"Қарқаралы ауданының Жаңатоған ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 13 қаңтардағы № 05 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 ақпанда № 2974 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 107 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 03.05.2016 № 107 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Қарқаралы ауданының Жаңатоған ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарқаралы ауданы әкімі аппаратының басшысының міндетін атқарушы Д.Ж. Әзімхановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қарқаралы ауданының әкімі
К.М. Максутов

      

 
Қарқаралы ауданының
әкімдігінің
2015 жылғы 13 қаңтарда
№ 05 қаулысымен бекітілді

"Қарқаралы ауданы Жаңатоған ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Қарқаралы ауданы Жаңатоған ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – ауылдық округі әкімі аппараты) мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын және орындайтын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Ауылдық округі әкімі аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Ауылдық округі әкімі аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Ауылдық округі әкімі аппараты егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Ауылдық округі әкімі аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Ауылдық округі әкімі аппараты құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100811, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Жаңатоған ауылдық округі, Жаңатоған ауылы, Ұшқын көшесі 39.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Жаңатоған ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже ауылдық округі әкімі аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Ауылдық округі әкімі аппараты қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
      12. Ауылдық округі әкімі аппараты кәсіпкерлік субъектілерімен ауылдық округі әкімі аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер ауылдық округі әкімі аппаратына заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Ауылдық округі әкімі аппаратының миссиясы: мемлекеттік басқару саласында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік саясатты жүргізу.
      14. Міндеттері:
      1) аудан әкіміне ақпараттық және талдау сипатындағы құжаттарды дайындау;
      2) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау және оларды әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге уақытылы жолдау;
      3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс әкімінің, аудан әкімінің актілерін іске асыру;
      4) заңнамамен жүктелген өзге де тапсырмаларды орындау.
      15. Функциялары:
      1) өтініштерді, хаттарды қарау және заңмен белгіленген тәртіпте жауаптар дайындау;
      2) мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру;
      3) мемлекеттік мекеменің сұрақтарына қатысты, қызметтік хат алмасуды жүргізу.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) жиналыстарды өткізу тәртібін ұйымдастырады, аудан әкімдігінің отырыстарына қатысады;
      2) мемлекеттік мекеме қызметінің бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін қамтамасыз етеді;
      3) халықтың арасында өзекті мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырады;
      4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдайды;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, осы Ережеге сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. Ауылдық округі әкімі аппаратына басшылықты ауылдық округі әкімі аппаратына жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. Ауылдық округі әкімі аппаратының бірінші басшысын Қарқаралы ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. Ауылдық округі әкімі аппаратының бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) ауылдық округі әкімі аппаратының жұмыс жоспарларын бекітеді;
      2) ауылдық округі әкімі аппараты атынан әрекет етеді;
      3) сенімхаттарды береді;
      4) заңнамамен белгіленген тәртіпте ауылдық округі әкімі аппараты қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
      5) өз құзыреті шегінде өкімдер шығарады, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
      6) ауылдық округі әкімі аппаратының еңбек тәртібін бекітеді;
      7) ауылдық округі әкімі аппараты Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады;
      11) коммуналдық мүліктің пайдаланылуына және сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді.
      Ауылдық округі әкімі аппаратының бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындау қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлғамен жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік органның мүлкi

      20. Ауылдық округ әкімі аппаратында заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.
      Ауылдық округі әкімі аппаратының мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      21. Ауылдық округ әкімі аппаратында бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, ауылдық округ әкімі аппараты, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Ауылдық округ әкімі аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Аппарат акима Жанатоганского сельского округа Каркаралинского района"

Постановление акимата Каркаралинского района Карагандинской области от 13 января 2015 года № 05. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 16 февраля 2015 года № 2974. Утратило силу постановлением акимата Каркаралинского района Карагандинской области от 3 мая 2016 года № 107

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Каркаралинского района Карагандинской области от 03.05.2016 № 107.
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан", акимат Каркаралинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение государственного учреждения "Аппарат акима Жанатоганского сельского округа Каркаралинского района".
      2. Контроль за исполнением данного постановления возложить на исполняющего обязанности руководителя аппарата акима Каркаралинского района Д.Ж. Азимханова.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

Аким Каркаралинского района
К.М. Максутов

      

  Утверждено
постановлением акимата
Каркаралинского района
от 13 января 2015 года
№ 05

Положение государственного учреждения "Аппарат акима Жанатоганского сельского округа Каркаралинского района"
1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Аппарат акима Жанатоганского сельского округа Каркаралинского района" (далее – аппарат акима сельского округа) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим и выполняющим функции государственного управления.
      2. Аппарат акима сельского округа, осуществляет свою деятельность, в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      3. Аппарат акима сельского округа является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      4. Аппарат акима сельского округа вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      5. Аппарат акима сельского округа имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      6. Аппарат акима сельского округа по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      7. Структура и лимит штатной численности аппарата акима сельского округа утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      8. Местонахождение юридического лица: 100811, Карагандинская область, Каркаралинский район, Жанатоганский сельский округ, село Жанатоган, улица Ушкуна 39.
      9. Полное наименование государственного органа - государственное учреждение "Аппарат акима Жанатоганского сельского округа Каркаралинского района Карагандинской области".
      10. Настоящее Положение является учредительным документом аппарата акима сельского округа.
      11. Финансирование деятельности аппарата акима сельского округа осуществляется из местного бюджета.
      12. Аппарату акима сельского округа запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями аппарата акима сельского округа.
      Если аппарату акима сельского округа законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа

      13. Миссия аппарата акима сельского округа: ведение государственной политики в сфере государственного управления в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      14. Задачи:
      1) подготовка документов информационного и аналитического характера для акима района;
      2) подготовка проектов нормативных правовых актов и своевременное отправление их на государственную регистрацию в органы юстиции;
      3) реализация актов Президента, Правительства Республики Казахстан, акима области, акима района;
      4) осуществление иных задач, возложенных законодательством.
      15. Функции:
      1) рассмотрение заявлений, писем и подготовка ответов в установленном законом порядке;
      2) осуществление реализации государственной политики;
      3) ведение служебной переписки по вопросам, отнесенным к ведению государственного учреждения.
      16. Права и обязанности:
      1) организует порядок проведения совещания, участвует в заседаниях акимата района;
      2) обеспечивает освещение деятельности государственного учреждения в средствах массовой информации;
      3) организует разъяснительные работы по актуальным вопросам среди населения;
      4) принимает меры по противодействую коррупции;
      5) осуществляет иные полномочия в соответствии с законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, настоящим Положением.

3. Организация деятельности государственного органа

      17. Руководство аппарата акима сельского округа осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на аппарат акима сельского округа задач и осуществление им своих функций.
      18. Первый руководитель аппарата акима сельского округа назначается на должность и освобождается от должности акимом Каркаралинского района.
      19. Полномочия первого руководителя аппарата акима сельского округа:
      1) утверждает планы работ аппарата акима сельского округа;
      2) действует от имени аппарата акима сельского округа;
      3) выдает доверенности;
      4) в установленном законодательством порядке поощряет работников аппарата акима сельского округа и налагает на них дисциплинарные взыскания;
      5) издает распоряжения, подписывает служебную документацию в пределах своей компетенции;
      6) утверждает внутренний трудовой распорядок аппарата акима сельского округа;
      7) осуществляет контроль за соблюдением Закона Республики Казахстан "О государственной службе" в аппарате акима сельского округа;
      8) осуществляет личный прием граждан;
      9) осуществляет иные полномочия, предусмотренные законодательством Республики Казахстан;
      10) несет персональную ответственность за исполнение антикоррупционного законодательства;
      11) обеспечивает контроль за использованием и сохранностью коммунального имущества.
      Исполнение полномочий первого руководителя аппарата акима сельского округа в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного органа

      20. Аппарат акима сельского округа может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество аппарата акима сельского округа формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      21. Имущество, закрепленное за аппаратом акима сельского округа, относится к коммунальной собственности.
      22. Аппарат акима сельского округа не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      23. Реорганизация и упразднение аппарата акима сельского округа осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.