Абай ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 2015 жылғы 29 қазандағы 46 сессиясының № 46/512 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 қарашада № 3507 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 51/563 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 15.01.2016 № 51/563 (қол қойылған кезден бастап күшіне енеді) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, Абай ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы
Е. Тыңғышев
Абай аудандық
 
мәслихатының хатшысы
Б. Цай

      КЕЛІСІЛДІ:
      Абай ауданы бойынша
      мемлекеттік кірістер
      басқармасының басшысы А. Ефанов
      2015 жылғы 29 қазан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады