Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Осакаров ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осакаров ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 52/02 "Коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау бойынша критерийлерді анықтау туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3493 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Осакаров ауданының әкімі | Р. Нурмуханбетов |