Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Ұлытау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген "Ұлытау ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Уткельбаев Ерлан Сериковичке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Х. Омаров |
Ұлытау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 06/01 қаулысымен бекітілген |
"Ұлытау ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Ұлытау ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесі білім саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Ұлытау ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінің актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Ұлытау ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
4. "Ұлытау ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Ұлытау ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Ұлытау ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ұлытау ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Ұлытау ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, 101500, Ұлытау ауданы, Ұлытау селосы, Бұлқышев көшесі, 17.
9. Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде - "Ұлытау ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде - государственное учреждение "Отдел образования Улытауского района".
10. Осы Ереже "Ұлытау ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Ұлытау ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
12. "Ұлытау ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Ұлытау ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Ұлытау ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда ондай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірістеріне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, фунциялары, құқықтары мен міндеттері
13. "Ұлытау ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: сапалы білім беру қызметін көрсету, білім саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.14. Міндеттері:
ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетiстiктерi негiзiнде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсiби шыңдауға бағытталған бiлiм алу үшін қажеттi жағдайлар жасау;
жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат
мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту;
азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;
жалпы оқытудың, жұмыс орны бойынша оқытудың және еңбек нарығының қажеттері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және әркімге өзінің білім мен біліктілікке негізделген жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін өмір бойы дамыту;
білім алушылардың кәсіптік ұмтылысын қамтамасыз ету;
мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алуына арнайы жағдайлар жасау.
15. Функциялары:
мектепке дейiнгi және мектеп жасындағы балалардың есебiн жүргiзу және олардың орта бiлiм алғанға дейiнгi оқуын ұйымдастыру;
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелеттік жасқа толмағандарға қамқоршылық және қорғаншылықты ұйымдастыру, оларды балалар үйлерiне немесе интернаттық ұйымдарға анықтау;
жергiлiктi бағыныстағы бiлiм беру ұйымдарында уақытылы бақылауды ұйымдастыру және оны өз кұзыретi шегiнде жүргiзу;
мектепке дейiнгi, жалпы орта бiлiм беру мәселелерi бойынша жоғары тұрған органдарға статистикалық есептер беру;
педагогикалық кадрлардың бiлiктiлiгiн көтеру, қайта даярлау қажеттілік есебiн жоспарлау және ұйымдастыру;
әдiстемелiк кабинет арқылы оқу – тәрибелеу үрдiсiн әдiстемелiк қамтамасыз ету;
бiлiм ұйымдарының қызметін талдау, олардың даму перспективаларын болжау, ведомстволық бағынысты білім ұйымдарының педагогикалық жаңашылықтарын оқу, тарату;
"Ұлытау ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесі құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша бiлiм Басқармасы, облыстық Департамент және Басқармалармен ақпараттық байланысты қамтамасыз ету;
16. Құқықтары мен мiндеттерi:
өз функцияларын орындау үшін белгiленген тәртiпте мемлекеттiк органдардан және лауазымды тұлғалардан, басқа да ұйымдардан қажеттi ақпаратты алу;
мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарды келiсiм бойынша мекеме құзыретiне қатысты мәселелердi дайындауға қатыстыруға тарту, тиiстi ұсыныстар әзiрлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құру;
бiлiм саласында ұйым қызметін ұйымдастыруды жетiлдiру туралы ұсыныстар енгiзу, мекеменiң қызметіне қатысты мәселелер бойынша ақпараттық - талдау және өзге де материалдық дайындауды жүзеге асыру;
тиістi мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғаларға мекеме қызметiнiң аясына қатысты ұсыныстар енгізу, сондай-ақ аумақтық және жергiлiктi атқарушы органдар жүргiзетiн іс-шараларға қатысу;
адам құқықтарын сақтауда мен білім мәселелері бар өзге де сұрақтарды енгізуде бiлiм ұйымдарының лауазымды тұлғаларына ұйымдастыру- әдістемелік, ақпараттық және басқа да көмек көрсету.
3. Мемлекеттiк органның қызметін ұйымдастыру
17. "Ұлытау ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ұлытау ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.18. "Ұлытау ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке аудан әкімімен тағайындалады және қызметтен босатылады.
19. "Ұлытау ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттілігі:
мекеменiң жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды және мекемеге жүктелген тапсырмалардың орындалуына дербес жауапты болады;
бiрыңғай принциптерде әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасы мен осы Ережеде белгiленген өзiнiң құзыретiне сәйкес мекеме мәселелерiн дербес шешедi;
мекеме қызметкерлерінің және бiлiм беру ұйымдарының басшыларының функционалдық мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгілейді және бекiтедi;
мекеменiң перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекiтедi;
мекеме қызметкерлерiне көтермелеу шараларын қабылдайды және тәртiптiк жаза қолданады;
өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар бередi, қызметтiк кұжаттарға қол қояды;
жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдарының, мектептен тыс орта бiлiм беру ұйымдарының басшыларын конкурстық негiзде тағайындайды және қызметтен босатады;
азаматтармен жеке қабылдау жүргiзедi, жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға дербес жауапты болады;
мекеме атынан сенiмхатсыз iс-әрекет етедi;
ұйымдарда, мекемелерде, меншiк нысанына қарамастан кәсiпорындарда мекеменiң мүддесiн білдіреді;
шарттар жасасады;
сенiмхаттар бередi;
мекеменің iссапар, тағылымдар, республикалық және шетелдік оқу орталықтарында және бiлiктiлiктi көтерудiң басқа да түрлерi бойынша мекеме қызметкерлерiн оқытудың тәртiбi мен жоспарларын бекiтедi;
Қазақстан Республикасы заңнамаларында, осы Ережеде жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
"Ұлытау ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерi қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оны алмастыратын тұлғамен жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік органның мүлкi
20. "Ұлытау ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн."Ұлытау ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесі мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметінің нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырады.
21. "Ұлытау ауданының білiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ұлытау ауданының бiлiм бөлiмі" мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.