Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 03.02.2021 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасарының тапсырмасын орындау мақсатында Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса берiлiп отырған Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Сәтбаев қаласы мен Жезқазған кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Сәтбаев қалалық мәслихатының мына шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Сәтбаев қаласы мен Жезқазған кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 222 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2600 болып тіркелген, "Шарайна" газетінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі 16 (2103) нөмірінде және 2014 жылғы 5 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) "Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 222 "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Сәтбаев қаласы мен Жезқазған кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 7 қарашадағы № 282 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2844 болып тіркелген, "Шарайна" газетінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы 49 (2136) нөмірінде және 2014 жылғы 19 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Қ. Жанасылова |
Қалалық | Т. Хмилярчук |
КЕЛІСІЛДІ:
"Сәтбаев қаласының жұмыспен |
2015 жылғы 30 маусым
Сәтбаев қалалық мәслихатының |
Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Cәтбаев қаласы мен Жезқазған кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары
1. Осы Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Cәтбаев қаласы мен Жезқазған кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзiрлендi және әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Сәтбаев қаласы мен Жезқазған кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың тәртiбiн белгiлейдi.
1. Жалпы ережелер
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:
1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
2) арнайы комиссия – өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек көрсетуге үмiткер адамның (отбасының) өтiнiшiн қарау бойынша Сәтбаев қаласы әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;
3) ең төмен күнкөрiс деңгейi – облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
4) көпбалалы отбасы – құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасы;
5) мереке күндерi – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттiк мереке күндерi;
6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбiр мүшесiне келетiн үлесi;
7) өмiрлiк қиын жағдай – азаматтың тыныс-тiршiлiгiн объективтi түрде бұзатын, ол оны өз бетiнше еңсере алмайтын ахуал;
8) уәкiлеттi орган – "Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
9) уәкiлеттi ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
10) учаскелiк комиссия – әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш бiлдiрген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн Сәтбаев қаласы әкімiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;
11) шектi шама – әлеуметтiк көмектiң бекiтiлген ең жоғары мөлшерi.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 03.07.2019 № 418 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшiн әлеуметтiк көмек ретiнде жергілікті атқарушы органмен (бұдан әрі – ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрi – алушылар) өмiрлiк қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндерiне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететiн көмек түсiнiледi.
4. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 20 бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 16 бабында көрсетiлген адамдарға әлеуметтiк көмек осы Қағидаларда көзделген тәртiппен көрсетiледi.
5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:
1) 1 – 2 қаңтар – Жаңа жыл;
2) 15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні;
3) 21 – 23 наурыз – Наурыз мейрамы;
4) 26 сәуір – Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысушыларды еске алу күні;
5) 9 мамыр – Жеңіс күні;
6) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;
7) 6 шілде – Астана күні;
8) 1 қазан – Қарттар күні;
9) Мүгедектер күні (қазан айының екінші жексенбісі);
10) 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні;
11) 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 03.07.2019 № 418 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.7. Учаскелiк және арнайы комиссиялар өз қызметiн облыстың ЖАО бекiтетiн ережелердiң негiзiнде жүзеге асырады.
2. Әлеуметтiк көмек алушылар санаттарының тiзбесiн айқындау және әлеуметтiк көмектiң мөлшерлерiн белгiлеу тәртiбi
8. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі:
1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар:
бiрiншi дүниежүзiлiк, азамат және Ұлы Отан соғыстары кезеңiнде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар (бұдан әрі – КСР) Одағын қорғау жөнiндегi басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия флот құрамына кiрген бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет еткен әскери қызметшiлер, азамат және Ұлы Отан соғыстарының партизандары мен астыртын күрес жүргiзушiлерi;
2) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестiрiлген адамдар:
қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелдi қалаларда Ұлы Отан соғысы кезiнде қызмет атқарған әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;
Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептеледi қалаларда болған адамдар;
Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк баласы (тәрбиеленушiсi) және теңiзшi бала ретiнде болғандар;
екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шетелдердiң аумағында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистiк құрамалар құрамында қатысқан адамдар;
Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы КСР Одағы Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, Теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз және жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезiнде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шептерi, флоттардың оперативтiк аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерiне орай мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында тұтқындалған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерi;
қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтар;
екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары;
басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар, атап айтқанда:
бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан – Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер;
1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы (бұдан әрі – АЭС) апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар;
3) Ұлы Отан соғысының мүгедектері:
бiрiншi дүниежүзiлiк, азамат және Ұлы Отан соғыстарында майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшiлерi, партизандар мен астыртын күрес жүргiзушiлер қатарында болған адамдар, сондай-ақ бiрiншi дүниежүзiлiк, азамат және Ұлы Отан соғыстары кезiнде майданда, ұрыс қимылдары жүргiзiлген аудандарда, майдан маңындағы темiр жол учаскелерiнде, қорғаныс шептерiн, әскери-теңiз базалары мен аэродромдар салу кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әрi зейнетақымен қамсыздандырылуы жағынан әскери қызметшiлерге теңестiрiлген жұмысшылар мен қызметшiлер;
4) Ұлы Отан соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген адамдар:
бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер;
әскери мiндетiн орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде әскери мiндетiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар;
1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейiнгi кезеңде Украин КСР-ы, Беларусь КСР-ы, Литва КСР-ы, Латыш КСР-ы, Эстон КСР-ы аумақтарында қимыл жасаған халықты қорғаушы истребительдiк батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлерi мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызмет мiндетiн атқаруға кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған адамдар;
басқа елдерде қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргiзу кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған тиiстi санаттағы жұмысшылар мен қызметшiлер;
Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары;
5) соғысқа қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа да санаттары:
қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары, атап айтқанда:
бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң басқа да мiндеттерiн (қызмет мiндеттерiн) атқару кезiнде жаралану, контузия алу немесе зақымдану нәтижесiнде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығу салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлердiң, партизандардың, астыртын күрес жүргiзгендердiң, Қағидалардың осы тармағының 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген адамдардың отбасы;
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе қорғанысының объектiлердi өзiн-өзi қорғау топтары мен авариялық командаларының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасы, Ленинград қаласының госпитальдерi мен ауруханаларында қаза тапқан қызметкерлердiң отбасы;
бұрынғы КСР Одағының Қорғаныс министрлiгiне, iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарына әскери мiндетiн өтеу жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi тапсырмаларды орындау барысында қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасы;
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасы;
бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасы;
Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасы;
Чернобыль АЭС-iндегi апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынаулардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың, немесе өлiмi белгiленген тәртiппен солардың ықпалына байланысты болған мүгедектердiң, сондай-ақ азаматтардың отбасы;
қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен, қайтыс болған) адамның асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы төленетiн балалары мен асырауындағы басқа да жандар;
қайталап некеге отырмаған ата-ана, зайып (жұбай);
қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған әйелдерi (күйеулерi);
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдар, сондай-ақ 1988 – 1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркiмен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күнi анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда;
1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүрiп жатқан басқа да мемлекеттерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлер;
бұрынғы КСР Одағы Мемлекет қауiпсiздiгi комитетiнiң Ауғанстанда уақытша, болған және совет әскерлерiнiң шектелген құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшiлерi;
6) Ұлы Отан соғысы жылдарында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) адамдар;
7) 18 жасқа толмаған мүгедек балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
8) жетпіс бес және одан жоғары жастағы зейнеткерлер;
8-1) Сәтбаев қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалары бар көпбалалы отбасылар;
9) 1 және 2 топтағы мүгедектер;
10) жалғызілікті және жалғыз тұратын зейнеткерлер, зейнетақының ең төмен мөлшерін алатын зейнеткерлер, табысы аз азаматтар.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 03.07.2019 № 418 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.9. Азаматтарды өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшiн мыналар негіздеме болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне зиян келтірілсе;
3) әлеуметтік мәні бар ауруының болуы;
4) күнкөріс деңгейінің 0,6 мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы.
10. Әлеуметтiк көмектiң шектi мөлшері – 55 айлық есептік көрсеткіштен көп емес.
11. Табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек үшін өтініш білдіру мерзімі – табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмiрлiк қиын жағдай туындағаннан кейін үш ай ағымында.
12. Алушылардың жекелеген санаттары үшiн атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмектiң мөлшерi облыстың ЖАО келiсiмi бойынша бiрыңғай мөлшерде белгiленеді.
13. Әрбiр жекелеген жағдайда көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мөлшерiн арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындыда көрсетедi.
3. Әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi
14. Атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмек алушылардан өтiнiштер талап етiлмей уәкiлеттi ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекiтетiн тiзiм бойынша көрсетiледi.
15. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек алу үшiн өтiнiш берушi өзiнiң немесе отбасының атынан уәкiлеттi органға немесе Жезқазған кентінің әкiмiне өтiнiшке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәлiметтердi;
3) адамның (отбасы мүшелерiнiң) табыстары туралы мәлiметтердi;
4) өмiрлiк қиын жағдайдың туындағанын растайтын актiнi және/немесе құжатты ұсынады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 03.12.2019 № 468 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.16. Құжаттар салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаларда және көшiрмелерде ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.
17. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 29.05.2018 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.18. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш келiп түскен кезде уәкiлеттi орган немесе Жезқазған кентінің әкiмi бiр жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу үшiн учаскелiк комиссияға жiбередi.
19. Учаскелiк комиссия құжаттарды алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнің материалдық жағдайына тексеру жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша осы Қағидаларға 4, 5 қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы актi жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтiк көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкiлеттi органға немесе Жезқазған кентінің әкiмiне жiбередi.
Жезқазған кентінің әкiмi учаскелiк комиссияның актiсi мен қорытындысын алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде оларды қоса берiлген құжаттармен уәкiлеттi органға жiбередi.
20. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.
21. Өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.
22. Уәкiлеттi орган учаскелiк комиссиядан немесе Жезқазған кентінің әкiмiнен құжаттар келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеудi жүргiзедi және құжаттардың толық пакетiн арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
23. Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.
24. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң әлеуметтiк көмек алуға қажеттi құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
Осы Қағидалардың 20 және 21 тармақтарында көрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе Жезқазған кентінің әкiмiнен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
25. Уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қабылданған шешiм туралы (бас тартқан жағдайда – негiздемесiн көрсете отырып) өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.
26. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 29.04.2016 № 355 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.27. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 29.05.2018 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
28. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 29.05.2018 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 20.09.2017 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 29.05.2018 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
29. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 29.05.2018 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
30. Алынып тасталды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 29.05.2018 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
31. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған;
2) өтiнiш берушi адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн жергiлiктi өкiлдi орган белгiлеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
32. Әлеуметтiк көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру қалалық бюджетте көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.
33. Әлеуметтік көмекті төлеу уәкілетті органмен екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек алушының банктік шотына ақшалай қаражаттарды аудару арқылы жүзеге асырылады.
4. Көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздемелер
34. Әлеуметтiк көмек:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiнен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;
4) алушы ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
35. Артық төленген сомалар ерiктi немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзгеше тәртiппен қайтаруға жатады.
5. Қорытынды ереже
36. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 29.05.2018 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн |
Отбасыны тiркеу нөмiрi _________
нысан
Өтiнiш берушiнiң отбасы құрамы туралы мәлiметтер
_________________________________ ____________________________
(Өтініш берушінің Т.А.Ә.) (үйінің мекенжайы, тел.)
Отбасы мүшелерiнiң Т.А.Ә. |
Өтiнiш берушiге туыстық қатынасы |
Туған жылы | |
Өтiнiш берушiнiң қолы __________________ Күні ________________
Отбасының құрамы туралы
мәлiметтердi куәландыруға уәкiлеттi
органның лауазымды адамының Т.А.Ә. _____________________
(қолы)
Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн |
нысан
Әлеуметтік келісімшарт негізінде әлеуметтік көмек көрсету үшін әңгімелесу парағы
Ескерту. 2-қосымша алынып тасталды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 29.05.2018 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн |
нысан
Өтініш берушінің отбасылық және материалдық жағдайы туралы сауалнама
Ескерту. 3-қосымша алынып тасталды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 29.05.2018 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн |
нысан
Өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру
АКТIСI
20 ___ ж. "___" ___________
______________________________
(елді мекен)
1. Өтініш берушінің Т.А.Ә. _________________________________________________
2. Тұратын мекенжайы _____________________________________________________
_________________________________________________________________________
3. Өтiнiш берушi әлеуметтiк көмекке өтiнiш берген туындаған өмiрлiк қиын жағдай ________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледi) _____ адам, оның iшiнде:
Р/с№ |
Т.А.Ә. |
Туған жылы |
Өтiнiш берушiге туыстық қатынасы |
Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны) |
Жұмыспен қамтылмау себебi |
Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсiптiк даярлығы (қайта даярлау, бiлiктiлiгiн арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсендi шараларына қатысуы туралы мәлiметтер |
Өмiрлiк қиын жағдай |
Еңбекке жарамды барлығы _________ адам.
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретiнде тiркелгендерi _______ адам.
Балалардың саны: ______ жоғары және орта оқу орындарында ақылы негiзде оқитындар _______ адам, оқу құны жылына ________ теңге.
Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы мүгедектерiнiң, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы мүгедектерiне теңестiрiлгендердiң, зейнеткерлердiң, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтiк маңызы бар аурулары (қатерлi iсiктер, туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың, мүгедектердiң, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу керек)
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
5. Өмiр сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендiрiлген тұрғын үй, қызметтiк тұрғын үй, тұрғын үй кооперативi, жеке тұрғын үй немесе өзгеше – көрсету керек): ________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Тұрғын үйдi ұстауға арналған шығыстар:_______________________________________
__________________________________________________________________________
Отбасының табысы:
Табысы бар отбасы мүшелерiнiң (оның iшiнде өтiнiш берушiнiң) Т.А.Ә. |
Табыс түрi |
Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге) |
Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесi (жер үлесi) туралы мәліметтер | ||
тоқсанға |
орта есеппен айына | ||||
6. Мыналардың:
автокөлiгiнiң болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретiн құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлiмделген табыс) ___________________________________________
__________________________________________________________________________
______________________________________ қазiргi уақытта өздерi тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдiң болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлiмделген табыс) ________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
7. Бұрын алған көмегi туралы мәлiметтер (нысаны, сомасы, көзi):
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзi):___________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киiммен, аяқ киiммен қамтамасыз етілуі ___________________________________________________________________________
10. Тұратын жерiнiң санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы
__________________________________________________________________________
Комиссия төрағасы: _________________ ________________________
Комиссия мүшелері: _________________ ________________________
_________________ ________________________
_________________ ________________________
_________________ ________________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
Жасалған актiмен таныстым: ________________________________
Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы
Тексеру жүргiзiлуден бас тартамын _________________ өтiнiш берушiнiң (немесе отбасы мүшелерiнiң бiрiнiң) Т.А.Ә. және қолы, күнi ___________________________________
__________________________________________________________________________
(өтiнiш берушi тексеру жүргiзуден бас тартқан жағдайда толтырылады)
Әлеуметтiк көмек көрсетудiң |
нысан
Учаскелiк комиссияның № ______ қорытындысы
20 __ ж. "___" ______
Учаскелiк комиссия Әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау Қағидаларына сәйкес өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш берген адамның (отбасының)
__________________________________________________________________________
(өтiнiш берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты)
өтiнiшiн және оған қоса берiлген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтiнiш берушiнiң (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерiнiң негiзiнде ________________________________________________________________________________
(қажеттiлiгi, қажеттiлiктiң жоқтығы)
адамға (отбасыға) өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады
Комиссия төрағасы: _______________ ________________________
Комиссия мүшелері: _______________ ________________________
_______________ ________________________
_______________ ________________________
_______________ ________________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
Қорытынды
қоса берiлген құжаттармен ___ данада
20 __ ж. "___" ___________ қабылданды
Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң немесе
уәкiлеттi орган қызметкерiнiң Т.А.Ә., лауазымы, қолы ________________