Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 505 бабына және 509 бабының 3 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Автотұрақтардың (паркингтердің) санаты осы шешімнің 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Автотұрақтардың (паркингтердің) санатына қарай автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерге арналған салықтың базалық мөлшерлемелерінің мөлшері осы шешімнің 2 қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.
3. Шет аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 маусымдағы "Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жер үшін салықтың базалық ставкалары туралы" № 30/268 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 3317 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 шілдедегі № 28 (10544) "Шет Шұғыласы" газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 14 шілдесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Р. Шакиржанова |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Б. Төлеуқұлов |
Шет аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 мамырдағы ХХІ сессиясының № 21/182 шешіміне 1 қосымша |
Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары
Р/с № | Автотұрақтардың (паркингтердің) түрлері | Автотұрақтардың (паркингтердің) санаты |
1. | Жабық түрдегі автотұрақтар (паркингтер) | I санат |
2. | Ашық түрдегі автотұрақтар (паркингтер) | II санат |
Шет аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 мамырдағы ХХІ сессиясының № 21/182 шешіміне 2 қосымша |
Автотұрақтардың (паркингтердің) санатына қарай автотұрақтарға (паркингтерге) арналған жер үшін салықтың базалық мөлшерлемелерінің мөлшері
№ | Санаттары | Мөлшерлері |
1 | І санаты | 10 есе |
2 | ІІ санаты | 10 есе |