Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 05.05.2018 № 21/182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 381 бабына және 386 бабы 3 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Автотұрақтардың (паркингтердің) санаты 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Автотұрақтардың (паркингтердің) санатына қарай автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жер үшін салықтың базалық ставкаларының мөлшері 2 қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Р. Шакиржанова |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Ә. Смағұлұлы |
|
Автотұрақтардың (паркингтердің) санаты
Р/с № | Автотұрақтардың (паркингтердің) үлгілері мен түрлері | Автотұрақтардың (паркингтердің) санаты |
1. | Ақылы негізде көлік құралдарын сақтау жөнінде қызмет көрсету үшін пайдаланылатын автотұрақтар (паркингтер) | I санат |
2. | Тегін негізде көлік құралдарын сақтау үшін пайдаланылатын автотұрақтар (паркингтер) | II санат |
3. | Кідіртілген көлікті сақтау үшін пайдаланылатын автотұрақтар (паркингтер) | III санат |
|
Автотұрақтардың (паркингтердің) санатына қарай автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жер үшін салықтың базалық ставкаларының мөлшері
Автотұрақтың (паркингтің) санаты | Тұрғын үй қоры, оның ішінде құрылыстар мен құрылғылар орналасқан жерді қоспағанда жердің базалық ставкасы 1 ш. м үшін (теңге) | Қазақстан Республикасының Салық кодексі 386-бабының 3-тармағына сәйкес автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жер үшін базалық ставкалардың ұлғайтылған мөлшері (есе) | Ұлғайтылған мөлшерді ескерумен автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жер үшін базалық ставка (теңге) | ||
Кенттер | Ауылдар | Кенттер | Ауылдар | ||
I санат | 0,96 | 0,48 | 10 | 960 | 480 |
II санат | 0,96 | 0,48 | 10 | 960 | 480 |
III санат | 0,96 | 0,48 | 10 | 960 | 480 |