Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімінің 06.05.2015 № 02 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48 бабы және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес Қарқаралы ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Қасым Аманжолов ауылдық округінің Талды ауылында, Нұркен Әбдіров ауылдық округінің Жарлы, Ақшоқы, Жекежал ауылдарында, Қырғыз ауылдық округінің Бүркітті, Жәнібек ауылдарында, Қаракөл ауылдық округінің Қаракөл ауылында, Угар ауылдық округінің Матақ ауылында, Қоянды ауылдық округінің Қоянды ауылында, Мартбек Мамыраев ауылдық округінің Ақжол, Жаңанегіз ауылдарында, Тегісшілдік ауылдық округінің Тегісшілдік, Жарлы, Қарынши ауылдарында, Ынталы ауылдық округінің Ынталы ауылында және Қаршығалы ауылдық округінің Көктас, Жаңа жол ауылдарында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жою комиссиясының басшысы болып Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары С.Р. Акимов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарқаралы ауданының әкімі | К.М. Максутов |