"Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Қызылорда облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 853 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 19 наурызда № 4918 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 916 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық әкімдігінің 16.04.2015 № 916 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. "Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Н. Әлібаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2015 жылғы "19" ақпандағы № 853
қаулысымен бекітілген

"Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. "Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) өз құзыреті шегінде облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік реттеу және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қызылорда облысы әкімдігімен өкілеттік берілген облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.
      2. Басқарманың құрылтайшысы Қызылорда облысының әкімдігі болып табылады.
      Басқармаға қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын "Қызылорда облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның тұрған жері: Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, индексі 120003, Қызылорда қаласы, Бейбарыс сұлтан көшесі, құрылыс 1.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Басқарманың қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Басқарманың миссиясы: көлік және коммуникация саласы бойынша облыс экономикасының, қоғамның көлік қызметіне қол жетімді және сапалы қажеттілігін толық қанағаттандыру мақсатында тиімді мемлекеттік саясатты жүргізу.
      15. Міндеттері:
      1) экономиканың және халықтың автомобильмен тасымалдауға және өзге де жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге деген мұқтажын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау;
      2) жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерін, сондай-ақ, мемлекеттің ұлттық мүдделерін қорғау;
      3) облыстық автомобильмен тасымалдау нарығында отандық тасымалдаушылардың бәсекеге қабілеттілігі үшін жағдайлар жасау;
      4) автомобильмен тасымалдаудың ішкі нарығын қорғау;
      5) автомобиль көлігінің инфрақұрылымын одан әрі дамыту;
      6) бұзылған учаскелерді жөндеу жөніндегі іс-шараларды жыл бойына жүргізу, автомобиль жолдарында авариялық жағдайлар туындағанда, автомобиль жолдарында ақаулар байқалғанда автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу, сондай-ақ, автомобиль жолдарын шұғыл қалпына келтіру және жөндеу;
      7) ағымдағы, орташа және күрделі автомобиль жолдарын жөндеу, автомобиль жолдарының ақауларын жою және ахуалын жақсарту;
      8) қолданыстағы техникалық санатын өзгертпей автомобиль жолын күрделі жөндеу, автомобиль жолының көліктік-пайдалану сипаттамаларын қалпына келтіру, күтіп ұстау және жақсарту жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
      9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған өзге де міндеттерді атқару.
      16. Функциялары:
      1) тиісті аумақта жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
      2) жолдарда жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және іске асырады;
      3) облыстық және аудандық маңызы бар жолдарда, елді мекендердің көшелерінде жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, енгізу және күтіп - ұстау жөніндегі барлық жұмыс түрлерінің орындалуын және оларды бақылауды қамтамасыз етеді;
      4) облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ұйымдастырады;
      5) облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының желісін, елді мекен көшелерін басқарады;
      6) облыстың коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол кәсіпорындарын басқарады;
      7) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      8) жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру туралы шешім қабылдау жөнінде облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді;
      9) ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынасын ұйымдастыру туралы шешімдерді тасымалдаушы қабылдайтын жағдайларды қоспағанда, осындай шешім қабылдау жөнінде облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді;
      10) әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынастары (маршруттар) бойынша теміржол көлігімен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялайды;
      11) ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы қатынастарды айқындайды;
      12) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық, қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) тасымалдауды ұйымдастырады, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткізеді;
      13) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысішілік қалааралық) тасымалдаулар маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді;
      14) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық, қалааралық автомобильмен тасымалдау маршруттарын және жүру кестелерін келіседі;
      15) автовокзалдар мен автостанциялардың тізілімін жүргізеді;
      16) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысішілік қалааралық) автомобильмен тасымалдау маршруттарының тізілімін жүргізеді;
      17) жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасын және жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын әзірлеу туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлейді;
      18) жолаушыларды ауданаралық (облысішілік қалааралық) қатынастарда әлеуметтік мәні бар тасымалдауларды жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асырады;
      19) құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі шаралар қолданады;
      20) азаматтардың құқықтық тәрбиесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
      21) мемлекеттік орган қызметінің сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында оның қызметінің бағыттары бойынша ішкі бақылауды жүзеге асырады;
      22) халықаралық техникалық байқау сертификаттарын береді;
      23) жалпыға ортақ пайдаланатын тиісінше облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде жарнама объектісін орналастыруға рұқсат береді;
      24) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауды жүзеге асырады;
      25) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану тәртібі мен шарттарын бекіту туралы жобаны әзірлеп, облыс әкімдігіне бекіту үшін ұсынады;
      26) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы шешім қабылдау жөнінде жобаны әзірлеп, облыс әкімдігіне бекіту үшін ұсынады;
      27) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттарын бекіту туралы жобаны әзірлеп, облыс әкімдігіне бекіту үшін ұсынады;
      28) облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы ақылы автомобиль жолымен жүріп өту үшін ақы алу қағидаларын бекіту туралы жобаны әзірлеп, облыс әкімдігіне бекіту үшін ұсынады;
      29) облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы жобаны әзірлеп, облыс әкімдігіне бекіту үшін ұсынады;
      30) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының индекстерінің атауларын бекіту туралы жобаны әзірлеп, облыс әкімдігіне бекіту үшін ұсынады;
      31) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолға бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібін бекіту туралы жобаны әзірлеп, облыс әкімдігіне бекіту үшін ұсынады;
      32) көлік қызметі субъектілерін аттестаттауды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен жүргізеді;
      33) шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды есепке алады;
      34) шағын көлемді өздігінен жүзетін кемелерді басқару құқығына куәліктер береді;
      35) өз құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы шараларды іске асырады;
      36) жеке және заңды тұлғалардың Басқармаға жолдаған өтініштерін қарайды, олардың орындалуын бақылайды, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар береді;
      37) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастырады;
      38) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) Басқарма өзiне жүктелген мiндеттердi және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру барысында заңнамада бекiтiлген тәртiппен:
      мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;
      өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;
      қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де құқықтарды атқаруға құқылы;
      2) Басқарма:
      заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;
      қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
      қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

      18. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. Басқарманың бірінші басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде облыс әкімі мен жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына есеп береді;
      2) өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманы бiлдiредi;
      3) еңбек қатынастары мәселелерi өз құзыретiне жататын Басқарманың қызметкерлерiн заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      4) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың әзірленуін қамтамасыз етеді;
      5) еңбек қатынастары мәселелері өз құзыретіне жататын Басқарма қызметкерлеріне заңнамада белгiленген тәртiппен тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;
      6) бұйрықтарға қол қояды;
      7) Басқарма атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      8) шарттар жасасады;
      9) сенімхаттар береді;
      10) өз өкілеттіктерін ұйымдастыру және ішкі тәртіп мәселелері бойынша регламент қабылдайды;
      11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға дербес жауапты болады;
      12) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
      13) облыс әкімдігі мен әкімінің актiлерi мен тапсырмаларын орындайды;
      14) Басқарманың құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
      15) құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеудi ұйымдастырады;
      16) қызметтік этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
      17) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асырады;
      18) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді;
      19) Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
      23. Басқарманың жұмыс режимі:
      1) Басқарма дүйсенбі мен жұма аралығында аптасына 5 (бес) күн жұмыс істейді;
      2) Басқарманың жұмыс уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00-ден сағат 19.00-ге дейін. Сағат 13.00-ден сағат 15.00-ге дейін үзіліс;
      3) Басқарма сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мереке күндері жұмыс істемейді.
      24. Басқарма мен облыс әкімдігі арасындағы, Басқарма әкімшілігі мен оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

4. Басқарманың мүлкi

      25. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.
      Басқарманың мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ, өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
      26. Басқармаға бекiтiлген мүлiк облыстық коммуналдық мүлікке жатады.
      27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      28. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Басқарма таратылған жағдайда оның мүлкiн пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Об утверждении Положения государственного учреждения "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Кызылординской области"

Постановление Кызылординского областного акимата от 19 февраля 2015 года № 853. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 19 марта 2015 года № 4918. Утратило силу постановлением Кызылординского областного акимата от 16 апреля 2015 года № 946

      Сноска. Утратило силу постановлением Кызылординского областного акимата от 16.04.2015 № 946 (вводится в действие со дня подписания).
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и Законом Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" акимат Кызылординской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение государственного учреждения "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Кызылординской области".
      2. Государственному учреждению "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Кызылординской области" принять меры, вытекающие из настоящего постановления.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Кызылординской области Алибаева Н.Н.
      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.
      Аким Кызылординской области К. Кушербаев

  Утверждено
постановлением акимата Кызылординской области
от "19" февраля 2015 года № 853

ПОЛОЖЕНИЕ государственного учреждения "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Кызылординской области"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Кызылординской области" (далее – Управление) является исполнительным органом, финансируемым из областного бюджета, уполномоченным акиматом Кызылординской области на осуществление в пределах своей компетенции государственного регулирования и координации в сфере пассажирского транспорта и автомобильных дорог области.
      2. Учредителем Управления является акимат Кызылординской области.
      Права субъекта права коммунальной собственности в отношении Управления осуществляет государственное учреждение "Управление финансов Кызылординской области".
      3. Управление осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      4. Управление является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      5. Управление вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      6. Управление имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      7. Управление по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформленные приказами руководителя Управления и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.
      8. Структура и лимит штатной численности Управления утверждаются в соответствии с действующим законодательством.
      9. Место нахождения юридического лица: Республика Казахстан, Кызылординская область, индекс 120003, город Кызылорда, улица Бейбарыс султан, строение 1.
      10. Полное наименование государственного органа - государственное учреждение "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Кызылординской области".
      11. Настоящее Положение является учредительным документом Управления.
      12. Финансирование деятельности Управления осуществлется из областного бюджета.
      13. Управлению запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями Управления.
      Если Управлению законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности Управления

      14. Миссия Управления: проведение эффективной государственной политики в сфере транспорта и коммуникации в целях полного удовлетворения потребностей экономики области, общества в доступных и качественных транспортных услугах.
      15. Задачи:
      1) создание условий для обеспечения потребностей экономики и населения в автомобильных перевозках и иных работах и услугах;
      2) защита законных прав и интересов физических и юридических лиц, а также национальных интересов государства;
      3) создание условий для конкурентоспособности отечественных перевозчиков на рынке областных автомобильных перевозок;
      4) защита внутреннего рынка автомобильных перевозок;
      5) дальнейшее развитие инфраструктуры автомобильного транспорта;
      6) проведение в течение года мероприятий по ремонту разрушенных участков, текущего ремонта автомобильных дорог при возникновении аварийных ситуаций на автомобильных дорогах, при обнаружении дефектов на автомобильных дорогах, а также неотложного восстановления и ремонта автомобильных дорог;
      7) средний, капитальный и текущий ремонт автомобильных дорог, устранение дефектов и улучшение состояния автомобильных дорог;
      8) проведение работ по капитальному ремонту автомобильных дорог без изменения существующей технической категории, восстановление транспортно-эксплуатационных характеристик автомобильных дорог, по содержанию и улучшению автомобильных дорог;
      9) реализация иных задач, предусмотренных действующим законодательством Республики Казахстан.
      16. Функции:
      1) обеспечивает безопасность дорожного движения на соответствующей территории;
      2) разрабатывает и реализует мероприятия по организации дорожного движения на дорогах;
      3) обеспечивает выполнение и контроль за всеми видами работ по строительству, реконструкции, ремонту, внедрению и содержанию технических средств регулирования дорожного движения на дорогах областного и районного значения, улицах населенных пунктов;
      4) организует работы по строительству, реконструкции, ремонту и содержанию автомобильных дорог общего пользования областного значения в соответствии с законодательством Республики Казахстан о государственных закупках;
      5) управляет сетью автомобильных дорог областного значения общего пользования, улиц населенных пунктов;
      6) управляет дорогами и дорожными предприятиями, находящимися в коммунальной собственности области;
      7) осуществляет государственный контроль при производстве работ по реконструкции, ремонту и содержанию автомобильных дорог областного значения;
      8) разрабатывает проект постановления акимата области о принятии решения о предоставлении автомобильных дорог общего пользования областного значения или их участков в безвозмездное временное пользование;
      9) разрабатывает проект постановления акимата области о принятии решения об организации перевозок пассажиров в межрайонных (междугородних внутриобластных) и пригородных сообщениях, за исключением случаев, когда такое решение принимает перевозчик;
      10) субсидирует убытки перевозчиков, связанные с осуществлением пассажирских перевозок железнодорожным транспортом по социально- значимым межрайонным (междугородним внутриобластным) и пригородным сообщениям (маршрутам);
      11) определяет межрайонные (междугородные внутриобластные) и пригородные сообщения;
      12) организует регулярные междугородние, межобластные, межрайонные (междугородние внутриобластные) перевозки пассажиров и багажа, проводит конкурсы на право их обслуживания;
      13) разрабатывает проекты постановлений областного акимата о разработке схем маршрутов и расписаний движения регулярных межрайонных (междугородних внутриобластных) перевозок пассажиров и багажа;
      14) согласовывает маршруты и расписания движения по регулярным междугородним, межобластным автомобильным перевозкам пассажиров и багажа;
      15) ведет реестр автовокзалов и автостанций;
      16) ведет реестр маршрутов регулярных межрайонных (междугородних внутриобластных) автомобильных перевозок пассажиров и багажа;
      17) разрабатывает проект постановления областного акимата о разработке комплексных схем развития пассажирского транспорта и проектов организации дорожного движения;
      18) осуществляет субсидирование убытков перевозчиков при осуществлении социально - значимых перевозок пассажиров на межрайонных (междугородних внутриобластных) сообщениях;
      19) принимает меры по устранению причин и условий, способствующих совершению правонарушений;
      20) обеспечивает организацию правового воспитания граждан;
      21) осуществляет внутренний контроль по направлениям деятельности государственного органа с целью повышения качества и производительности его работы;
      22) выдает международные сертификаты технического осмотра;
      23) выдает разрешения на размещение объекта рекламы в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования соответственно областного или районного значения;
      24) осуществляет лицензирование в соответствии с законодательством Республики Казахстан о разрешениях и уведомлениях;
      25) разрабатывает и вносит на утверждение акимата области проект об утверждении порядка и условий эксплуатации платных автомобильных дорог и мостовых переходов общего пользования областного и районного значения;
      26) разрабатывает и вносит на утверждение акимата области проект о принятии решения об использовании на платной основе автомобильной дороги (дорожного участка) общего пользования областного и районного значения;
      27) разрабатывает и вносит на утверждение акимата области проект об утверждении порядка и условий классификации автомобильных дорог общего пользования областного и районного значения;
      28) разрабатывает и вносит на утверждение акимата области проект об утверждении правил взимания платы за проезд по платной автомобильной дороге общего пользования областного и районного значения;
      29) разрабатывает и вносит на утверждение акимата области проект об утверждении перечня автомобильных дорог общего пользования областного значения;
      30) разрабатывает и вносит на утверждение акимата области проект об утверждении наименований индексов автомобильных дорог общего пользования областного и районного значения;
      31) разрабатывает и вносит на утверждение акимата области проект об утверждении порядка размещения наружной (визуальной) рекламы в полосе отвода автомобильных дорог общего пользования областного и районного значения;
      32) проводит аттестацию субъектов транспортной деятельности в порядке, определенном Правительством Республики Казахстан;
      33) ведет учет курсов по подготовке судоводителей маломерных судов;
      34) выдает удостоверения на право управления самоходными маломерными судами;
      35) в пределах своей компетенции реализует мероприятия в сфере мобилизационной подготовки и мобилизации;
      36) рассматривает обращения, направленные в Управление физическими и юридическими лицами, контролирует их исполнение, в случаях и порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, предоставляет на них ответы;
      37) организовывает прием физических лиц и представителей юридических лиц;
      38) осуществляет в интересах местного государственного управления иные полномочия, возлагаемые на местные исполнительные органы законодательством Республики Казахстан.
      17. Права и обязанности:
      1) Управление для реализации возложенных на него задач и осуществления своих функций имеет право в установленном законодательством порядке:
      запрашивать и получать от государственных органов, организаций, их должностных лиц необходимую информацию и материалы;
      проводить совещания, семинары, конференции по вопросам, входящим в его компетенцию;
      осуществлять иные права, предусмотренные действующим законодательством;
      2) Управление обязано:
      принимать законные и обоснованные решения;
      обеспечивать контроль за исполнением принятых решений;
      реализовывать иные обязанности, предусмотренные действующим законодательством.

3. Организация деятельности Управления

      18. Руководство Управления осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Управление задач и осуществление им своих функций.
      19. Первый руководитель Управления назначается на должность и освобождается от должности акимом области.
      20. Первый руководитель Управления имеет заместителей, которые назначаются на должность и освобождаются от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      21. Полномочия первого руководителя Управления:
      1) в процессе реализации своих полномочий отчитывается акиму области и курирующему заместителю акима области;
      2) представляет Управление в государственных органах и иных организациях в пределах своей компетенции;
      3) в соответствии с законодательством назначает на должность и освобождает от должности работников Управления, вопросы трудовых отношений которых отнесены к его компетенции;
      4) обеспечивает разработку стратегических и программных документов;
      5) в установленном законодательством порядке налагает дисциплинарные взыскания и применяет меры поощрения к сотрудникам Управления, вопросы трудовых отношений которых отнесены к его компетенции;
      6) подписывает приказы;
      7) действует без доверенности от имени Управления;
      8) заключает договора;
      9) выдает доверенности;
      10) принимает регламент по вопросам организации своих полномочий и внутреннего распорядка;
      11) несет персональную ответственность за организацию работы по противодействию коррупции;
      12) организует, координирует и контролирует работу Управления;
      13) исполняет поручения и акты акима и акимата области;
      14) утверждает положения о структурных подразделениях Управления;
      15) организует разработку проектов нормативных правовых актов в пределах компетенции;
      16) обеспечивает соблюдение норм служебной этики;
      17) реализует политику гендерного равенства;
      18) утверждает график личного приема физических лиц и представителей юридических лиц;
      19) осуществляет иные полномочия, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.
      Исполнение полномочий первого руководителя Управления в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.
      22. Первый руководитель определяет полномочия своих заместителей в соответствии с действующим законодательством.
      23. Режим работы Управления:
      1) Управление работает с понедельника по пятницу 5 (пять) дней в неделю;
      2) время работы Управления с 09.00 часов до 19.00 часов местного времени. Перерыв с 13.00 часов до 15.00 часов;
      3) в субботу и в воскресенье, а также в установленные законодательством Республики Казахстан праздничные дни Управление не работает.
      24. Взаимоотношения между Управлением и акиматом области, администрацией Управления и его трудовым коллективом регулируются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество Управления

      25. Управление может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество Управления формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      26. Имущество, закрепленное за Управлением, относится к областному коммунальному имуществу.
      27. Управление не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

5. Реорганизация и упразднение Управления

      28. Реорганизация и упразднение Управления осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      В случае ликвидации Управления использование его имущества осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.