Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Осы қаулыға қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған коммуналдық мүлікті (бұдан әрі - Объект) иеліктен шығару түрлерін таңдау бойынша критерийлер анықталсын.
2.
Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3.
Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің |
Н. Ламбеков |
Осакаров ауданы әкімдігінің |
Коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау бойынша критерийлер
№ |
Критерия атауы |
Мүлікті мүліктен |
1. |
Объектіні одан әрі бақылауда мемлекеттің мүдделігінің болмауы (шарттар қойылмайды). |
сауда-саттықты аукцион нысанында өткізу |
2. |
Объектіні сату шарттарын (қызмет бейінін сақтау, кредиторлық берешекті өтеу, жалақы бойынша берешекті өтеу және басқа да шарттар) белгілеу қажеттілігі. |
сауда-саттықты коммерциялық тендер нысанында өткізу |
3. |
Сенім білдірілген басқарушының, жалдаушының (жалға алушының) кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару, мүліктік жалдау (жалға алу) шарты талаптарын орындау. |
тікелей атаулы сатылым |
4. |
Объектінің қор биржасының талаптарына сәйкестігі. |
сауда-саттықты қор биржасында өткізу |