Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, Абай ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Е. Тыңғышев |
Абай аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Б. Цай |
Абай ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер
басқармасының басшысы А. Ефанов
2015 жылғы 29 қазан