Саран қаласындағы жолаушылар мен жүкті қалалық автомобиль көлігімен тұрақты тасымалдауға арналған бірыңғай тарифті белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Саран қаласының әкімдігінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 47/05 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 2 желтоқсанда № 3526 болып тіркелді

      "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына сәйкес, "Саран қаласында жолаушыларды және багажды тұрақты қалалық және қала сыртына автомобильмен тасымалдауға тарифті көтеруді сәйкестендіру туралы" Саран қалалық мәслихатының 2015 жылғы 13 қазандағы № 485 шешімі негізінде, Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Саран қаласындағы жолаушылар мен жүкті қалалық автомобиль көлігімен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тариф 60 (алпыс) теңге мөлшерінде белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің орынбасары Мейрам Муратович Кожуховқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Саран қаласының әкімі                      А. Шкарупа

      КЕЛІСІЛДІ:

      Саран қалалық
      мәслихатының хатшысы                       Р. Бекбанов
      26 қараша 2015 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады