Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген "Приозерск қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. Приозерск қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 07/59 "Приозерск қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысының күші жойылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Б.Ә. Қазиеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Қ. Камзин |
| Приозерск қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 13/1 қаулысымен бекітілген |
"Приозерск қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер
1. "Приозерск қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме) ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органы болып табылады.2. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Мекеме мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Мекеме егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 101100, Қарағанды облысы, Приозерск қаласы, Пушкин көшесі, 7 үй.
9. Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде – "Приозерск қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде – государственное учреждение "Отдел внутренней политики, культуры и развития языков города Приозерск".
10. Осы Ереже Мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Мекеменің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен Мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер, Мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. Мекеменің миссиясы:1) қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіру мәселелерін шешу;
2) этносаралық және конфессияаралық келісім саласында қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру;
3) Приозерск қаласы тұрғындарының әлеуметтік оптимизмін қалыптастыру, сонымен қатар, азаматтық қоғам институттарын қолдау және дамыту;
4) ақпараттық кеңестіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
5) қала аумағындағы экологиялық, тарихи, мәдени немесе ғылыми құндылығы бар табиғи және өзге де объектілерді табиғаттың, тарих пен мәдениеттің қорғалатын ескерткіштері деп жариялау туралы ұсыныс енгізу;
6) қала тұрғындарына заман талабына сай мәдени ортаны және азаматтардың әлеуметтік оптимизмдерін қалыптастыруға ықпал ететін мәдениет саласында қолжетімді және сапалы қызмет ұсыну;
7) мемлекеттік тілді дамытуды басты назарға ала отырып, қала аумағында тұратын халықтардың тілдерін дамытуға және үштілділік приципін қолдану мен таратуға бағытталған, тілдерді дамыту жүйесін жүзеге асыру.
14. Міндеттері:
1) қоғамдық - саяси тұрақтылықты, қоғамдық үрдістерді демократияландыруды, қоғамды топтастыруды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру, азаматтық патриотизмде тәрбиелеу;
2) Қазақстанның даму Стратегиясының негізгі басымдықтарын түсіндіру және насихаттау, қаланың даму бағдарламаларына қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараттық қолдау көрсетуін ұйымдастыру;
3) елдің даму Стратегиясын іске асырудағы азаматтық қоғам институттарының қатысу шеңберін кеңейту;
4) бұқаралық ақпарат құралдарының қызметіне мониторинг жүргізу;
5) қаланың сыртқы безендіруін үйлестіру және идеологиялық қамтамасыз ету;
6) мәдениет саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
7) саз, хореографиялық, театралдық, бейнелеу және өнердің басқа да түрлерінің дамуына жағдай жасау;
8) мәдени- көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру.
15. Функциялары:
1) ішкі саясат саласында жергілікті мемлекеттік органдар жұмысын үйлестіру, ішкі саясат, этносаралық және конфессияаралық салалардағы мемлекеттік саясатты айқындайтын тұжырымдамаларды, бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
2) ішкі саяси тұрақтылықты, қоғамды топтастыруды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, қазақстандық патриотизмді насихаттау мен оған тәрбиелеу, азаматтық қоғам институттарының қатысуымен қалалық қоғамдық- саяси іс- шараларды өткізу;
3) қаладағы қоғамдық - саяси үрдістерді және олардың даму тенденцияларын жан-жақты, объективті зерттеу, жинақтау және саралау;
4) конституциялық принциптерді және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау бойынша саяси партиялар, қозғалыстар және қоғамдық бірлестіктермен жұмыс істеу;
5) мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қала аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың қолданылуына мониторинг жүргізу;
6) ел дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарына сәйкес мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;
7) жергілікті мемлекеттік органдардың ақпараттық - насихаттау жұмысын үйлестіру, аймақтық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;
8) мемлекеттік тапсырысты орындау бойынша аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын үйлестіру;
9) бірыңғай мемлекеттік ішкі саясатты іске асыру бойынша саяси партиялармен, қоғамдық және діни бірлестіктермен, кәсіби одақтармен өзара байланыс жасау;
10) қаланың сыртқы безендірілуін үйлестіру және идеологиялық қамтамасыз ету;
11) тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын қала аумағында жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу және орындалуын қамтамасыз ету;
12) мемлекеттік және басқа тілдерді дамытуға бағытталған қалалық іс- шараларды өткізу;
13) жергілікті атқарушы органдарға театрлық, музыкалық және кино өнері, кітапхана және мұражай ісі, мәдени-сауық жұмысы саласындағы мемлекеттік мәдени ұйымдарды құру туралы ұсыныс енгізу, сонымен қатар олардың қызметін қолдау мен үйлестіруді жүзеге асыру;
14) жергілікті маңыздағы тарихи, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштеріне санақ жүргізу, қорғау және пайдалану бойынша жұмысты ұйымдастыру;
15) қалалық мәдени мекемелердің қызметкерлерін аттестациялауды ұйымдастыру;
16) қаланың мәдени нысандарын салу, жөндеу және қалпына келтіру бойынша ұсыныстарды енгізу.
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан белгіленген тәртіппен өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұрауға, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін Мекеме құзыретіне жататын сұрақтарды дайындауға тарту, тиісті ұсыныстарды әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;
2) ішкі саясат саласындағы мемлекеттік органдар қызметін жетілдіру жөнінде әкімге ұсыныстар енгізуге;
3) тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға Мекеменің қызметіне қатысты тапсырмалар беру, олардың орындалуын бақылау, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдар өткізетін іс-шараларға қатысуға;
4) бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруды жүзеге асыруға;
5) ішкі саясат саласының, адам құқықтарын сақтау және Мекеменің құзыретіне жататын өзге де мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдық - әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсетуге;
6) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратты және материалды сұратуға және алуға;
7) қолданыстағы заңдарда көрсетілген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
17. Мекемеге басшылықты Мекемеге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.18. Мекеменің бірінші басшысын Приозерск қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. Мекеменің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Мекеменің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
2) заңмен белгіленген тәртіпте Мекеменің қызметкерлерін көтермелеу және тәртіптік жазаға тарту шараларын қолданады;
3) бұйрықтарға қол қояды;
4) барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда Мекеменің мүддесін қорғайды;
5) сенімхаттар береді;
6) өз құзыретінің шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарының орындалуын қаматамасыз етеді және осы үшін жеке жауапкершілікті тартады;
7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
Мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
20. Мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.Мекеменің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Мекемеге бекiтiлген мүлік коммуналдық меншiкке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мекеменің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.