Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 21.06.2018 № 32/352 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Абай ауданындағы салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салық ставкаларының мөлшерлері, осы шешімге қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Б. Жумабеков |
Абай аудандық мәслихатының хатшысы | Б. Цай |
КЕЛІСІЛДІ | |
Абай ауданы бойынша | |
салық басқармасының басшысы | А. Ефанов |
23.12.2013 г |
Абай аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 23 желтоқсандағы 26 сессиясының № 26/255 шешіміне қосымша |
Абай ауданындағы салық салу объектісінің бірлігіне
тіркелген салық ставкаларының мөлшерлері
Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 17.03.2015 № 39/435 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
№ | Салық салу объектісінің атауы | Айына тіркелген салық ставкаларының (айлық есептік көрсеткіштер) мөлшерлері |
1. | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 6 |
2. | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 9 |
3. | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 2 |
4. | Ойын жолы | 10 |
5. | Карт | 5 |
6. | Бильярд үстелі | 7 |