"Б" корпусындағы аудандық бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік органдарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы

Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 03/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 ақпанда № 2960 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 41/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 10.08.2015 № 41/01 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 16 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 327 Жарлығына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» № 86 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10130 болып тіркелген) сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Преамбула жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 13.04.2015 № 22/02 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1. Қоса беріліп отырған "Б" корпусындағы аудандық бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік органдарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесі бекітілсін. 
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Валентина Владимировна Абилсеитоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі

С. Аймақов


Осакаров ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 12 қаңтардағы
№ 03/01 қаулысымен
бекітілген

"Б" корпусындағы аудандық бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік органдарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы аудандық бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Жарлығын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» № 86 бұйрығына сәйкес әзірленген және «Б» корпусындағы аудандық бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік органдарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – қызметшілер) қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу тәртібін айқындайды.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 13.04.2015 № 22/02 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.
      3. Бағалау мемлекеттік әкімшілік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзiмде жүргізіледі.
      4. Қызметшілерді бағалау мыналардан:
      1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауы;
      2) айналмалы бағалау (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауы);
      3) алып тасталды - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 13.04.2015 № 22/02 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.
      Аудандық бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдар басшыларының қызметіне бағалауды аудан әкімі немесе оның уәкілеттік беруімен оның орынбасарларының бірімен өткізілуі мүмкін.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 13.04.2015 № 22/02 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5. Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттар айқындалады, тағылымдамадан өткізу, ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірленеді.
      6. алып тасталды - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 13.04.2015 № 22/02 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      7. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы екі "қанағаттанарлықсыз" деген баға алуы, оны аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады.
      Аттестаттаудан өткізу туралы шешім қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған бағалау нәтижелері ескерілмейді.
      8. "Қанағаттанарлықсыз" деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданған тұлғаға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
      9. Қызметшінің қорытынды бағасын аудан әкімі құрған тұрақты жұмыс істейтін Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) бекітеді.
      10. Комиссия кемінде үш мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.
      11. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      Комиссия төрағасы болып аудан әкімі аппаратының басшысы табылады.
      Егер Комиссия құрамына оған қатысты бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар осы қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды.

2. Бағалау жүргізуге дайындық

      12. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін әзірлейді.
      Персоналды басқару қызметі бағалау өткізуге дейін бір айдан кешіктірмей бағаланатын қызметшіге, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағында көрсетілген тұлғаларға бағалау жүргізілетіні туралы хабарлайды және оларға толтыру үшін бағалау парағын жібереді.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 13.04.2015 № 22/02 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3. Тікелей басшының бағалауы

      13. Тікелей басшы осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағын персоналды басқару қызметінен алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады, қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстырады және екі жұмыс күні ішінде толтырылған бағалау парағын персоналды басқару қызметіне қайтарады.
      Қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметiнiң қызметкерi және тікелей басшы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.

4. Айналмалы бағалау

      14. Айналмалы бағалау қызметшінің қарамағындағы адамдардың, ал қарамағындағы адамдар болмаған жағдайда – қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымды атқаратын адамның (олар болған жағдайда) бағалауын білдіреді.
      Мұндай адамдардың тізімін (үш адамнан аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай персоналды басқару қызметі бағалау жүргізілгенге бір айдан кешіктірмей анықтайды.
      15. Осы Әдістеменің 14-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда бағалау парағын толтырады.
      16. Осы Әдістеменің 14-тармағында көрсетілген тұлғалармен толтырылған бағалау парағы персоналды басқару қызметіне оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметіне жіберіледі.
      17. Персоналды басқару қызметі осы Әдістеменің 14-тармағында көрсетілген тұлғалардың бағалауының орташа есебін жүргізеді.
      18. Осы Әдістеменің 14-тармағында көрсетілген тұлғалардың бағалауы жасырын түрде жүргізіледі.

5. Қызметшінің қорытынды бағасы

      19. Персоналды басқару қызметі қызметшінің қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:

a = b + c

      a – қызметшінің қорытынды бағасы;
      b – тікелей басшының бағасы;
      c – осы Әдістеменің 14-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасы.
      20. Қорытынды баға мына шкала бойынша қойылады:
      21 баллдан төмен – "қанағаттанарлықсыз";
      22-ден 33 балға дейін – "қанағаттанарлық";
      33 балдан жоғары – "тиімді".

6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      21. Персоналды басқару қызметі осы Әдістеменің 12-тармағында көрсетілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
      Персоналды басқару қызметі Комиссияның отырысына мына құжаттарды:
      1) толтырылған тікелей басшының бағалау парағын;
      2) толтырылған айналмалы бағалау парағын;
      3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;
      4) осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды баға көрсетілген Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
      22. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:
      1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
      2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.
      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:
      1) егер қызметшінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса, бұл ретте қызметшінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;
      2) қызметшінің бағалау нәтижесін санауда қате жіберілсе.
      Бұл ретте қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді.
      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 13.04.2015 № 22/02 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      23. Персоналды басқару қызметі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң бес жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.
      Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметiнiң қызметкерi танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
      24. алып тасталды - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 13.04.2015 № 22/02 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      25. Осы Әдістеменің 21-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы персоналды басқару қызметінде сақталады.

7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      26. Комиссия шешіміне қызметшінің мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 13.04.2015 № 22/02 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      27. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті қызметшіден шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағым қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 13.04.2015 № 22/02 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      28. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.
      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 13.04.2015 № 22/02 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


"Б" корпусындағы аудандық
бюджеттен қаржыландыратын
мемлекеттік органдардың
мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің
қызметін жыл сайынғы
бағалаудың әдістемесіне
1-қосымша

      нысан

Тікелей басшысының бағалау парағы

      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә.: _______________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _____________________________

№ р/н

Өлшем

Көрсеткіштің мәні (саны)

Баға (балл)


1.

Бастамашылығы

2-ден 5-ке дейін



2.

Лауазымды міндеттерін орындау сапасы

2-ден 8-ге дейін



3.

Әрекеттестікке икемділігі

2-ден 5-ке дейін



4.

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін



БАРЛЫҒЫ (барлық бағалардың бағасы):




Таныстым:
Қызметші (Т.А.Ә.) ____________
күні ______________
қолы ______________

Тікелей басшы ( Т.А.Ә.)
_______________________________
күні ___________________________
қолы ___________________________


"Б" корпусындағы аудандық
бюджеттен қаржыландыратын
мемлекеттік органдардың
мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің
қызметін жыл сайынғы
бағалаудың әдістемесіне
2-қосымша

      нысан

Айналмалы бағалау парағы

      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә.:_______________________________
      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _____________________________


р/н

Өлшем

Көрсеткіштің мәні

Баға (балл)

Бағынышты адам

1

Жұмысты жоспарлай алу қабілеті

2-ден 5-ке дейін


2

Жұмысқа ынталандыру қабілеті

2-ден 5-ке дейін


3

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін



Барлығы (барлық бағалардың бағасы):


Әріптесі

1

Топта жұмыс істей алу қабылеті

2-ден 5-ке дейін


2

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін


3

Лауазымды міндеттерін орындау сапасы

2-ден 5-ке дейін



Барлығы (барлық бағалардың бағасы):




"Б" корпусындағы аудандық
бюджеттен қаржыландыратын
мемлекеттік органдардың
мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің
қызметін жыл сайынғы
бағалаудың әдістемесіне
3-қосымша

      нысан

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

      ______________________________________________________
(мемлекеттік орган атауы)


р/р

Қызметшінің Т.А.Ә.

Тікелей басшының бағасы

Айналмалы баға

Қорытынды баға

1





...





       Комиссия қорытындысы:
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Тексерген:
      Комиссия хатшысы: _______________________ Күні: _______________
                            (Т.А.Ә., қолы)
      Комиссия төрағасы:_______________________ Күні: _______________
                            (Т.А.Ә., қолы)
      Комиссия мүшесі: ________________________ Күні: _______________
                            (Т.А.Ә., қолы)

Об утверждении методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственных органов, финансируемых из районного бюджета

Постановление акимата Осакаровского района Карагандинской области от 12 января 2015 года № 03/01. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 11 февраля 2015 года № 2960. Утратило силу постановлением акимата Осакаровского района Карагандинской области от 10 августа 2015 года № 41/01

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Осакаровского района Карагандинской области от 10.08.2015 № 41/01.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», пунктом 1 статьи 16 Закона Республики Казахстан от 23 июля 1999 года «О государственной службе», Указом Президента Республики Казахстан от 21 января 2000 года № 327 «Об утверждении Правил проведения ежегодной оценки деятельности и аттестации административных государственных служащих» и приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 29 декабря 2014 года № 86 «Об утверждении Типовой методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10130), акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      Сноска. Преамбула - в редакции постановления акимата Осакаровского района Карагандинской области от 13.04.2015 № 22/02 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      1. Утвердить прилагаемую методику ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственных органов, финансируемых из районного бюджета.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима района Абилсеитову Валентину Владимировну.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района

С. Аймаков


Утверждена
постановлением акимата
Осакаровского района
от 12 января 2015 года № 03/01

Методика
ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б", государственных органов, финансируемых из районного бюджета

1. Общие положения

      1. Настоящая методика ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственных органов, финансируемых из районного бюджета, разработана в соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 21 января 2000 года № 327 «Об утверждении Правил проведения ежегодной оценки деятельности и аттестации административных государственных служащих», приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 29 декабря 2014 года № 86 «Об утверждении Типовой методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» и определяет методы ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственных органов, финансируемых из районного бюджета (далее - служащие).
      Сноска. Пункт 1 - в редакции постановления акимата Осакаровского района Карагандинской области от 13.04.2015 № 22/02 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      2. Ежегодная оценка деятельности служащих (далее – оценка) проводится для определения эффективности и качества их работы.
      3. Оценка проводится по истечении каждого года пребывания на государственной службе, не позднее трех месяцев со дня его наступления, но не ранее шести месяцев со дня занятия данной должности.
      4. Оценка служащего складывается из:
      1) оценки непосредственного руководителя служащего;
      2) круговой оценки (оценки подчиненных или коллег служащего);
      3) исключен постановлением акимата Осакаровского района Карагандинской области от 13.04.2015 № 22/02 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      Непосредственным руководителем служащего является лицо, которому он подчиняется согласно своей должностной инструкции.
      Для руководителей районных исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета, оценка проводится акимом района либо по его уполномочию одним из его заместителей.
      Сноска. Пункт 4 с изменениями, внесенными постановлением акимата Осакаровского района Карагандинской области от 13.04.2015 № 22/02 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      5. По результатам оценки вырабатываются предложения по устранению недостатков в деятельности служащих, определяются направления их деятельности, требующие улучшения, вырабатываются предложения по карьерному продвижению и стажировке служащих.
      6. исключен постановлением акимата Осакаровского района Карагандинской области от 13.04.2015 № 22/02 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      7. Получение служащим двух оценок "неудовлетворительно" в течение последних трех лет является основанием для проведения аттестации.
      При принятии решения о проведении аттестации не учитываются результаты оценки, которые являлись основанием для проведения предыдущей аттестации.
      8. Служащий, получивший оценку "неудовлетворительно", не закрепляется наставником за лицами, впервые принятыми на административные государственные должности.
      9. Итоговая оценка служащего утверждается постоянно действующей Комиссией по оценке (далее – Комиссия), которая создается акимом района.
      10. Комиссия состоит не менее, чем из трех членов, в том числе председателя.
      11. Результаты голосования определяются большинством голосов членов Комиссии. При равенстве голосов голос председателя комиссии является решающим.
      Председателем Комиссии является руководитель аппарата акима района.
      Секретарем Комиссии является сотрудник службы управления персоналом (кадровой службы). Секретарь Комиссии не принимает участие в голосовании.
      В случае, если в состав Комиссии входит непосредственный руководитель служащего, в отношении которого проводится оценка, а также служащие, указанные в подпункте 2) пункта 4 настоящей Методики, они не принимают участия в голосовании и принятии решений по данному служащему.

2. Подготовка к проведению оценки

      12. Служба управления персоналом формирует график проведения оценки по согласованию с председателем Комиссии.
      Служба управления персоналом уведомляет служащего, подлежащего оценке, а также лиц, указанных в пункте 4 настоящей Методики, о проведении оценки не позднее одного месяца до проведения оценки и направляет им оценочные листы для заполнения.
      Сноска. Пункт 12 - в редакции постановления акимата Осакаровского района Карагандинской области от 13.04.2015 № 22/02 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

3. Оценка непосредственного руководителя

      13. Непосредственный руководитель заполняет оценочный лист по форме согласно приложению 1 к настоящей Методике в течение трех рабочих дней со дня его получения от службы управления персоналом, ознакамливает служащего с заполненным оценочным листом и направляет заполненный оценочный лист в службу управления персоналом в течение двух рабочих дней.
      Ознакомление служащего с заполненным оценочным листом осуществляется в письменной или электронной форме.
      Отказ служащего от ознакомления не может служить препятствием для направления документов на заседание Комиссии. В этом случае работником службы управления персоналом и непосредственным руководителем служащего в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.

4. Круговая оценка

      14. Круговая оценка представляет собой оценки подчиненных служащего, а в случае отсутствия подчиненных – лиц, занимающих должности в структурном подразделении, в котором работает служащий (в случае их наличия).
      Перечень таких лиц (не более трех) определяется службой управления персоналом не позднее одного месяца до проведения оценки, исходя из должностных обязанностей и служебных взаимодействий служащего.
      15. Лица, указанные в пункте 14 настоящей Методики, заполняют оценочный лист по форме согласно приложению 2 к настоящей Методике.
      16. Оценочные листы, заполненные лицами, указанными в  пункте 14 настоящей Методики, направляются в службу управления персоналом в течение двух рабочих дней со дня их получения от службы управления персоналом.
      17. Служба управления персоналом осуществляет расчет средней оценки лиц, указанных в пункте 14 настоящей Методики.
      18. Оценка лицами, указанными в пункте 14 настоящей Методики, осуществляется на анонимной основе.

5. Итоговая оценка служащего

      19. Итоговая оценка служащего вычисляется службой управления персоналом не позднее пяти рабочих дней до заседания Комиссии по следующей формуле:

      a = b + c

      где a – итоговая оценка служащего;
      b – оценка непосредственного руководителя;
      c – средняя оценка лиц, указанных в пункте 14 настоящей Методики.
      20. Итоговая оценка выставляется по следующей шкале:
      менее 21 балла – "неудовлетворительно";
      от 22 до 33 баллов – "удовлетворительно";
      выше 33 баллов – "эффективно".

6. Рассмотрение результатов оценки Комиссией

      21. Служба управления персоналом обеспечивает проведение заседания Комиссии по рассмотрению результатов оценки в соответствии с графиком, указанным в пункте 12 настоящей Методики.
      Служба управления персоналом предоставляет на заседание Комиссии следующие документы:
      1) заполненный оценочный лист непосредственного руководителя;
      2) заполненный лист круговой оценки;
      3) должностная инструкция служащего;
      4) проект протокола заседания Комиссии с указанием итоговой оценки по форме согласно приложению 3 настоящей Методики.
      22. Комиссия рассматривает результаты оценки и принимает одно из следующих решений:
      1) утвердить результаты оценки;
      2) пересмотреть результаты оценки.
      В случае принятия решения о пересмотре результатов оценки Комиссия корректирует оценку с соответствующим пояснением в протоколе в следующих случаях:
      1) если эффективность деятельности служащего превышает результат оценки, при этом представляется документальное подтверждение результатов работы служащего;
      2) при допущении ошибки службой управления персоналом при расчете результата оценки служащего.
      При этом не допускается снижение оценки служащего.
      Сноска. Пункт 22 - в редакции постановления акимата Осакаровского района Карагандинской области от 13.04.2015 № 22/02 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      23. Служба управления персоналом ознакамливает служащего с результатами оценки в течение пяти рабочих дней со дня ее завершения.
      Ознакомление служащего с результатами оценки осуществляется в письменной или электронной форме.
      Отказ служащего от ознакомления не может служить препятствием для внесения результатов оценки в его послужной список. В этом случае работником службы управления персоналом в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.
      24. исключен постановлением акимата Осакаровского района Карагандинской области от 13.04.2015 № 22/02 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      25. Документы, указанные в пункте 21 настоящей Методики, а также подписанный протокол заседания Комиссии хранятся в службе управления персоналом.

7. Обжалование результатов оценки

      26. Обжалование решения Комиссии служащим в уполномоченном органе по делам государственной службы и противодействию коррупции или его территориальном департаменте осуществляется в течение десяти рабочих дней со дня вынесения решения.
      Сноска. Пункт 26 - в редакции постановления акимата Осакаровского района Карагандинской области от 13.04.2015 № 22/02 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      27. Уполномоченный орган по делам государственной службы и противодействию коррупции или его территориальный департамент в течение десяти рабочих дней со дня поступления жалобы служащего осуществляет ее рассмотрение и в случаях обнаружения нарушений рекомендует государственному органу отменить решение Комиссии.
      Сноска. Пункт 27 - в редакции постановления акимата Осакаровского района Карагандинской области от 13.04.2015 № 22/02 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      28. Информация о принятом решении представляется государственным органом в течение двух недель в уполномоченный орган по делам государственной службы и противодействию коррупции или его территориальный департамент.
      Сноска. Пункт 28 - в редакции постановления акимата Осакаровского района Карагандинской области от 13.04.2015 № 22/02 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).


Приложение 1
к методике ежегодной оценки
деятельности административных
государственных служащих корпуса "Б"
государственных органов,
финансируемых из районного бюджета

      форма

Оценочный лист непосредственного руководителя

      Ф.И.О. оцениваемого служащего: ________________________________
      Должность оцениваемого служащего: _____________________________

№ п/п

Критерий

Значение показателя

Оценка (баллы)


1.

Инициативность

от 2 до 5



2.

Качество исполнения должностных обязанностей

от 2 до 8



3.

Способность к сотрудничеству

от 2 до 5



4.

Соблюдение служебной этики

от 2 до 5



ИТОГО (сумма всех оценок):




Ознакомлен (а):
Служащий (Ф.И.О.) __________________
дата _____________
подпись ___________

Непосредственный руководитель (Ф.И.О.)
_____________________________________
дата _________________________________
подпись ______________________________


Приложение 2
к методике ежегодной оценки
деятельности административных
государственных служащих корпуса "Б"
государственных органов,
финансируемых из районного бюджета

      форма

Лист круговой оценки

      Ф.И.О. оцениваемого служащего: ________________________________
      Должность оцениваемого служащего: _____________________________

№ п/п

Критерий

Значение показателя

Оценка (баллы)

Подчиненный

1.

Умение планировать работу

от 2 до 5


2.

Умение мотивировать к работе

от 2 до 5


3.

Соблюдение служебной этики

от 2 до 5



Итого (сумма всех оценок):


Коллега

1.

Умение работать в команде

от 2 до 5


2.

Соблюдение служебной этики

от 2 до 5


3.

Качество исполнения должностных обязанностей

от 2 до 5



Итого (сумма всех оценок):



       Приложение 3
к методике ежегодной оценки
деятельности административных
государственных служащих корпуса "Б"
государственных органов,
финансируемых из районного бюджета

      форма

Протокол заседания Комиссии по оценке

      ______________________________________________________
(наименование государственного органа)

№ п/п

Ф.И.О. служащего

Оценка непосредственного руководителя

Круговая оценка

Итоговая оценка

1









       Заключение Комиссии:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_______________________________________________
      Проверено:
      Секретарь Комиссии: ____________________ Дата: ________________
                            (Ф.И.О., подпись)
      Председатель Комиссии: _________________ Дата: ________________
                            (Ф.И.О., подпись)
      Член Комиссии: ________________________ Дата: _________________
                            (Ф.И.О., подпись)