"Нұра ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 01/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 ақпанда № 2965 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 13/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімдігінің 06.05.2016 № 13/01 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2000 жылғы 27 қарашадағы " Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы", 2013 жылғы 7 наурыздағы № 523 "Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Жарлықтарына сәйкес, Нұра ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Нұра ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Нұра ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 07/08 "Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысы жойылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұра ауданы әкімі аппаратаның басшысы Салтанат Аққошқарқызы Мұқановаға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі
Қ. Бексұлтанов

      

 
Нұра ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 16 қаңтардағы
№ 01/01 қаулысымен бекітілген

"Нұра ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің
Ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Нұра ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Нұра ауданы әкімінің және жергілікті атқарушы органның қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Нұра ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Нұра ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Нұра ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Нұра ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Нұра ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Нұра ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Нұра ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Нұра ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100900 Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Киевка кенті, Кәрім Мынбаев көшесі, 44 үй.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Нұра ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Нұра ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Нұра ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Нұра ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен "Нұра ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Нұра ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Нұра ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы аудан әкімі және әкімдігі қызметінің сапалы және уақытылы ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету болып табылады.
      15. Міндеттері:
      1) тиісті аумақты дамыту мүдделерімен және қажеттіліктерімен қатар атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде аудан әкіміне, әкімдігіне көмек көрсету;
      2) мемлекеттік егемендікті, конституциялық саланы қорғау және нығайту, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын, қауіпсіздігін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жүргізу;
      3) мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру және аудандағы әлеуметтік және экономикалық үдерістерді басқару, осы мақсатта жергілікті атқарушы биліктің барлық органдарының үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
      4) заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтық таным деңгейін арттыру және елдің қоғамдық - саяси өмірінде олардың белсенді азаматтық көзқарас ұстануы бойынша шараларды жүзеге асыру;
      5) ауданның кешенді әлеуметтік – экономикалық дамуын, азаматтар құқықтарының қорғалуын, олардың заңды мүдделерінің қанағаттандырылуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша жергілікті өкілді органдармен өзара іс-әрекет жасау;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.
      16. Функциялары:
      1) аудан әкімдігінің және аудан әкімі аппараты регламенттерінің сақталуын қамтамасыз ету;
      2) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар жұмысына талдау жүргізеді, аудан әкіміне, әкімдігіне және жоғары тұрған органдарға олардың сұраған мәселелері бойынша ақпарат беру;
      3) аудан әкімінің, әкімдігінің, аудан әкімі аппаратының қызметтерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету;
      4) аудан әкімінің, әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерін әділет органында тіркеуді және мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету;
      5) аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінде, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда атқарушы тәртіп жағдайына талдау жүргізеді және осы мәселе бойынша аудан әкімін ақпараттандыру;
      6) аудан әкімі аппаратының жұмысын, әкімдік отырыстарының, мәжілістердің, семинарлардың және басқа да іс-шаралардың өткізілуін жоспарлайды, оларды дайындау мен өткізуді ұйымдастыру;
      7) әкім шешімдері мен өкімдерінің, әкімдік қаулыларын, аудан әкімі аппараты басшысының бұйрықтарының жобаларын әзірлеу;
      8) әкімнің, әкімдіктің, аудан әкімі аппараты басшысының актілерін тіркеуді және таратуды жүзеге асырады;
      9) әкім және әкімдік жанындағы консультативтік-кеңестік органдардың, аудан әкімі аппараты жанындағы комиссиялардың қызметін қамтамасыз етеді;
      10) аудан әкімдігінің отырыстарын, аудан әкімінің және оның орынбасарларының мәжілістерін, "бақылау күндерін" және өзге де іс-шараларды дайындауды және өткізуді жоспарлайды және ұйымдастырады, материалдарды, мәжіліс хаттамаларын ресімдеу және таратуды жүзеге асырады;
      11) ауданның мемлекеттік органдарымен және әкім аппаратының арасындағы ұйымдастыру және ақпараттық байланысты жүзеге асырады;
      12) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және орталық органдарының, сонымен қатар, облыс әкімінің және әкімдігінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдары актілерімен тапсырмаларының орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
      13) аудан әкімнің кіріс құжаттарын уақытылы қарауын ұйымдастырады, олардың алғашқы өңделулерін, алдын-ала қаралуын, тіркелуін, сақталуын, есебін, жеткізілуін және таратылуын жүзеге асыру;
      14) әкімнің, әкімдіктің, аудан әкімі аппаратының қызметтерін құжаттамалық қамтамасыз етуді, сонымен қатар, құпия іс жүргізуді жүзеге асырады, нормативтік құқықтық актілерге сәйкес құпиялық тәртіпті қамтамасыз ету;
      15) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету мониторингін жүзеге асыру;
      16) мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін жүзеге асыру;
      17) ақпараттық қоғам жағдайында мемлекеттік басқару органдарының азаматтармен және ұйымдармен өзара іс-әрекетін ұйымдастыратын әкімдіктің ресми сайтын қолдауды және дамытуды қамтамасыз ету;
      8) аудан әкімі аппаратының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың кадрлар мониторингін жүзеге асыру;
      19) аудан әкімі аппаратының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды, тағылымдамадан өтуін, тәлімгерлікті, қызметін бағалауды ұйымдастыру;
      20) аудан әкімі аппаратының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің аттестаттауды, конкурстық таңдауды, қызметте өсуін, тәртіптік жазаға тартуды, жұмыстан босатуды ұйымдастыру және жүргізу;
      21) ауданда ақпараттандыру деңгейін арттыру және ақпараттық жүйелерді дамыту жөніндегі жұмысты жүргізу;
      22) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін автоматтандыруды қамтамасыз ету;
      23) ақпараттандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін электрондық қызметтерді дамыту бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға көмек көрсету;
      24) мемлекеттік наградалармен марапаттау үшін құжаттарды дайындауды ұйымдастыру;
      25) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есептеуді және қарауды қамтамасыз етеді, әкімнің, әкім орынбасарларының және аудан әкімі аппараты басшысының азаматтарды жеке қабылдау жүргізулерін ұйымдастыру;
      26) өз құзыреті шегінде гендерлік саясатты іске асыру;
      27) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асырады және тіркеу туралы мәліметтерді Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға енгізеді;
      28) туу туралы куәліктерді беру кезінде жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру;
      29) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) соттарда, тиісті аумақта басқару тиімділігін арттыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара қарым-қатынаста аудан әкімінің, әкімдігінің, аудан әкімі аппаратының мүдделерін ұсыну;
      2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларынан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттарды, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу;
      3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдарының, облыс және аудан әкімдері мен әкімдіктерінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;
      4) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау бойынша уәкілетті органға тиісті ақпаратты ұсыну;
      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
      6) құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсініктемелер беру;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Нұра ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Нұра ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырылады.
      19. "Нұра ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Нұра ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. "Нұра ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшының өкілеттігі:
      1) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда "Нұра ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүдделерiн бiлдiредi;
      2) "Нұра ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын басқарады және оған жүктелген функциялар мен міндеттерді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс әрекеттер шараларының қабылданбауына жеке жауап береді;
      3) қабылдау кестесіне сәйкес азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамамен белгіленген мерзімдерде қарайды, олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды;
      4) қызметкерлерді заңнамамен белгіленген тәртіпте тағайындау және босату, тәртіптік жауапкершілікке тарту, марапаттау, материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді;
      5) аудан әкімі аппаратының қызметкерлерімен орындалуы міндетті нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаларға қол қояды;
      6) аудан әкімі аппаратының ақшалай қаражаттарын басқарады, бюджеттік қаражаттардың нысаналы қолданылуына бақылауды жүзеге асырады;
      7) оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Нұра ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
      23. "Нұра ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын аппарат басшысы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      24. "Нұра ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында жекеменшілік мүлікке ие болуы құқылы.
      "Нұра ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      25. "Нұра ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Нұра ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      27. "Нұра ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Аппарат акима Нуринского района"

Постановление акимата Нуринского района Карагандинской области от 16 января 2015 года № 01/01. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 11 февраля 2015 года № 2965. Утратило силу постановлением акимата Нуринского района Карагандинской области от 6 мая 2016 года № 13/01

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Нуринского района Карагандинской области от 06.05.2016 № 13/01.
      Примечание РЦПИ:
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года " О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 27 ноября 2000 года " Об административных процедурах" и Указами Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан", от 7 марта 2013 года № 523 "Об утверждении Реестра должностей государственных служащих", акимат Нуринского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение государственного учреждения "Аппарат акима Нуринского района".
      2. Отменить постановление акимата Нуринского района от 28 феврвля 2013 года № 07/08 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Аппарат акима Нуринского района Карагандинской области".
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима Нуринского района Муканову Салтанат Аккошкаровну.
      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

Аким района
К. Бексултанов

      

 
Утверждено постановлением
акимата Нуринского района
от 16 января 2015 года № 01/01

Положение
государственного учреждения "Аппарат акима Нуринского района"
1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Аппарат акима Нуринского района" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим обеспечение деятельности акима и местного исполнительного органа Нуринского района.
      2. Государственное учреждение "Аппарат акима Нуринского района" не имеет ведомств.
      3. Государственное учреждение "Аппарат акима Нуринского района" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      4. Государственное учреждение "Аппарат акима Нуринского района" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      5. Государственное учреждение "Аппарат акима Нуринского района" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      6. Государственное учреждение "Аппарат акима Нуринского района" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      7. Государственное учреждение "Аппарат акима Нуринского района" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Аппарат акима Нуринского района" и другими актами, предусмотренными законодательными актами Республики Казахстан.
      8. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Аппарат акима Нуринского района" утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      9. Местонахождение юридического лица: 100900, Республика Казахстан, Карагандинская область, Нуринский район, поселок Киевка, улица Карима Мынбаева, дом 44.
      10. Полное наименование государственного органа - государственное учреждение "Аппарат акима Нуринского района".
      11. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Аппарат акима Нуринского района".
      12. Финансирование деятельности государственного учреждения "Аппарат Акима Нуринского района" осуществляется из местного бюджета.
      13. Государственному учреждению "Аппарат акима Нуринского района" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Аппарат акима Нуринского района".
      Если государственному учреждению "Аппарат акима Нуринского района" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа

      14. Миссией государственного учреждения "Аппарат акима Нуринского района" является обеспечение качественного и своевременного информационно-аналитического, организационно-правового и материально-технического функционирования деятельности акима и акимата района.
      15. Задачи:
      1) оказание содействия акиму, акимату района в обеспечении проведения общегосударственной политики исполнительной власти в сочетании с интересами и потребностями развития соответствующей территории;
      2) проведение в жизнь политики Президента Республики Казахстан по охране и укреплению государственного суверенитета, конституционного строя, обеспечению безопасности, территориальной целостности Республики Казахстан, прав и свобод граждан;
      3) осуществление основных направлений государственной, социально-экономической политики и управления социальными и экономическими процессами в районе, обеспечение в этих целях согласованного функционирования всех органов местной исполнительной власти;
      4) осуществление мер по укреплению законности и правопорядка, повышению уровня правосознания граждан и их активной гражданской позиции в общественно-политической жизни страны;
      5) взаимодействие с местным представительным органом по вопросам обеспечения комплексного социально-экономического развития района, защиты прав граждан, удовлетворения их законных интересов;
      6) иные задачи, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.
      16. Функции:
      1) обеспечивает соблюдение регламентов акимата и аппарата акима района;
      2) проводит анализ работы исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета, предоставляет информацию акиму, акимату района и в вышестоящие органы по запрашиваемым ими вопросам;
      3) обеспечивает освещение деятельности акима, акимата, аппарата акима района в средствах массовой информации;
      4) обеспечивает регистрацию в органах юстиции и мониторинг нормативных правовых актов акима, акимата района;
      5) проводит анализ состояния исполнительской дисциплины в структурных подразделениях аппарата акима района, исполнительных органах, финансируемых из местного бюджета, и информирует по данному вопросу акима района;
      6) планирует работу аппарата акима района, проведение заседаний акимата, совещаний, семинаров и других мероприятий, организует их подготовку и проведение;
      7) разрабатывает проекты решений и распоряжений акима, постановлений акимата, приказов руководителя аппарата акима района;
      8) осуществляет регистрацию и рассылку актов акима, акимата, руководителя аппарата акима района;
      9) обеспечивает деятельность консультативно-совещательных органов при акиме и акимате, комиссий при аппарате акима района;
      10) планирует и организует подготовку и проведение заседаний акимата района, совещаний акима района и его заместителей, "дней контроля" и иных мероприятий, осуществляет оформление и рассылку материалов, протоколов совещаний;
      11) осуществляет организационную и информационную связь между государственными органами района и аппаратом акима района;
      12) осуществляет контроль за исполнением актов и поручений Президента, Правительства и центральных органов Республики Казахстан, а также акима и акимата области, исполнительными органами, финансируемыми из местного бюджета;
      13) организует своевременное рассмотрение акимом района входящих документов, осуществляет их первоначальную обработку, предварительное рассмотрение, регистрацию, учет, хранение, доставку и рассылку;
      14) осуществляет документационное обеспечение деятельности акима, акимата, аппарата акима района, в том числе секретное делопроизводство, обеспечивает в соответствии с нормативными правовыми актами режим секретности;
      15) осуществляет мониторинг государственных услуг, оказываемых исполнительными органами, финансируемыми из местного бюджета;
      16) осуществляет процедуру организации и проведения государственных закупок;
      17) обеспечивает поддержку и развитие официального сайта акимата, организующего взаимодействие органов государственного управления с гражданами и организациями в условиях информационного общества;
      18) осуществляет мониторинг кадров аппарата акима района и исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета;
      19) организует стажировку, наставничество, оценку деятельности, повышение квалификации и переподготовку государственных служащих аппарата акима района и исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета;
      20) организует и проводит аттестацию, конкурсный отбор, продвижение по службе, привлечение к дисциплинарной ответственности, увольнение государственных служащих аппарата акима района и исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета;
      21) проводит работу по повышению уровня информатизации и развитию информационных систем в районе;
      22) обеспечивает автоматизацию процесса оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан, по согласованию с уполномоченным органом в сфере информатизации;
      23) оказывает содействие исполнительным органам, финансируемым из местного бюджета, по развитию электронных услуг, оказываемых в соответствии с законодательством Республики Казахстан об информатизации;
      24) организует подготовку документов для представления к награждению государственными наградами;
      25) обеспечивает учет и рассмотрение обращений физических и юридических лиц, организует проведение личного приема граждан акимом, заместителями акима и руководителем аппарата акима района;
      26) реализует гендерную политику в пределах своей компетенции;
      27) осуществляет регистрацию актов гражданского состояния и вносит сведения о регистрации в Государственную базу данных о физических лицах в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;
      28) формирует индивидуальные идентификационные номера при выдаче свидетельств о рождении;
      29) осуществляет иные функции в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      17. Права и обязанности:
      1) представлять интересы акима, акимата, аппарата акима района в судах, во взаимоотношениях с государственными органами, организациями по вопросам повышения эффективности управления на соответствующей территории;
      2) в пределах своей компетенции запрашивать и получать необходимую информацию, документы и иные материалы от должностных лиц государственных органов и других организаций;
      3) исполнять качественно и в срок акты и поручения Президента, Правительства Республики Казахстан и иных центральных исполнительных органов, акимов и акиматов области, района;
      4) предоставлять соответствующую информацию в уполномоченный орган по оценке качества оказания государственных услуг;
      5) соблюдать нормы действующего законодательства Республики Казахстан;
      6) давать физическим и юридическим лицам разъяснения по вопросам, отнесенным к компетенции;
      7) осуществлять иные права и обязанности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

3. Организация деятельности государственного органа

      18. Руководство государственным учреждением "Аппарат акима Нуринского района" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Аппарат акима Нуринского района" задач и осуществление им своих функций.
      19. Первый руководитель государственного учреждения "Аппарат акима Нуринского района" назначается на должность и освобождается от должности акимом области.
      20. Первый руководитель государственного учреждения "Аппарат акима Нуринского района" имеет заместителей, которые назначаются на должности и освобождаются от должностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      21. Полномочия первого руководителя государственного учреждения "Аппарат акима Нуринского района":
      1) представляет интересы государственного учреждения "Аппарат акима Нуринского района" во взаимоотношениях с государственными органами, организациями и гражданами;
      2) руководит работой государственного учреждения "Аппарат акима Нуринского района" и несет персональную ответственность за выполнение возложенных на него функций и задач, а также за непринятие мер по противодействию коррупции;
      3) проводит личный прием граждан согласно графику приема, рассматривает в установленные законодательством сроки обращения физических и юридических лиц, принимает по ним необходимые меры;
      4) в установленном законодательством порядке решает вопросы принятия и увольнения, привлечения к дисциплинарной ответственности, поощрения, оказания материальной помощи работников;
      5) дает указания, обязательные для исполнения работниками аппарата акима района, подписывает служебную документацию;
      6) распоряжается денежными средствами аппарата акима района, осуществляет контроль за целевым использованием бюджетных средств;
      7) осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан по вопросам, отнесенным к его компетенции.
      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения "Аппарат акима Нуринского района" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.
      22. Первый руководитель определяет полномочия своих заместителей в соответствии с действующим законодательством.
      23. Аппарат государственного учреждения "Аппарат акима Нуринского района" возглавляется руководителем аппарата, назначаемым на должность и освобождаемым от должности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество государственного органа

      24. Государственное учреждение "Аппарат акима Нуринского района" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения "Аппарат акима Нуринского района" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      25. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Аппарат акима Нуринского района", относится к коммунальной собственности.
      26. Государственное учреждение "Аппарат акима Нуринского района" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      27. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Аппарат акима Нуринского района" осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.