Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 02.09.2024 № 45/01 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Ақтоғай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 17/01 "Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2750 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 қыркүйекте "Тоқырауын тынысы" газетінің № 40 (7460) санында жарияланған), келесі толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген "Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесінде 15 тармағы келесі мазмұндағы 8-1), 8-2) тармақшаларымен толықтырылсын:
"8-1) нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету, азаматтық хал актілерін тіркеуді бақылау және тиісті дерекқорлардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды қоспағанда, азаматтық хал актілерін тіркеу;";
"8-2) туу туралы куәліктерді беру кезінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру;".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н.И. Омарханов |