"Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына сәйкес, "Саран қаласында жолаушыларды және багажды тұрақты қалалық және қала сыртына автомобильмен тасымалдауға тарифті көтеруді сәйкестендіру туралы" Саран қалалық мәслихатының 2015 жылғы 13 қазандағы № 485 шешімі негізінде, Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Саран қаласындағы жолаушылар мен жүкті қалалық автомобиль көлігімен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тариф 60 (алпыс) теңге мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің орынбасары Мейрам Муратович Кожуховқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Саран қаласының әкімі А. Шкарупа
КЕЛІСІЛДІ:
Саран қалалық
мәслихатының хатшысы Р. Бекбанов
26 қараша 2015 жыл