Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2000 жылғы 27 қарашадағы " Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы", 2013 жылғы 7 наурыздағы № 523 "Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Жарлықтарына сәйкес, Нұра ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұра ауданы әкімі аппаратының басшысы Салтанат Аққошқарқызы Мұқановаға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ. Бексұлтанов |
| Нұра ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 03/03 қаулысымен бекітілген |
"Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі Нұра ауданының аумағында дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
8. "Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100900, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Киевка кенті, Тәуелсізідік көшесі, 41 үй.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметiн қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектілерімен "Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
14. "Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы бұқаралық дене шынықтыру мен спортты, сондай-ақ осы салада нәтижелерге жетуді дамыту бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.15. Міндеттері:
1) дене шынықтыру және спорт саласында біріңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.
16. Функциялары:
1) дене шынықтыру және спортты дамыту бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асырады;
2) спорттың әр түрi бойынша аудандық жарыстар өткiзедi;
3) спорттың әр түрi бойынша аудандық құрама командаларды дайындау мен олардың облыстық және республикалық спорт жарыстарында өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;
4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қолдайды;
5) спорттық разрядтар мен санаттарды бередi: екiншi және үшiншi разрядтар, бірiншi, екiншi және үшiнші жасөспiрiмдік разрядтар, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi спорттық разрядтары мен санаттары;
6) аудандық спорттық-бұқаралық iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспарын әзiрлейдi, бекiтедi және iске асырады;
7) Нұра ауданының аумағында спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
8) Нұра ауданының аумағында спорт шараларын ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
9) Нұра ауданы бойынша дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы мәлiметтердi талдап, дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi органға табыс етедi;
10) "Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзырына енетін мәселелер бойынша аудан әкімінің, әкімдіктің және жетекшілік жасайтын лауазымды тұлғаның тапсырмаларын іске асыру бойынша іс-шараларды жүзеге асырады;
11) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
12) ауданның бұқаралық-спорттық іс-шараларын өткізуді қамтамасыз етеді және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындардың басым бөлігін дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту бойынша ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізеді;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асырады.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) соттарда, тиісті аумақта басқару тиімділігін арттыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара қарым-қатынаста бөлімнің мүдделерін ұсыну;
2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларынан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттарды, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдарының, облыс және аудан әкімдері мен әкімдіктерінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
5) құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсініктемелер беру;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. "Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.19. "Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшының өкілеттігі:
1) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда "Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерiн бiлдiредi;
2) "Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын басқарады және оған жүктелген функциялар мен міндеттерді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс әрекеттер шараларының қабылданбауына жеке жауап береді;
3) қабылдау кестесіне сәйкес азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамамен белгіленген мерзімдерде қарайды, олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды;
4) қызметкерлерді заңнамамен белгіленген тәртіпте тағайындау және босату, тәртіптік жауапкершілікке тарту, марапаттау, материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді;
5) бөлімнің қызметкерлерімен орындалуы міндетті нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаларға қол қояды;
6) оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
21. "Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында жекеменшілік мүлікке ие болуы құқылы."Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. "Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Нұра ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.