"Абай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 07/13 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 наурызда № 3036 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 15/06 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 14.04.2017 № 15/06 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Абай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылауды салаға басшылық ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Абай аудынының әкімі
С. Шайдаров

      

 
Абай ауданының әкімдігінің
2015 жылғы 24 ақпандағы № 07/13
қаулысымен бекітілген

"Абай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Абай ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесі бiлiмді дамыту аясында мемлекеттік саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Абай ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінің актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Абай ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
      4. "Абай ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Абай ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Абай ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Абай ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес қала әкімімен бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 100101, Қарағанды облысы, Абай ауданы, Абай қаласы, Қарл Маркс көшесі, 43 үй.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Абай ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Абай ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Абай ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
      12. "Абай ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен мекеме функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Абай ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда ондай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірістеріне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, фунциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Абай ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: сапалы білім беру қызметін көрсету, білім саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
      14. Міндеттері:
      аудан азаматтарының білім алуға конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету;
      мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;
      ауданда білім беру жүйесінің қызмет етуін мемлекеттік қамтамасыз ету және оны өзгеріп жатқан қоғамның қажеттіліктеріне және қоғамның дамуының жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларына сәйкес әлеуметтік қорғау;
      білім берудің аймақтық жүйесін қаржылық қамтамасыз етуін талдау, білім саласында мақсаттық бағдарламаларды қаржыландыру сұрақтары бойынша аудан әкімдігіне ұсыныстар енгізу, бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы есептер құрастыру, орта мерзімді мемлекеттік салалық және аймақтық бағдарламалардың өңделу сатысында инвестициялық ұсыныстарды енгізу арқылы білім саласында мемлекеттік қаржылық, инвестициялық, инновациялық саясаттың жүзеге асуын қамтамасыз ету;
      Функциялары:
      білім мекемелерінің құрылуы, қайта құрылуы және жойылуы туралы ұсыныстарды белгіленген тәртіппен Абай ауданының әкімдігіне енгізеді;
      мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың есебін жүргізеді және олардың орта білім алуына дейінгі оқуын және тәртібін ұйымдастырады;
      мектеп алды даярлық, мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, негізгі орта, кешкі (ауысымды) оқытуды және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы жалпы орта білімді қосқанда, жалпы орта білім беруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
      балалар үшін қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;
      оқушылардың ұлттық біріңғай тестілеуіне қатысуын ұйымдастырады;
      жалпы білімдік пәндер бойынша аудандық, мектептік олимпиадалардың өткізілуін ұйымдастырады;
      ата – анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға қорғаншылық және қамқоршылықты ұйымдастырады, оларды балалар үйіне немесе интернаттық ұйымдарға анықтайды;
      ата – анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға, белгіленген тәртіпте, мемлекеттік қамсыздандыруды жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіпте, оқушылардың жеке санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтануды ұйымдастырады;
      білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу - әдістемелік кешендерін сатып алу мен жеткізілуін қамтамасыз етеді;
      "Абай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Президентінің заңды актілеріне, Қазақстан Республикасының басқа да нормативті – құқықтық актілеріне сәйкес негізгі қызметі мен міндеттерін жүзеге асыруға қажетті іс – шараларды құрастырып, іске асырады және өткізеді.
      16. Құқықтары мен мiндеттерi:
      өз функцияларын орындау мақсатында белгiленген тәртiп бойынша мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, мекемелерден, кәсiпорындардан және лауазымды тұлғалардан қажеттi ақпаратты алуға;
      мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметшiлерiн келiсiм бойынша мекеме құзiретiне жататын мәселелердi дайындауға қатыстыру, тиiстi ұсыныстар әзiрлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;
      мемлекеттік органдардың бiлiм саласында қызметін ұйымдастыруды жетiлдiру туралы ұсыныстар енгiзуге, мекеменiң құзырына жататын мәселелер бойынша ақпараттық - талдау және өзге де материалдардық дайындауды жүзеге асыруға;
      тиістi мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғаларға мекеме қызметiнiң аясына жататын тапсырмалар беруге, олардың орындалуын бақылауға, сондай-ақ орталық және жергiлiктi атқарушы органдар жүргiзетiн сұрақтар туралы қатысуға ұсыныстар енгiзуге;
      адам құқықтары мен өзге де сұрақтар сақталған, бiлiм мәселелерi кұзiретiне кiретiн, бiлiм мекемесiнiң лауазымды тұлғаларына ұжымдық, әдестемелік, ақпараттық және басқа да көмек көрсетуге.

3. Мемлекеттiк органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Абай ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. "Абай ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке аудан әкімімен тағайындалады және қызметтен босатылады.
      19. "Абай ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      20. "Абай ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттілігі:
      мекеменiң жұмысын ұйымдастырады, оған басшылық жүргізеді және мекемеге жүктелген тапсырмалардың орындалуына дербес жауапты болады;
      өз қызметін бiрiңғай басшылық принципiмен атқарады және Қазақстан Республикасының Заңдары мен осы Ережеде белгiленген өзiнiң құзiретiне сәйкес мекеме мәселелерiн дербес шешедi;
      мекеме қызметкерлерінің және бiлiм беру ұйымдарының басшыларының функционалдық мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн бекiтедi;
      мекеменiң алда тұрған және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекiтедi;
      мекеме қызметкерлерiне марапаттау, көтермелеу шараларын және тәртiптiк жаза қолданады;
      барлық қызметкерлер үшін орындауға мiндеттi бұйрықтар шығарады, нұскаулар бередi және қызметтiк кұжаттарға қол қояды;
      жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мектепке дейiнгi тәрбие және білім беру ұйымдарының, мектептен тыс ұйымдар мен орта бiлiм беру ұйымдарының басшыларын конкурстық негiзде тағайындайды және қызметтен босатады;
      азаматтармен жеке қабылдау жүргiзедi, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ісшараларды ұйымдастыруға дербес жауапты болады;
      мекеме атынан сенiмхатсыз iс әрекет етедi;
      ұйымдарда, мекемелерде және меншiк нысанына қарамастан барлық кәсiпорындарда мекеменiң мүддесiн корғайды;
      шарттар жасасады;
      сенiмхаттар бередi;
      мекеменің iс-сапар, тағылымдар, республикалық және шетелдік оқу орталықтарында және бiлiктiлiктi көтерудiң басқа да түрлерi бойынша мекеме қызметкерлерiн оқытудың тәртiбi мен жоспарларын бекiтедi;
      Қазақстан Республикасы заңнамаларында, осы Ережеде жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
      "Абай ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. Бірінші басшы өз орынбасарының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

4. Мемлекеттік органның мүлкi

      22. "Абай ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
      "Абай ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесі мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметінің нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырады.
      23. "Абай ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Абай ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Абай ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Отдел образования Абайского района"

Постановление акимата Абайского района Карагандинской области от 24 февраля 2015 года № 07/13. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 13 марта 2015 года № 3036. Утратило силу постановлением акимата Абайского района Карагандинской области от 14 апреля 2017 года № 15/06

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Абайского района Карагандинской области от 14.04.2017 № 15/06 (вводится в действие со дня подписания).
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан", акимат Абайского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение государственного учреждения "Отдел образования Абайского района".
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима района.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

Аким Абайского района
С. Шайдаров

      

 
Утверждено
постановлением акимата
Абайского района
от 24 февраля 2015 года
№ 07/13

Положение
государственного учреждения "Отдел образования Абайского района"
1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Отдел образования Абайского района" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сферах образования.
      2. Государственное учреждение "Отдел образования Абайского района" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      3. Государственное учреждение "Отдел образования Абайского района" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан, счета в органах казначейства.
      4. Государственное учреждение "Отдел образования Абайского района" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      5. Государственное учреждение "Отдел образования Абайского района" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      6. Государственное учреждение "Отдел образования Абайского района" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя учреждения и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      7. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Отдел образования Абайского района" утверждается в соответствии с действующим законодательством.
      8. Местонахождение юридического лица: Республика Казахстан, 100101, Карагандинская область, Абайский район, город Абай, улица Карла Маркса, дом 43.
      9. Полное наименование государственного органа - государственное учреждение "Отдел образования Абайского района".
      10. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Отдел образования Абайского района".
      11. Финансирование деятельности государственного учреждения "Отдел образования Абайского района" осуществляется из местного бюджета.
      12. Государственному учреждению "Отдел образования Абайского района" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Отдел образования Абайского района".
      Если государственному учреждению "Отдел образования Абайского района" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права обязанности государственного учреждения

      13. Миссия государственного учреждения "Отдел образования Абайского района": оказание качественных образовательных услуг, реализация государственной политики в области образования.
      14. Задачи:
      обеспечение конституционного права граждан района на образование;
      осуществление единой государственной политики в области дошкольного воспитания и обучения, начального, основного среднего, общего среднего образования;
      государственное обеспечение функционирования системы образования в районе и ее социальная защита в соответствии с изменяющимися потребностями общества и новыми социально-экономическими условиями его развития;
      обеспечение реализации государственной финансовой, инвестиционной, инновационной политики в сфере образования посредствам анализа финансового обеспечения региональной системы образования, внесения предложений в акимат района по вопросам финансирования целевых программ в сфере образования, составления отчетов об исполнении планов финансирования бюджетных программ (подпрограмм), внесения инвестиционных предложений на стадии разработки среднесрочных государственных отраслевых и региональных программ;
      15. Функции:
      вносит в акимат Абайского района в установленном порядке предложения о создании, реорганизации и ликвидации учреждений образования Абайского района;
      ведет учет детей дошкольного и школьного возраста и организует их обучение и воспитание до получения ими среднего образования;
      организует и обеспечивает предшкольную подготовку, дошкольное воспитание и обучение, начальное, основное среднее и общее среднее образование граждан, включая вечернюю (сменную) форму обучения, и общее среднее образование предоставляемого через организации интернатного типа;
      обеспечивает дополнительное образование для детей;
      организует участие учащихся в едином национальном тестировании;
      организует проведение школьных, районных олимпиад по общеобразовательным предметам;
      оформляет несовершеннолетних, оставшихся без попечения родителей под опеку и попечительство или определяет их в детские дома или интернатные организации;
      осуществляет в установленном порядке государственное обеспечение детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей;
      организует бесплатное и льготное питание отдельных категорий обучающихся в порядке, предусмотренном законодательством Республики Казахстан;
      обеспечивает приобретение и доставку учебников и учебно-методических комплексов для организаций образования;
      государственное учреждение "Отдел образования Абайского района" разрабатывает, осуществляет и проводит мероприятия, необходимые для реализации его основных задач и функций, в соответствии с законодательными актами Президента Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан.
      16. Права и обязанности:
      запрашивать в установленном порядке от государственных органов и должностных лиц информацию, необходимую для выполнения своих функций;
      по согласованию привлекать государственные органы и иные организации района к участию в подготовке вопросов, относящихся к компетенции учреждения, создавать временные рабочие группы для выработки соответствующих предложений;
      вносить предложения по совершенствованию организации деятельности в сфере образования, осуществлять подготовку информационно-аналитических и иных материалов по вопросам, относящимся к деятельности учреждения;
      вносить предложения по вопросам, относящимся к сфере деятельности учреждения, соответствующим государственным органам и должностным лицам, а также участвовать в мероприятиях, проводимых территориальными и исполнительными местными органами района;
      оказывать организационно-методическую, информационную и иную помощь должностным лицам организаций образования, в ведении которых находятся вопросы образования, соблюдения прав человека и иные вопросы.

3. Организация деятельности государственного органа

      17. Руководство государственного учреждения "Отдел образования Абайского района" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на учреждение задач и осуществление им своих функций.
      18. Первый руководитель государственного учреждения "Отдел образования Абайского района" назначается на должность и освобождается от должности акимом района в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      19. Первый руководитель государственного учреждения "Отдел образования Абайского района" имеет заместителя, который назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      20. Полномочия первого руководителя государственного учреждения "Отдел образования Абайского района":
      организует и руководит работой учреждения и несет персональную ответственность за выполнение возложенных на учреждение задач;
      действует на принципах едино и самостоятельно решает вопросы деятельности учреждения в соответствии с его компетенцией, определяемой законодательством Республики Казахстан и настоящим Положением;
      определяет и утверждает функциональные обязанности и полномочия сотрудников учреждения и руководителей организаций образования;
      утверждает перспективные и текущие планы работы учреждения;
      принимает меры поощрения и налагает дисциплинарные взыскания на сотрудников учреждения;
      в пределах своей компетенции издает приказы, дает указания, подписывает служебную документацию;
      назначает на конкурсной основе и освобождает от должности руководителей государственных организаций дошкольного воспитания и обучения, внешкольных организаций среднего образования, финансируемых из местного бюджета;
      ведет личный прием граждан, несет персональную ответственность за организацию мероприятий по противодействию коррупции;
      без доверенности действует от имени учреждения;
      представляет интересы учреждения во всех организациях, учреждениях, предприятиях независимо от форм собственности:
      заключает договора;
      выдает доверенности;
      утверждает порядок и планы учреждения по командировкам, стажировкам, обучению сотрудников в республиканских и зарубежных учебных центров и иным видам повышения квалификации сотрудников;
      осуществляет иные функции, возложенные на него законодательством Республики Казахстан, настоящим Положением.
      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения "Отдел образования Абайского района" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.
      21. Первый руководитель определяет полномочия своего заместителя в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного органа

      22. Государственное учреждение "Отдел образования Абайского района" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения "Отдел образования Абайского района" формируется за счет имущества переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы) приобретенные в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      23. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Отдел образования Абайского района" относятся к коммунальной собственности.
      24. Государственное учреждение "Отдел образования Абайского района" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      25. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Отдел образования Абайского района" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан