Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 21.06.2018 № 32/352 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Абай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы 26 сессиясының № 26/255 "Абай ауданындағы салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салық ставкаларының мөлшерлерін белгілеу туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2516 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 қаңтардағы № 4 (4007) "Абай – Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімге мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қосымшада кестедегі 5, 6 нөмірлерінен кейін "." тыныс белгісі қойылсын.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Қ. Жұмабаев |
Абай аудандық мәслихатының | Б. Цай |
КЕЛІСІЛДІ:
Абай ауданы бойынша |
2015 жылғы 17 наурыз