Сәтбаев қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 маусымдағы № 355 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Сәтбаев қаласы мен Жезқазған кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 25 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 мамырда № 3797 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2021 жылғы 3 ақпандағы № 20 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 03.02.2021 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы № 355 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Сәтбаев қаласы мен Жезқазған кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3324 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 шілдедегі "Шарайна" № 28 (2166) газетінде және 2015 жылғы 22 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген мемлекеттік тілдегі Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Сәтбаев қаласы мен Жезқазған кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларының 2 тармағының 9) тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "9) уәкiлеттi ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;";

      26 тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ж. Күнеділов
      Қалалық
мәслихат хатшысы
Т. Хмилярчук

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады