға
 
1
 
 
 
 
 
...
 
 
 
 
 

      
      Комиссия қорытындысы:
       ___________________________________________________________________
       ___________________________________________________________________
       ___________________________________________________________________
       Тексерген:
       Комиссия хатшысы:______________________ Күні:________________
       (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)
       Комиссия төрағасы:_____________________ Күні:_________________
       (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)
       Комиссия мүшесі: ______________________ Күні:_________________
       (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)

Об утверждении Методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" аппарата Сатпаевского городского маслихата

Решение Сатпаевского городского маслихата Карагандинской области от 20 марта 2015 года № 330. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 24 апреля 2015 года № 3170. Утратило силу решением Сатпаевского городского маслихата Карагандинской области от 17 февраля 2016 года № 433

      Сноска. Утратило силу решением Сатпаевского городского маслихата Карагандинской области от 17.02.2016 № 433 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      .В соответствии с законами Республики Казахстан от 23 июля 1999 года "О государственной службе", от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 29 декабря 2014 года № 86 "Об утверждении Типовой методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" городской маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемую Методику ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" аппарата Сатпаевского городского маслихата.
      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на руководителя аппарата Сатпаевского городского маслихата Махамбетову К.М.
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель сессии
В. Юстус
Секретарь
городского маслихата
Т. Хмилярчук

      

 
Утверждена
решением Сатпаевского
городского маслихата
от 20 марта 2015 года № 330

Методика
ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" аппарата Сатпаевского городского маслихата
1. Общие положения

      1. Настоящая Методика ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" аппарата Сатпаевского городского маслихата (далее – Методика) разработана в реализацию Указа Президента Республики Казахстан от 21 января 2000 года № 327 "Об утверждении Правил проведения ежегодной оценки деятельности и аттестации административных государственных служащих" и определяет методы ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" аппарата Сатпаевского городского маслихата (далее – служащие).
      2. Ежегодная оценка деятельности служащих (далее – оценка) проводится для определения эффективности и качества их работы.
      3. Оценка проводится по истечении каждого года пребывания на государственной службе, не позднее трех месяцев со дня наступления, но не ранее шести месяцев со дня занятия данной должности.
      4. Оценка служащего складывается из:
      1) оценки непосредственного руководителя служащего;
      2) круговой оценки (оценки подчиненных или коллег служащего).
      Непосредственным руководителем служащего является лицо, которому он подчиняется согласно своей должностной инструкции.
      5. По результатам оценки вырабатываются предложения по устранению недостатков в деятельности служащих, определяются направления их деятельности, требующие улучшения, вырабатываются предложения по карьерному продвижению и стажировке служащих.
      6. Получение служащим двух оценок "неудовлетворительно" в течение последних трех лет является основанием для проведения аттестации.
      При принятии решения о проведении аттестации не учитываются результаты оценки, которые являлись основанием для проведения предыдущей аттестации.
      7. Служащий, получивший оценку "неудовлетворительно", не закрепляется наставником за лицами, впервые принятыми на административные государственные должности.
      8. Итоговая оценка служащего утверждается постоянно действующей Комиссией по оценке (далее – Комиссия), которая создается лицом, имеющим право назначения на должности и освобождения от должностей служащих.
      9. Комиссия состоит не менее, чем из трех членов, в том числе председателя.
      10. Результаты голосования определяются большинством голосов членов Комиссии. При равенстве голосов голос председателя Комиссии является решающим.
      Председателем Комиссии является руководитель аппарата Сатпаевского городского маслихата.
      Секретарем Комиссии является руководитель отдела аппарата Сатпаевского городского маслихата. Секретарь комиссии не принимает участие в голосовании.
      В случае, если в состав Комиссии входит непосредственный руководитель служащего, в отношении которого проводится оценка, а также служащие, указанные в подпункте 2) пункта 4 настоящей Методики, они не принимают участия в голосовании и принятии решений по данному служащему.

2. Подготовка к проведению оценки

      11. Руководитель отдела формирует график проведения оценки по согласованию с председателем Комиссии.
      Руководитель отдела уведомляет служащего, подлежащего оценке, а также лиц, указанных в пункте 4 настоящей Методики, о проведении оценки не позднее одного месяца до проведения оценки и направляет им оценочные листы для заполнения.

3. Оценка непосредственного руководителя

      12. Непосредственный руководитель заполняет оценочный лист непосредственного руководителя по форме согласно приложению 1 к настоящей Методике в течение трех рабочих дней со дня его получения от руководителя отдела, ознакамливает служащего с заполненным оценочным листом и направляет заполненный оценочный лист руководителю отдела в течение двух рабочих дней.
      Ознакомление служащего с заполненным оценочным листом осуществляется в письменной или электронной форме.
      Отказ служащего от ознакомления не может служить препятствием для направления документов на заседание Комиссии. В этом случае руководителем отдела и непосредственным руководителем служащего в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.

4. Круговая оценка

      13. Круговая оценка представляет собой оценки подчиненных служащего, а в случае отсутствия подчиненных – лиц, занимающих должности в структурном подразделении, в котором работает служащий (в случае их наличия).
      Перечень таких лиц (не более трех) определяется руководителем отдела не позднее одного месяца до проведения оценки, исходя из должностных обязанностей и служебных взаимодействий служащего.
      14. Лица, указанные в пункте 13 настоящей Методики, заполняют оценочный лист круговой оценки по форме согласно приложению 2 к настоящей Методике.
      15. Оценочные листы, заполненные лицами, указанными в пункте 13 настоящей Методики, направляются руководителю отдела в течение двух рабочих дней со дня их получения.
      16. Руководитель отдела осуществляет расчет средней оценки лиц, указанных в пункте 13 настоящей Методики.
      17. Оценка лицами, указанными в пункте 13 настоящей Методики, осуществляется анонимно.

5. Итоговая оценка служащего

      18. Итоговая оценка служащего вычисляется руководителем отдела не позднее пяти рабочих дней до заседания Комиссии по следующей формуле:
      a = b + c
       где a – итоговая оценка служащего;
       b – оценка непосредственного руководителя;
       c – средняя оценка лиц, указанных в пункте 13 настоящей Методики.
      19. Итоговая оценка выставляется по следующей шкале:
      менее 21 балла – "неудовлетворительно";
      от 21 до 33 баллов – "удовлетворительно";
      выше 33 баллов – "эффективно".

6. Рассмотрение результатов оценки Комиссией

      20. Руководитель отдела обеспечивает проведение заседания Комиссии по рассмотрению результатов оценки в соответствии с графиком, согласованным с председателем Комиссии.
      Руководитель отдела предоставляет на заседание Комиссии следующие документы:
      1) заполненный оценочный лист непосредственного руководителя;
      2) заполненный лист круговой оценки;
      3) должностная инструкция служащего;
      4) проект протокола заседания Комиссии по форме согласно приложению 3 настоящей Методики.
      21. Комиссия рассматривает результаты оценки и принимает одно из следующих решений:
      1) утвердить результаты оценки;
      2) пересмотреть результаты оценки.
      В случае принятия решения о пересмотре результатов оценки Комиссия корректирует оценку с соответствующим пояснением в протоколе в следующих случаях:
      1) если эффективность деятельности служащего превышает результат оценки, при этом представляется документальное подтверждение результатов работы служащего;
      2) при допущении ошибки руководителем отдела при расчете результата оценки служащего.
      При этом не допускается снижение оценки служащего.
      22. Руководитель отдела ознакамливает служащего с результатами оценки в течение пяти рабочих дней со дня ее завершения.
      Ознакомление служащего с результатами оценки осуществляется в письменной или электронной форме.
      Отказ служащего от ознакомления не может служить препятствием для внесения результатов оценки в его послужной список. В этом случае руководителем отдела в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.
      23. Документы, указанные в пункте 20 настоящей Методики, а также подписанный протокол заседания Комиссии хранятся у руководителя отдела.

7. Обжалование результатов оценки

      24. Обжалование решения Комиссии служащим в уполномоченном органе по делам государственной службы и противодействию коррупции или его территориальном департаменте осуществляется в течение десяти рабочих дней со дня вынесения решения.
      25. Уполномоченный орган по делам государственной службы и противодействию коррупции или его территориальный департамент в течение десяти рабочих дней со дня поступления жалобы служащего осуществляет ее рассмотрение и в случаях обнаружения нарушений рекомендует государственному органу отменить решение Комиссии.
      26. Информация о принятом решении представляется государственным органом в течение двух недель в уполномоченный орган по делам государственной службы и противодействию коррупции или его территориальный департамент.

 
Приложение 1
к Методике ежегодной оценке
деятельности административных
государственных служащих корпуса
"Б" аппарата Сатпаевского
городского маслихата

      
      форма

Оценочный лист непосредственного руководителя

       Ф.И.О. (при его наличии) оцениваемого служащего: ______________________
       Должность оцениваемого служащего: _________________________________


п/п
 
Критерий
 
Значение показателя
 
Оценка (баллы)
 
1.
 
Инициативность
 
от 2 до 5
 
 
 
2.
 
Качество исполнения должностных обязанностей
 
от 2 до 8
 
 
 
3.
 
Способность к сотрудничеству
 
от 2 до 5
 
 
 
4.
 
Соблюдение служебной этики
 
от 2 до 5
 
 
 
Итого (сумма всех оценок):
 
 
 
 
 

      
      Ознакомлен(а):
       Служащий Непосредственный руководитель
      Ф.И.О. (при его наличии) Ф.И.О. (при его наличии)
       ____________________________ ____________________________
       дата ________________________ дата ________________________
       подпись _____________________ подпись _____________________

 
Приложение 2
к Методике ежегодной оценке
деятельности административных
государственных служащих корпуса
"Б" аппарата Сатпаевского
городского маслихата

      
      форма
      

Лист круговой оценки

       Ф.И.О. (при его наличии) оцениваемого служащего: ______________________
       Должность оцениваемого служащего: _________________________________


п/п
 
Критерий
 
Значение показателя
 
Оценка (баллы)
 
Подчиненный
 
1.
 
Умение планировать работу
 
от 2 до 5
 
 
 
2.
 
Умение мотивировать к работе
 
от 2 до 5
 
 
 
3.
 
Соблюдение служебной этики
 
от 2 до 5
 
 
 
Итого (сумма всех оценок):
 
 
 
Коллега
 
1.
 
Умение работать в команде
 
от 2 до 5
 
 
 
2.
 
Соблюдение служебной этики
 
от 2 до 5
 
 
 
3.
 
Качество исполнения должностных обязанностей
 
от 2 до 5
 
 
 
Итого (сумма всех оценок):
 
 
 
 
 

      

 
Приложение 3
к Методике ежегодной оценке
деятельности административных
государственных служащих корпуса
"Б" аппарата Сатпаевского
городского маслихата

      
      форма

Протокол заседания Комиссии по оценке

______________________________________________________

      (наименование государственного органа)
      


п/п
 
Ф.И.О. (при его наличии) служащего
 
Оценка непосредственного руководителя
 
Круговая оценка
 
Итоговая оценка
 
1
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 

      
      Заключение Комиссии:
       ___________________________________________________________________
      ___________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
       Проверено:
       Секретарь Комиссии: _______________________ Дата: ________________
       (Ф.И.О. (при его наличии), подпись)
       Председатель Комиссии: ____________________ Дата: ________________
       (Ф.И.О. (при его наличии), подпись)
       Член Комиссии: ___________________________ Дата: ________________
       (Ф.И.О. (при его наличии), подпись)